Баға түрлері, жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Баға түрлері, жіктелуі.
2.Баға жүйесі, негізгі белгілер
3.Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты

Жоспар:
1.Баға түрлері, жіктелуі.
2.Баға жүйесі, негізгі белгілер
3.Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты

Баға түрлері және олардың жіктелуі
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар - бұл меншік формаға тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы - бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда - бұл кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының ерекше түрі - трансфертты бағалар - кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер арасында қолданылатын баға деңгейі.
Өнеркәсіптің көтерме бағасы деп тұтынушы кәсіпорындар, ұйымдар жабдықтау - сату (көтерме сауда) ұйымдарынан тауарды сатып алатын бағаларды айтамыз. Бұл кәсіпорынның көтерме бағасының құрамына, сондай-ақ, жабдықтау-сату ұйымының шығындары, пайдасы және ол төлейтін салықтар қосылады. Бұл бағалар өткізу өрісімен тығыз байланыста болады. Өнеркәсіптің көтерме бағасының ерекше түрі ретінде биржалық келісімдер немесе тауар бағасын көрсетуге болады. Ол биржадағы котировкаларға, жеткізу ара-қашықтығына, шегерім мен қосылымдарға, тауар сапасына, санына қарай қалыптасады.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары - үш түрі бар:
1. сметалық (құрылыс салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар; 2. прейскурантты баға - типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін орташа шығындар деңгейі;
3. келісімдік баға - тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.
А.3. Сатып алу бағалары - ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады. Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек. Мемлекет тарапынан осы мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген несиелер, материалдық-техникалық көмек және т.с.с.).
А.4.Бөлшек сауда бағалары - соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары қосылады.
Б.Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
Б.1.Транспорттық тарифтер - жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ұйымның шығындары, пайдасы және ҚҚС кіреді. Шығындар екі бөліктен тұрады: бастапқы-соңғы операциялар үшін және қозғалыс үшін.
Б.2.Коммуналды тарифтер - отын, жылу, су, канализация, газ, электрэнергиясы, көмір.
Б.3.Тұрмысты тарифтер - шаштараз, кір жуу, жөндеу және с.с.
В.Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Г.Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.
Д.1.Еркін бағалар сұраныс және ұсыныс ықпалының негізінде қалыптасады.
Д.2.Реттелетін бағалар - олар да сұраныс пен ұсынысқа негізделеді, бірақ мемлекеттік органдардың ықпалына да тәуелді болады (экономикалық (несие, кеден, салық, қаржы, бюджет саясаты арқылы) және әкімшілік (рентабельділікті шектеу, бағаны өзгертудің шекті коэффициенттері, шекті бағалар мен тарифтер енгізу) реттеу.
Д.3.Тіркелген бағалар - мемлекет тікелей орнататын бағалар (прейскурантты, мұздатылған, монопольды бағаларды тіркеу).
Е.Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
Е.1.Жаңа тауарға қаймақты алу бағасы, нарыққа ену бағасы, психологиялық баға, лидердің артынан еру бағасы, өндіріс шығындарын өтеу бағасы, беделді баға қолданылады
Е.2.Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы - ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.
Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы - тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы - тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко - қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.
2. Барлық баға түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болып, біріңғай жүйені құрайды. Бұл жүйе үнемі қозғалыста болып, әртүрлі факторларға тәуелді болады. Бағалар жүйесінің әсіресе маңызды бөліктері ретінде көтерме бағалар, сатып алу бағалары, бөлшек сауда бағалары және транспорт тарифтерін атауға болады. Бұл негізгі бөліктер өз кезегінде бірнеше ішкі бөліктерге бөлінеді.
Бағалар жүйесіндегі байланыстар сұйықтықтар бар кеңдіктердің қосылуы қағидасына сүйенеді, яғни бір баға түрлерінің өзгерісі өз кезегінде басқа бағалар түрлеріне, бөліктеріне тізбек бойынша әсер етеді.
Баға жүйесінде әсіресе маңызды орынды өнеркәсіптің негізгі салаларының бағалары алады (отын-энергетикалық сала, металлургия, ауылшаруашылықтағы сатып алу бағалары).
Бағалар тек тура әсер етпей, сондай-ақ кері әсер де алады, мысалы, отын саласының өнімі бағасының өсуі, берілген салаға қажет техниканың, материалдардың қымбаттануына әкелуі мүмкін.
Жоспарлы экономикада берілген салалардың бағаларына мемлекеттік реттеу толығымен қолданылатын (дотациялар, субвенциялар, шектеулер), қазір жағдай басқаша.
Біріңғай жүйеге кіретін бағалардың өзара байланыстылығы, тәуелділігі келесі жағдайлармен айқындалады:
1.Барлық бағалар біріңғай әдістемелік негізде құрылады, яғни құн, сұраныс, ұсыныс заңдарына негізделіп.
2.Барлық кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар өзара байланысқан, өйткені олардың бәрі де жалпы шаруашылық кешенді құрайды. Байланыс түрлері: өндірістік, экономикалық, технологиялық және т.б.
Дегенмен, бағалардың өзара байланыстылығы жеке баға түрлерінің және топтарының дербес, өздігінен өзгеруін, қозғалысын жоқ қылмайды, тіпті оған негіз бола алады.
Бағалар жүйесі олар қызмет ететін экономикалық ортамен өте тығыз байланыста болады.
Бағалар жүйесі бағалар деңгейі, бағалар құрылымы, бағалар динамикасы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Баға жасау үшін алдын-ала зерттеу және талдау қызметін жасау үшін ақпарат жинау қажет. Бұл ақпаратқа тауар және нарық туралы, бәсеке және үкімет саясаты жөнінде, өндіріс және шығындар туралы, тауар сату көлемдері мен пайда деңгейі жөнінде ақпарат жатады.
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.

Нарықтық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс.
Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек жєне ол кєсіпорынның шығындарын жауып, пайда єкелуге тиiстi.
Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны тuмендету арқылы кuптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде кuптеп кездеседi.
Баға - өндiрушiлер мен сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының бағаланған өлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.
Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.
Екiншiден, баға тұтынушылар мен емес, өндiрушiлер мен немесе тауар сатушылардың ұсынуы жєне бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді жєне ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.
Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.
Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын жєне тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар өз салаларында өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол төменгі баға белгілей алады да, соның нәтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.
Шығындардың екі түрі болады - тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар.
Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты.

өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы валдық шығындарды құрайды.
Баға белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда баға белгілеу проблемасымен бөлімше басқарушылары және тауар ассортиментінің басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда да жоғарғы басшылар баға саясатының жалпы бағытын және мақсатын анықтаумен қатар, көпшілік жағдайда төменгі эшелон басшыларының ұсынған бағаларын бекітеді. Баға факторы шешуші роль атқаратын салаларда (темір өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі, мұнай компаниялары т.б.) фирмалар көбіне баға қалыптастырушы бөлімдерді құрады жєне олар тиімді бағаларды белгілейді, немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша көмек көрсетеді
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және єрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.
Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кuретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.
Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.
Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, "Қарағанды-Жылу") не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі "Дюпон"). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға "Әділ нормалы табыс" келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу.
Беделді тауарлар үшін сұранымның қисығы басқаша болады. Тұтынушылар тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, сапасы да соғұрлым жоғары болады деп есептейді. Бірақ бағаны шектен тыс жоғары бағаласа сұраным күрт төмендейді.
Сұраныс ұсыныстан артық. Мысалы, өндiрiстiк тауарлардың шетелдiк түрлерiне сұраныстың өсуi, оларға нарықтық бағаның күрт өсуiн тудырады.
Еңбек ақының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiнен немесе тауар мен қызметтi өндiруден артық болса.
Сатушының талабы әсер еткен жоғары баға. Кейбiр өнiмдердi оның тұтыну сапасына сәйкес келмейтiн өте жоғары бағамен ұсынады, және бұл жағдай өте жиi кездеседi.
Баға жақын арады көтерiледi деген немесе осыған ұқсас ақпараттарды тарату әбігерлік сұранысқа әкеледi.
Бағаның төмендеуiне әсер ететiн факторлар:
ұсыныс сұраныстан артық.
Еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы мен тауарларды өндiрудi ұлғайту табыс деңгейiн тұрақтандырады.
Сатушының не болса да сатам деген өте айқын құлшынысы. Сiздiң тұрақты мекен жайыңызды өзгертуiңiзге байланысты өз үйiңiзден тез арылғыңыз келетiн жағдайыңызды білетiн сатып алушы бағаны төмендетуге тырысады. Баға төмендейді деген қауіп төнсе, сатып алушылар ұсынылған тауардан бас тартады.

Коммерциялық көрсету саласының ерекшеліктері: жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне қарай, мұнда баға құрылуының, оны анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Коммерциялық маркетинг саласында баға сұранымы икемді келеді. Өйткені, мұнда баға көбінесе сапа көрсеткіші ретінде алынады.
Коммерциялық маркетинг саласының бағасын реттеу үш факторға бөлінеді:
Мемлекет реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;
Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;
Таза нарық механизмі қалыптастыратын қызмет көрсету бағасы.

Бірінші топқа қызмет көрсетудің мына түрлерін жатқызуға болады: байланыс, транспорт, денсаулық сақтау және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.
Екінші топқа, қызмет көрсетудің баға тарифін әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа қатысушылар келісімімен реттелетіндер тобы жатады: авиа тасымалдау, нотариус қызметі, адвокат.
Ал, үшінші топқа баға тарифі толықтай нарық жағдайымен анықталатын қызметтер жатады: тұрмыстық қызмет көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық қызмет көрсету.
Коммерциялық маркетинг саласында бағаның қалыптасу процесі, баға құрылуының тәсілімен стратегиясына фирманың жұмыс істейтін нарық құрылымы елеулі әсер етеді.
Нарық бәсекелесі жағдайында коммерциялық маркетинг саласының, туристік агент, емханадағы тіс дәрігерлері. Кәсіпорындардың бұл тобындағы жұмыс істейтіндердің іс-әрекеттерінің баға деңгейі белгіленіп беріледі, бірақ бұлардың қызмет бағасы нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты тез өзгеруі мүмкін.
Коммерциялық маркетинг саласының нақты жағдайда сол қызмет көрсетуді бір адамнан екінші адамға қайталап сату болмайды. Бірақ, баға құрылу процесінде баға дискриминациясы болуы мүмкін (әр түрлілік). Бұл процесс әр түрлі нарық сегменті түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда тұтынушылардың бір тобына арзан немесе қымбат бағамен қызмет көрсетіледі: коммуналдық қызмет көрсету, транспорт, адвокат қызметі - Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер жеңілдік бағаны пайдаланады немесе оларға тегін қызмет көрсетіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мұстафина Ә.Қ. Баға белгілеу: 050506 Экономика,Менеджмент, Есеп және аудит,Қаржы,Маркетинг мамандықтарының студ. арналған тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау Мұстафина Ә.Қ. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2008.
2.Сагинова Б.К. Баға және баға белгілеу: оқулық Б.К. Сагинова. - Алматы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға нарық категориясы ретінде
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны
Өндірістік шығын есебінің әдістері
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Баға, баға жасау туралы
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Дайын өнім
Бағалы қағаздар классификациясы
Пәндер