Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Қорқыт есімі де, XIII ғасыр бойы халықтың мұңы мен зарын, қуанышы мен қайғысын, үміті мен арманын баяндап, үні мен сарынын сақтап келген қобыз да, оның әуені де киелі. Сондықтан, Қорқыт десек қобызды, қобыз десек Қорқытты көз алдымызға елестетеміз. Бұл екі есім мен ұғымды бөліп алуға болмайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың дені «Қорқыт ата кітабында» сақталған. Түркі халықтарына ортақ «Қорқыт ата кітабы» көне оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірін баяндайды. Оғыз, қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Көшпелі өмір салттағы бабаларымыздың табынары Тәңірі, сыйынары аруақ, тілдесері табиғат болса, осылардың бәрімен байланысып, дәнекер болатын тұлға бақсы еді. Білектің күшімен енген мұсылмандылыққа ең ұзақ қарсыласқан сол даланың өмір салтына айналып кеткен Тәңірлік наным.сенім еді. Оның бас тұлғасы бақсы мен құдіретті қара қобызы болатын.
Түркі тілдес халықтарда қобыз Қорқыт Ата есімімен тікелей байланысты екендігі көпшілікке мәлім. Қазақтың философиясы тарихында Қорқыт Ата .ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл.ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ.гуманист ретінде көрінеді.
Аңыз.әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Ғалым. филолог Е. Тұрсыновтың пікірі бойынша, Қорқыт баба тұлғасы аңыздарда қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады.
Белгілі болған ғылыми деректерге сүйенер болсақ, Қорқыт сегіз қырлы бір сырлы, қасиетті тұлға, бақсы, көріпкел, әулие, асқан күйші, емші, жырау, тайпа кеңесшісі, қиындықтарға қарсы тұра білген адам. Бақсылық кез. келген адамға қона бермейтін қасиет. Ол жоғарыдағы «иелер» немесе перілердің таңдаған адамы болады деген ұғым бар.
Әлемдік діндерге дейін Евразияға тараған түркі халықтарының ортақ діні Тәңірлік дін болды. Ислам діні Қорқыттың бар болмысына жат еді. Ол көшпелілер қоғамының өмір салтына айналған Тәңірлік дінінің аса көрнекті өкілі болатын.

Қорқыт есімі де, XIII ғасыр бойы халықтың мұңы мен зарын, қуанышы мен қайғысын, үміті мен арманын баяндап, үні мен сарынын сақтап келген қобыз да, оның әуені де киелі. Сондықтан, Қорқыт десек қобызды, қобыз десек Қорқытты көз алдымызға елестетеміз. Бұл екі есім мен ұғымды бөліп алуға болмайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың дені Қорқыт ата кітабында сақталған. Түркі халықтарына ортақ Қорқыт ата кітабы көне оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірін баяндайды. Оғыз, қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Көшпелі өмір салттағы бабаларымыздың табынары Тәңірі, сыйынары аруақ, тілдесері табиғат болса, осылардың бәрімен байланысып, дәнекер болатын тұлға бақсы еді. Білектің күшімен енген мұсылмандылыққа ең ұзақ қарсыласқан сол даланың өмір салтына айналып кеткен Тәңірлік наным-сенім еді. Оның бас тұлғасы бақсы мен құдіретті қара қобызы болатын.
Түркі тілдес халықтарда қобыз Қорқыт Ата есімімен тікелей байланысты екендігі көпшілікке мәлім. Қазақтың философиясы тарихында Қорқыт Ата - ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді.
Аңыз-әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Ғалым- филолог Е. Тұрсыновтың пікірі бойынша, Қорқыт баба тұлғасы аңыздарда қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады.
Белгілі болған ғылыми деректерге сүйенер болсақ, Қорқыт сегіз қырлы бір сырлы, қасиетті тұлға, бақсы, көріпкел, әулие, асқан күйші, емші, жырау, тайпа кеңесшісі, қиындықтарға қарсы тұра білген адам. Бақсылық кез- келген адамға қона бермейтін қасиет. Ол жоғарыдағы иелер немесе перілердің таңдаған адамы болады деген ұғым бар.

Ш. Уәлихановтың сөзімен айтқанда: - Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы. Яғни Тәңірлік діннің ең басты идеологы. Сөз жоқ , қылыштың жүзі, найзаның ұшымен орныға бастаған ислам дінінің көшпелілер ортасындағы ең басты қарсыласы сол ортадағы дәстүр Тәңірлік дүние таным, Тәңірлік наным-сенім еді. Ал, Тәңірлік дүние танымның көрнекті тұлғасы Қорқыт болатын.
Әр заманда әлеуметтік құбылыстардың да басы-қасында тарихи тұлға болғаны рас. Түрік халықтарының өткен - кеткен тарихында Қорқыттың мәні өзгеше орын алады. Халық аңызы бойынша өлімнен қашқан Қорқыт қайда барса да Қорқыттың көрін қазып жатқандарға жолығады. Ол ең ақырында дүниеде өзгермейтін ешнәрсе жоқ, сынбас темір жоқ, өтпес өмір жоқ деп, мәңгілік өмірлі халықтың ән-күйінен іздейді-деп пайымдайды академик А.Жұбанов.
Фольклор үлгілерінде адам өлсе де әуен, өнер өлмейді деген мағна бар. Ол музыка күшімен қасиетті қобыз үнімен өлімге қарсы тұрған абыздың тірлігі арқылы көрініс табады. Абыздың өміріне қатысты деректерде, Қорқыт әпсаналар қазақ жерінде өте көп кездеседі. Бір ғана мысал, Ұлытау өңірінде Тарғыл тана деп аталатын тау бар екен. Бұл Қорқыт әңгімелерде кездесетін, ол қуатын тарғыл танаға байланысты қойылған дейді. Абыздың Тарғыл тана атты күйі де бар. Ал оның ойлап тапқан қобызы өзінің шығу тегі жағынан анағұрлым ескі, көне, байырғы халықтық аспап, тіпті шығу тегі де ертеден басталса керек.
Ұлы қобызшы атаңған Қорқыт бабаның VШ-ІХ ғ.ғ. тартқан күйлерін осы уақытқа дейін сақтап жеткізген қазақ өнерпаздары екенін ерекше атап өткен жөн. Қорқыт-баба аспапты бірсыпыра жетілдірген деп ойлаймыз. Оның тартқан қобызы да, күйлері де, қазақ арасында ежелгі түрімен қалыптасып біздің дәуірге жеткен. Тағы да бір көңіл аударатын жағдай, Қорқыт-баба алғаш қобыз жасаған, оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен кемеңгер. Ол қолына қасиетті аспабын алып Тәңірдің ерекше жаратылысы болып табылатын дін, өнер, философия, ауыз музыкалық дәстүрді жалғастырған, қобыздың қасиетті әуені мен ауыру мен дертті емдейтін бақсылардың дем беруші піріне айналған.
Аңыз арқылы жеткен абыздың бойынан ежелгі мәдениетке және оның өкілдеріне тән синкреттілік, айтқыштық пен орындаушылық жарасым тапқан. Оның бейнесі нұрлы ақыл мен терең сезімді қатар ұстайтын рухани арналармен тоғысады. Қорқыт есімі Түркі тілдес халықтардың көбінде неше түрлі аңыздарда айтылады. Қорқыт-күй атасы, жер үстіндегі ән-күй атаулының атасы.
Жер бетіндегі ең тұңғыш қобызды шырғай ағашынан жасап, күңірене күй шертеді, мұң-наласын атқарып төгеді. Құдретті күй сарыны бүкіл жер-әлемді қаптап кетеді. Оны естіген барша жұрт басын ала алмай тыңдап, таңырқап қалады. Содан бері Қорқыттың күйі де, қобызы да жер бетін шарлап кезуде. Ал Қорқыт есімі қобыздың ішіндегі, халықтың жүрегінде ұмытылмастай болып сақталған- деп жазады М. Әуезов.
Қорқыт жырларының тегі туралы кейбір қорытындыларда филология ғылымының докторы, профессор Ә. Қоңыратбаев былай деп жазады:- Қорқыттың екінші аңызында оның қобызшылық өнері жөнінде айтылады. Қорқыт тұнғыш рет қобыз ойлап шығарып, жалғыз түйесін сойып, терісін соған шанақ етіпті, ат бәйгесіне қобызды қосыпты. Қорқыт қобызының нар түйедей боздаған сиқырлы дауысын аңсап, қырық қыз Сырға жаяу кетіп, бәрі де шөлдеп өліпті, озып келгені- Ақсақ қыз болған екен дейді. Сол 40 қыздың мазары Қарақұмда дейді. Бірақ біз үшін, Қорқыттың артында қалдырған жырлары мәндірек. Бұл тұста ол жай күйші, бақсы болып қала алмайды.
ІХ-Х ғасырда бір өзі оғыздардың 12 түрлі эпостық жырларын тудырған Ол көбіне заңдар ақын, үлкен импровизатор, жырау болып көрінеді. Сондықтан біз Қорқытты бүкіл түркі тайпалар эпосының атасы, соның алғашқы үлгісін жасаған үлкен айтушы, күйші деп білеміз
Қорқыт барлық ақын-жыраулардың, жыршылардың, күйшілердің, бақсылардың ұлы ұстазы ретінде саналған. Ол - қара қобызды бүкіл түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, түркі музыка өнерінің негізін қалаушысы. Осы айтқан сөздерді В.М. Жирмунский өзінің Сказание о Коркуте деген деректерінде дәлелдейді: - В Книге Коркута узан играет на кобызе. На кобызе аккомпонируют своим песням и огузские богатыри, не являющиеся профессиональными народными певцами, например Салор-Казан, (ХІ) Дерсе - хан (І). С кобзой выступает и Бамси-Бейрек, переодетый певцом на свадебном пиру своей жены. Кобза деда Коркута пользуется особым уважением героев
Қорқыт-қазақ үшін ең алдымен күй атасы, қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата - ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде де көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Бірінші ол, оғыз қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден - күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз - қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби - тарихи мұра.
Бұрынғы бақсылар өздеріне ұлы ұстаз ретінде пір тұтып, Қорқыт бабамыздың күйлерін аңырата тартып оның аруағына сиынып отырған екен. Ал, бақсыны Тәңірімен тілдестіретін аспабы - қобыз еді. Ғасырлар бойы қылқобыздың қолдануы тек қана бақсылардың сакральді ортасында адамдарды емдейтін, тәуіптік функциясымен ғана шектелмеген, солармен қатар бұл аспапта музыканы эстетикалық тағылымы жағынан түсініп ойнайтын.
Қылқобыз халықтық орындаушылар мен шаман - бақсылардың аясымен шектелген. Бұл орайда Ш. Уәлихановтың айтқан сөзі дәлел болады: Қорқыт - қазақтың тұңғыш бақсысы, шаманист, бақсы - моңғол сөзі, ол ойшыл, ақын, емші болған. Қобыз өнері, бақсылар сарыны, содан қалған дейді
Салт жырлары, ертегі эпос табиғатында шаманизм сарыны басым. Оғыздар қобыз культіне табынған деген болжам бар. Осы белгілер Қорқыт жырларында да кездеседі. Жалпы Қорқыт өмір сүрген кез - ол бақсының жын - перімен тікелей араласатын сәті, қобызбен күй тартып, бақсылық шырғаланға түсетін кезі десе болады. Халықтық орындаушылар бұл аспапты пайдалана отырып, оның негізінде өзінің жеке ойларын, толғаныстарын, басынан кешкен қайғы-мұңын, сезімдерін, қуанышы мен қасіретін жеткізе білді.
ҮШ - ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыттың ата тегі оғыз тайпасының баят руынан, ал нағашы жұрты - қалың қыпшақ елі. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара деген кісі болса керек. Оның өміріне қатысты аңыз - әңгімелер басым көпшілігінің күймен байланысты болуының сыры осында. Халық Қорқыттың басқа көп қасиеттерінің ішінен, оның қобыз жасап, күй шығарғанын, елдің мұңы мен арманын саз тілімен мәңгілікке қалдырғанын ерекше қадір тұтқан. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниеден жан иесінің бәрі де құлағын тігіп, елжіреп тыңдаған дейді аңыздарда. Қорқытқа қатысты аңыз - әңгімелер кең зерттелген және де бұл аңыздар бәрімізге мәлім.
Қорқыттың дүниеге келуі қандай ерекше болса, оның өмірі де сондай ерекше. Белгілі ғалым-зерттеуші Ә. Марғұлан көне мұраның осынша өмірі ұзақтығын ғылыми түрде түсіндіріп кеткен. Ол Қорқыт мұрасын сақтаушыларды бақсы-жыршылар, қобызшы күйшілер, ойшыл жыраулар, төкпе ақындар және шежірешілер деп бес топқа бөліп қарайды. Арада сан ғасырлар өтсе де қазақ ұлттың авторлығына жатқызатын шығармалардың ұмытылмай, күні бүгінге дейін жалғасып жеткені ерекше жағдай.
Бұрын халық алдында қобызбен жыр айтқанда жыршылар сөздің кіріспесін Қорқыт өлеңімен бастауы дәстүрге айналған- дейді академик Р. Бердібай. Кейінгі бақсы қобызшылардың Қорқыт сөздерін қасиет тұтып, өзгертпей қайталаған. Ұлы жыраулар: Кетбұға (ХІІ-ХІІІ), Сыпыра жырау (ХІУ), Асанқайғы (ХУ), Қазтуған (ХУ), Қойлыбай бақсы (ХІУ), Байжігіт (ХУІІ), Абылай хан (ХУІІ), Құрманғазы (ХІХ),Ықылас Дүкенұлы, т.б. Қорқыттың дәстүрін жалғастырушылар болып саналады.
Әрбір ұлттың әлемдік өркениет жолымен даму барысынды ортақ принциптері болғанымен де, басқаға ұқсамайтын өз ұлтына ғана тән хас сипаттары болады. Ұлттың бұл қасиеті, оның әлеуметтік тарихи шежіресімен қатар географиялық өмір сүрген аймағына, қалыптасқан тұрмыс - салт әдеттеріне де байланысты. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына терең із қалдырған рулық, тайпалық дәуірдегі абыздың, қоғамдық дәрежесі анықтап зерделеп, зерттеуді талап етеді. Себебі, Абыз тұлғасы синкреттік тұлға болғандықтан, оның рухани болмысы әуелде көп қабатты психологиялық өзгешеліктері бойына топтаған өзінше қасиеттерден құрылған. Яғни, Қ. Жұбанов айтқандай, ескі кездегі шамандарды абыз,-деп, ру басшылары, ру ақсақалы және оның айтуынша кейінгі бақсы балгерлер мен қобызшы, домбырашы, әншілердің барлығы абыздардан өрбіген. Бұрынғы абыздар қобызын шалып-шалып алмай, жырау-жыршылар домбырасын бебеулете қағып алмай, көкейдегі көрікті сөзін сыртқа шығара бермеген. Ақын болсын, әнші болсын, жыршы болсын өз өнерін жұртшылыққа тыңдатар кезде қолтығының астынан, қобызының, қолының басынан домбырасының табылып отыратыны қазақ арасында ертеден орныққан дәстүр.
Содан болар, қазақтың өлең-жырларының толғау-термелерін өн бойында: ...қыл қобызым құбылтып, шаң қобызым шалайын, екі ішекті домбырам қолға алайын- деп бастау қалыпты әдет болған. Ерте заманда, қобыз қазақтарда сиқырлы аспап болып саналатынын алдында айтылған. Оның бұл ұғымға ие болып қалыптасуы, аққуға табынушылықпен байланысты. Көшпенді қазақтар табиғаттағы ең таза дыбысты аққудың үнімен салыстырып, қобыз аспабын соған ұқсастырып, сазды дыбыс шығаратын. Осы аңгімелерде ән мен күйдің қуатын табиғаттың алып күшіне қарсы қойып, оған әуеннің әсерлі үнін жүмсайды. Қобызды бәйгіге қосу, жауға қарсы қолдану сияқты аңыздар да баршылық. Жасыратыны жоқ, қобыз аспабында әлдебір жасырын сиқырлы сыр, күшті қуат болуы мүмкін деген пікірлер де жоқ емес. Қобызды аңызға айналдырып, оны ерекше құдірет етіп тұрған, аспаптың дыбыс ерекшелігі, сиқырлы үні, өмірде өте сирек кездесетін бояуының әсері болса керек.
Қобыз аспабының өзін ескінің көзі деп қарасақ, аңыздардың арасында ең ерекше орын алатыны Қорқыт атаның елге жайылып, күй атасы атануы. Бұл аңыздардан біз қобыз аспабы мен қобызда ойнау өнерінің қай заманда қалыптасып, аспаптың музыка саласының қай дәуірден бері белгілі болып келгенін аңғарамыз. Қорқыт өмір сүрген дәуірде қобызда күй тарту, ол аспап үшін шығармалар шығару дегеніміз, бұл өнердің сол кездің өзінде өркендеп кең құлаш жайып, дәстүрге айналғаны ғой. Сол кездегі сарындарды, күйлерді орындау әдістеріне байқап қарасақ, бұл күйлер орындаушылардан белгілі шеберлікті қажет ететінін байқаймыз. Көркем күйлерді кемеліне келтіре ойнау, оны халық сүйіп, тыңдайтын дәрежеге жеткізу үшін де қобыздың мүмкіншілігі мол болуы керек.
Демек, қобыздың сол Қорқыт өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ, аспап болып қалыптасу деңгейінің жоғары болғаны ғой деп ойлаймыз. Әрине, қобызшының шеберлігінің ашылуы, оның орындау өнерінің аңызға айналуы-қобыздың ойнау әдісінің жетіліп, оның аспап болып қалыптасуына байланысты екені айқын. Қобыз жасау жолдары мен ол аспапта ән мен күй тарту өнері бір-бірімен байланысты болып келеді.
Ұлтымыздың ән мен күй, жыраулық өнерінің саздары мен сарындары ақындық өнер өнегесімен сабақтасып, жалғасын тапқан. Қазақ өнерінің ауыз әдебиетін жүйелі түрде жинап, көптеген зерттеулер, мақалалар жазған, шығармашылығында кеңінен қолданған - қазақ елінің дүлдүл ақыны, жазушы, фольклорист, Ильяс Жансүгіров еді. Жетісу өңірінің аты аңызға айналған қобызшысы-Молықбайдың күйлері мен аңызы И. Жансүгіровтың Күй, Күйші атты поэмаларының негізгі өзегі.
Өнер жолына түскен өнерпаз, өзінің алғашқы қадамын - музыка аспабын қобызды көріп, оның дыбысын естіп, тыңдап барып әсерлену арқылы ғана қобызда ойнауға ниет білдіреді.
Қобыз сияқты күрделі аспапты меңгеру, әсіресе, онда ән мен күй ойнап, қобызға арнап күй шығару мәселесі ұзақ жылдары қажырлы еңбекті қажет ететін өнер. Ал қобыз жасау үшін үш жыл кетеді екен.
Бірінші жылы аршаның діңгектерін әбден кептіреді, келесі жылы діңгектердің қабығын сыпырып, тағы бір жыл сақтайды. Үшінші жылы әлгі діңгектерді жеке - жеке ұрып көреді. Сол жылы қобыздың шанағын ойып, шанаққа ыстық күл салады. Күлдің ішінде сексеуілдің шоғы жатады екен. Аршаның майын, сөлін, желімін сорып алатын күл. Содан - соң әлгі қобыз жеп - жеңіл болып шығады. Күлмен қобыздың сыртын тұтас ысқылайды. Шанақтын бетін түйенің көнінен жасайды. Көн қағаздай боп үлбірегенше тағы бір жұма уақыт кетеді және де оны сақарға батырып тағы төрт күн ұстайды. Ендігі ысқыштың қылын кәрі биеден емес (ол үзілгіш келеді) мықты, әлді жылқыдан алады (ол берік, жұмыр болады). Қылды да тұзды суға малып, жеті күн күтеді. Қыл ішектерін де қобыздың құлағына орап, біраз тартып, қатайу үшін, созыла бермеу үшін, тағы бір ай күтеді. Сөйтіп, қобыз жасау үшін, қаншама уақыт керек екен.
Қорқыт күйлерінің жалпы тақырыптық, сюжеттік, жанрлық сипаттамалары.
Қазақ фольклоршыларының ішінде алғаш әпсана терминін жанрлық атау ретінде танып қолдана бастаған белгілі ғалым Ә. Х. Марғұлан. Бірақ, ол әпсананы фольклорлық жанр ретінде арнайы қарамаған. Бұл ретте тұңғыш рет әпсанаға дербес жанр ретінде ден қойып, жан-жақты сипаттап берген фольклоршы - С. Қасқабасов Әпсана - хикаят деп кейде ертеде болған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын, бірақ көбінесе ойдан шығарылған, я болмаса кітаби және діни сюжетті әрлеп, әсірелеп, әңгімелейтін прозалық шығармаларды айтамыз. Осы сияқты әпсаналардың тарихи түрлеріне сай келетін аңыздарының бір парасы - Қорқыт жайындағы аңыз - әңгімелер. Қорқыт күйлерінің басым көпшілігінің аңыз-әңгімесіне әпсаналық сипат тән болып келеді.
Қорқыт қалай өлімді пәнге айналуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz