Виктимологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктері және оның даму тарихы
Баяндама тұрғысында.
Виктимологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктері және оның даму тарихы
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында жәбірленушінің тақырыбы заңгерлер, психологтар және, әрине, криминологтардың еңбектерінде естіле бастады.
Виктимологиялық тақырыпты ашушылардың ішінде А. Фейербах Әйгілі қылмыстардың деректі презентациясы кітабымен және Ф.Т. Джас Кісі өлтіру және оның себептері зерттеуінің авторы. Екі автор да қылмыстық мәселелермен қатар моральдық тұрғыдан жәбірленушінің психикалық ерекшеліктеріне (мінез-құлқына) назар аударады.
1941 жылы АҚШ-қа қоныс аударған неміс криминологы Ханс фон Гентингтің (1888-1974) Қылмыскер және оның құрбаны мақаласы пайда болған кезде, виктимологияның
туған күні болып саналады, ол қылмыстық істерді талдай отырып, жәбірленушілер мен қылмскер арасында байланыс бар деп тұжырымға келеді.
Виктимология ұғымын Б. Мендельсон 1947 жылы Бухаресттегі психиатрлар конференциясында өзінің баяндамасында ғылыми айналымға енгізді. Оның еңбектерінде Құрбан ұғымы қарастырылады, құрбандардың бес тобын бөліп көрсеткен - мүлдем кінәсіз құрбан; жеңіл кінәсі бар құрбан; жәбірленуші-бірдей қол сұғушымен кінәлі; жәбірленуші қол сұғушыға қарағанда кінәлі; тек кінәлі құрбан).
Батыс елдеріндегі виктимологиялық зерттеулерде Р. Гассер, Х. Нагель, А. Фаттах және т. б. еңбектері маңызды орын алады.
КСРО-да виктимологияның тәуелсіз ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы 60-шы жылдары басталды. 1966 жылы Тәжікстанда жұмыс істеген доцент Л.В. Франк Жәбірленушінің жеке басы мен мінез-құлқын зерттеу туралы проблемалық мақала жариялады.
Франктың виктимологияға сіңірген еңбегі зор екенін атап өткен жөн. Ол бірінші болып жәбірленуші мәселесіне назар аударып, Виктимологияны тәуелсіз ғылыми пән ретінде қалыптастыру идеясын алға тартты.
Л. В. Франкпен қатар, кейінгі жылдары және қазіргі уақытта Виктимологиялық мәселелерді ғылыми әзірлеумен Д. В. Ривман, В. В. Вандышев, В. Я. Рыбальская және т. б. айналысады.
1. Виктимологияның түсінігі. Атам заманнан ғылым пайда болғаннан
бастап онда екі түрлі процесс жүріп жатыр.
Бірі - диференцияция(бөліну) және интеграция (бірігу). Әуелгіде мифологиядан соң текфилософия ғана ғылым болып қалыптасты. Ол әрі дами келе диференцияцияға ұшырады, яғни екі негізі бағытқа (жаратылыстану және қоғамтану) ажырады. Жаратылыстану - астрономия, физика, химия, биология, ботаника т.б. деп бөлінсе, қоғамтану - тарих, социология, құқық, филология т.б. деп бөлшектенді. Тіпті олардың әрқайсысынан да жаңа ғылым салалары бөлініп шықты. Мысалға, құқықтың өзі де конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік т.б. деп бөлінсе, азаматтық құқықтың өзінен де кәсіпкерлік, міндеттемелік т.б. деп, экологиялық - жер, су, атмосфералық құқық деп бөлшектеніп кетті.
Бұл дифиренцияция құбылысы бөліну қызық болғандығы үшін жүрмейді, оның зерттеу пәні мен зерттеу әдісі ажырай бастағанда, неғұрлым нақтылана бастағанда және оған идеялардың, білімдердің, көзқарастардың қоржыны жеткілікті болғанда жүзеге асады. Дәл сол сияқты ғылымда интеграция процесі де жүріп жатады, оның қажеттілігі жалғыз ғылым біржақты кететіндіктен өзі толық шешуге қабілетті болмағандықтан өзге ғылымдармен біріге отырып шешу керек болғанда туындайды. Мысалға, жаратылыстанудан - физикалық химия, биологиялық химия, гендік инженерия, кибернетика т.б.; құқыққа қатысы бар ғылымдардан - құқықтық психология, құқықтық статистика, құқық социологиясы т.б. ғылымдар осындай бірігуден туындаған ғылым салалары. Осындай гәпті криминология ғылымы бойынша да айтуға болады. Криминология ғылымдардың интеграциясы нәтижесінде дүниеге келді, ол құқық, социология, психология, биология, статистика, асторномия т.б. ғылым салаларының тоғысуынан туындады. Бірақ, дүниеге жаңа ғана келіп, буыны бекімей жатып, өзінің құрсауынан жаңа бір ғылым саласын қанаттандырмақшы (диференцияция). Ол - виктимология. Виктимология латынша vіctіma (құрбан) және грекше - logos (ілім) деген екі сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге келеді. Бірақ осы ілімнің табиғаты туралы ғылымда пікіралуандығы да жоқ емес. Бұл туралы үш түрлі көзқарас бар:
1) Виктимологияны криминологияның саласы деп есептейтіндер;
2) Виктимологияны криминологиямен қатар өмір сүретін салааралық ғылым деп санайтындар;
3) Виктимологияны жалпы барлық құбылыстардың құрбандары туралы ғылым деп санайтындар.
Осы көзқарастардың қай қайсысы болса да заңды және өмір сүруге құқығы бар. Мысалға, оны криминологияның ғана саласы деп есептейтін алғашқы пікірдің қалыптасуы виктимологияның дәл қазір тек қана криминологияның құрылымында (және өзге ешқандай да ғылымға қатысы жоқ) тұруымен түсінідіріледі. Әлбетте, тақыр жерден ғылым пайда болмайды, ол өзге ілімнің қоластынан белгілі бір қажеттіліктер туындағанда бүр жарып шығады. Сол сияқты виктимология саласының пайда болуы да қылмыстылықтың себебін анықтау мен оның алдын алу үшін тек қылмыскерлерді емес, оның құрбандарын, яғни жәбірленушілерді де зерттеу қажеттілігінен туындаған. Оның негізін қалаушы неміс ғалымы Ганс фон Хенттинг (1948 жылы `Қылмыскер және оның құрбандары' деген еңбек жариялаған). Осыған қарағанда виктимология ілімінің мамандары криминолог ғалымдардың ішінен шығатындығы да заңды да. Бірақ бұл уақытша құбылыс, ғылым бір орында тұрмай оның жинақтаған көзқарастары мен идеялары қордаланып тек қана қылмыс құрбандарымен ғана шектелмей өзге де құбылыстардың құрбандары туралы да жүйелі білім жинақталып, күндердің бір күнінде виктимологияның криминологиядан бөлініп шығу қажеттігі де туындайды. Осы кезде жоғарыда айтқан үшінші көзқарас та екінші көзқарас та жүзеге асады. Бірақ осыған бола дәл қазір осы үш пікірді текетірестіріп, қызылкеңірдек болудың қажеті жоқ. Ғылым аспаннан түспейді, алдымен оның алғышарты пайда болады, содан соң ол әлі нақты кесіп айтар ережесі жоқ болжал күйіндегі теорияға айналады, содан соң ілімге, содан соң нақты бұлтартпас ережелері бар ғылым саласына айналады. Виктимология да осы жолдан заңды түрде жүріп келе жатыр. Түптің түбінде, өз алдына бөлек ғылым болатыны аян. Сол кездерде виктимология кем дегенде мынандай салалардан тұруы әбден ықтимал:
:: криминалдық виктимология немесе криминологиядағы виктимология (қылмыс құрбандарын зерттейтін сала);
:: травмалдық виктимология - криминалдық емес травмотизмді зерттейтін сала;
:: психиатриялық виктимология - психикалық ауытқығандарды олардың өздері қосқан үлесті ескере отырып, зерттейтін сала;
:: катастрофалардың, экологиялық және табиғи апаттардың виктимологиясы;
:: техникалық қауіпсіздік виктимологиясы (еңбек қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін т.б. бұзумен байланысты виктимдік мінез-құлықты зерттейтін сала);
:: саяси жүйе виктимологиясы. Саяси жүйе құрбандарын зерттейді.
:: құрбандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламалары мен шаралары, виктимологиялық профилактиканың жүйесін ұйымдастыру.
1. Виктимологияның пәні. Кеңес одағында жүргізілген кейбір зерттеулерге орай қылмыс оқиғаларының 29%-нде жәбірленуші қылмыстық әрекетке өзі ықпал еткен. Неміс ғалымдарының жүргізген зерттеулері бойынша кісі өлтіру оқиғалары бойынша қылмыскер мен жәбірленушінің арасында субъектілік-объектілік қатынастар 80%-нде, ал денсаулыққа зиян келтіру мен зорлау қылмыстары бойынша 70%-нде тән болған. Ал қарақшылық жасау әрекеттері бойынша мұншалықты жоғары көрсеткіш тән емес, әдетте олардың жәбірленушісі бейтаныс адамдар болады. АҚШ-тың зорлықшыл қылмыстардың себептері мен олардың алдын алу жөніндегі Ұлттық комиссияның мәлімдеуінше тек әйел жынысты адамды зорлау қылмыстарының 4%-нде ғана жәбірленуші өзі қылмысқа үлес қосқан. Вайстың айтуы бойынша және осы нәтиженің неміс полиция органдарында бірнеше мәрте расталғанындай зорлау қылмысы бойынша 35-56%-нде қылмыскер мен жәбірленуші қандай да бір қатынаста болған. Және неғұрлым қылмыскер мен жәбірленушінің таныстық дәрежесі көтерілген сайын қылмыс туралы жәбірленушінің полицияға хабарлауға деген дайындық дәрежесі төмендейді. Осы нәтижелерді кейде криминология, соның ішінде виктимологиялық профилактика ғана емес, криминалистика да қолдана алады. Мысалға, кісі өлтірушіні бірінші кезекте таныстардан іздесе, тонау мен қарақшылық жасаушыны кездейсоқ адамдардың қатарынан да іздестіре алады. Криминологияның саласы ретіндегі виктимология төмендегідей құбылыстарды зерттейді:
:: қылмыс құрбандарының моральдық-психологиялық және әлеуметтік сипаттамалары (қандай қасиеттеріне қарай адам жәбірленушіге айналды?)
:: қылмыскер мен жәбірленушіні байланыстыратын қатынас (бұл қатынастар қылмыстың жағдайын туғызуға қаншалықты әсер етті?)
:: қылмыстың алдындағы және қылмыс үстіндегі ситуация ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz