Микроконтроллерлердің жекеленген топтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Микроконтроллер.
Микроконтроллерлердің жекеленген топтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Транзистордың пайда болуы ЭЕМ жылдамдығын секундына он және жүз мың операцияларды орындайтын халге жеткізді. ЭЕМ элементтерінің құрамына транзистор, диодтар, резисторлар, конденсаторлар қосылды. Мұндай ЭЕМ-дер екiншi ұрпақтың машиналарына жатты.
Құрамына электрондық элементтердiң үлкен санын қосатын интегралды микросұлбалар қолданысқа ене бастауы ЭЕМ-нің үшiншi және одан ары қарайғы түрлері жылдамдықтарын тағы бірнеше есе көбейтті және адамның оны басқаруына, жеңіл пайдалануына жол ашты.
Бұйымдарда микроконтроллерлерді қолдану тек қана техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң (құн, сенiмдiлiк, тұтынылатын қуат, габариттi өлшемдер) жоғарылатуға алып келмейді, сонымен қатар бұйымдарды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкiндiк бередi және оларды сыртқы ортаның кез келген жағдайына бейімділігін, адапттивтiлігін жақсартады. Микроконтроллерді басқару жүйелерiнде қолдану аз шығындап, биiк тиiмдiлiк көрсеткiштерiне жетуді қамтамасыз етедi.
Микроконтроллерлер құрамында түрлi объекттер және процесстердiң тиiмдi автоматтандыру құралдары болады. Микроконтроллерді бiр микросхемада орналасқан компьютер ретiнде санауға болады. Бұдан оның негiзгi тартымды сапалары: аз габариттер, жоғарғы өнiмдiлiк, сенiмдiлiк және қабiлеттiлiгi тiптен әр түрлi есептердiң орындауы шешіледі.
Микроконтроллер орталық процессордан (ОП ) тыс жады және көп құрылымды енгізушығару функцияларын өз құрамына енгізеді. Олар: аналогтық-цифрлық түрлендiргiштер, мәлiметтiң бiртiндеп және параллель берiлу каналдары, нақты уақыттың таймерлерi, ендiк - импульсты модуляторлар (ЕИМ ), программалалатын импульстердiң генераторы және тағы басқалар.
Микроконтроллердің негiзгi тағайындалуы - оны автоматты басқару жүйелерiнде, тiптен әр түрлi құрылымдарда қолданылуы болып табылады.

МИКРОКОНТРОЛЛЕР.
Бір сұлбалы компьютер - микроконтроллерлер деп аталады. Микроконтроллерлер электронды құрылғыларды басқару үшін қолданылады. Микроконтроллерлер түрлi объекттер және процесстердiң тиiмдi автоматтандыру құралдары болып табылады. Микропроцессорлардан айырмашылығы, дербес компьютерлерде қолданылатын микроконтроллерде қосымша құрылғылар орнатылған. Бұл құрылғылар өз міндеттерін микропроцессорлы микроконтроллерлер ядросы арқылы басқарып отырады.
1.1. Микроконтроллерлердің MCS-51, MCS-52, MCS-251 топтары
Алғашқы микроконтроллерлер (8048-шi топтама ) 1976 жылы батыс нарығында пайда болып, бiрден өңдеушiлер және тұтынушылардың назарын жаулап алды.
Дегенмен де iс жүзiнде бұл микроконтроллердің кемшiлiктерi бiрден атап өтiлдi. Өндірушілер ТЕСҚ (тұрақты есте сақтайтын құрал) көлемiнiң тапшылығын үнемi байқады. ЖЕСҚ (жедел есте сақтайтын құрал) көлемі де аз болды, 64 байттың жартысынан көбін жүйелік регистрлер алып тұрды. Көп командалардың тапшылығы сезілді.
Осыған байланысты Intel өңдеушi фирмасының алдында ауыр міндет тұрды - ол бойынша микро-ЭЕМ қасиеттерін оның корпусының шығыс санын үлкейтпей және 256 командалық шектен шықпай толықтыру болды. Бұл фирма осыдан кейін 8051 сериялы өнімін шығарды. Олардың жаңа шығарыламы - 8051 өнiмдiлiгі бойынша 8048 сериясынан асып түстi. Ол екi есе көп ЖЕСҚ-на ие болды, төрт енгізушығару портын, екi есе көп жалпы тағайындаудың регистрлерiн, екi есептеуiш-таймер және екi үзу сызығын құрамына біріктірді.
Бұл микро-ЭЕМ-дің пайда болуы 8048-шi топтардың пайдаланылуын артқа шегiндiрді. Олардың шығарылымы және кең қолданылуы бұрын игерiліп келген аппаратураларды, өндірістен және қолданыстан біртіндеп шығара бастады. 1990-шы жылдары микро-ЭЕМ-нің 8051 сериялары қолжетімді және отандық қолданушыларына болды.
Өңдеушiлер 8051 микро-ЭЕМ жасалған соң да тоқтамады, олар оны жетiлдiруiнiң варианттарын iздестiруді бастады. Бұл үшін оларға микро-ЭЕМ-нің функционалдық мүмкiндiктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оның өнiмдiлiгiн жоғарылату және оны 8051 топтарымен бағдарламалы сәйкестендіру керек болды. Өйткені барлық бағдарламалар 8051 сериялы микроконтроллер үшiн жазылған және оның аппаратты қолдануының барлық варианттарын қандай да болсын толықтырусыз жаңа микроконтроллерде орындалуы керек болды.
1995 жылдың басында Intel фирмасы микроконтроллердің жаңа MCS-251 топтарын жарыққа шығарды. Оның пайда болуы бүкiләлемдiк микроконтроллерлердiң MCS-51 топтарының архитектурасындағы сапалық өзгерісті белгiледi.
Бұл микроконтроллерлерді программалау ассамблер немесе Си тілінде жүргізіледі. Программаны қайта құру үшін программалы симуляторлар (дербес компьютерлерге арналған арнайы программалар, ішкі жүйе) және эмуляторды (микроконтроллерлерге ұқсас электронды құрылғы) қолданады.
Микроконтроллерлер программасына енгізілген түрлі электронды құрылғылар әр-түрлі әрекеттерді басқару үшін пайдаланылады. Микроконтроллердің микропроцессорлардан айырмашылығы, дербес компьютерлерде қолданылатын оларда қосымша құрылғылар орнатылған. Бұл құрылғылар өз міндеттерін микропроцессорлы микроконтроллерлер ядросы арқылы басқарып отырады.
Өндірушілердің бағалауы бойынша, микроконтроллерлердiң MCS-251 топтарының MCS-51 мен салыстырғанда өнiмдiлiктері және кейбір қасиеттері байытылған. Микроконтроллерлердiң адрестi кеңiстiгi 16 Мбайтқа дейiн кеңейтілген, сонымен бiрге iшкi регистрлердiң жиыны да ұлғайған. Командалар жүйесiне жаңа нұсқаулардың үлкен саны қосылған.
Артықшылығы:
бұйымдардың үлкен номенклатурасы;
микроконтроллерлердi өңдеушiлердiң үлкен тәжiрибесi;
аспапты құралдардың үлкен саны.
Кемшілігі:
Аккумулятор базасындағы арифметика - логикалық құрылымның баяулығы;
нұсқаудағы такттердiң үлкен саны;
бос командалық циклдердiң болуы;
көп энергия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МИКРОКОНТРОЛЛЕР. Бір сұлбалы компьютер - микроконтроллерлер деп аталады
Микропроцессорлық жүйенің желілері
Микроконтроллер – бұл әртүрлі электрондық құралдарды басқаруға арналған арнайы микросхема
Кодпен қатынау құлыбының микрочипін өңдеу
Микроконтроллер құрылғысына арналған программалық қамтамасыз етуді әзірлеу
RISC архитектуралы микроконтроллерлер
AVR контроллері үшін бағдарламалау құралдары
Cisc архитектуралы микроконтроллерлер
CISC архитектуралы микроконтроллерлер жайлы
AVR тегінденгі микроконтроллерларды пайдалану ерекшеліктері
Пәндер