Туристік ресурстарды дамыту туралы
Туристік ресурстарды дамыту
Туристік ресурстар туристік инфрақұрылымды қалыптастырады. Туристік инфрақұрылымның құрамында екі негізгі элемент бар. Бірінші элемент - орналастыру және тамақтандыру қызметтерін, меймандостық қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар. Екінші элемент - туристік өнімді қалыптастыруға қатысатын кәсіпорындар. Олар туристерсіз де жұмыс жасай алады, алайда туристік ағын дестинацияда ұлғайған кезде олардың экономикалық қызмет көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылайды. Мұндай объектілерге ойын-сауық орындарын, мәдени-оқиғалық объектерді, ұлттық парктерді және т.б. жатқызуға болады. Дестинациялардың туристік ресурстары дегеніміз де осы.
Жеткілікті мөлшерде дамыған туристік ресурстар туристік дестинацияның қолжетімділігін, туристердің орналасу жайлылығын қамтамасыз етеді, мемлекетке және кәсіпкерлерге табыс әкеледі.
Қазақстан туризмі статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыруда туристік инфрақұрылым объектілерінің қызмет көрсеткіштері маңызды рөл атқарады, олар: объектілердің саны, олар қызмет көрсеткен келушілердің саны, көрсетілген қызметтер көлемі. Сондай-ақ туристік инфрақұрылым кәсіпорындарының көрсеткіштері сала ретінде туризмнің ел ЖІӨ-сіне үлесін есептеу кезінде маңызды.
Қазақстанның туристік инфрақұрылымының кәсіпорындарының саны жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Алайда, қонақүйлер жыл сайын 8,5%-ға ұлғайғанымен толтырылудың орташа пайызы бұрынғы деңгейінде қалып отыр (соңғы бірнеше жылда орта есеппен 22-25 %-ға).
Демалысты және ойын-сауықты, мәдениетті және спортты ұйымдастыру қызметтерін ұсынатын объектілер өндірген өнімнің және көрсеткен қызметтердің көлемі де жыл сайын 10-15 %-ға өсіп келеді.
Бұл ретте, өңірлерде туризмнің дамуы бар жүйеге түсірілмеген, ең перспективалы туристік дестинацияларды және туристік өнімді дамыту бойынша өңірлік, сондай-ақ жалпы елге ортақ стратегия жоқ.
Тұрақты туристер ағынын қамтамасыз ету және халықаралық туристік ағындардың бір бөлігін Қазақстанға бағдарлау үшін туристік ресурстардың даму деңгейін арттыру керек. Елге келуге сұраныстың басты генераторы ретінде туристік ресурстарды дамытуға мемлекет пен бизнес бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
Халықаралық рейтингтерде (туризмнің бәсекеге қабілеттілігі бойынша 81-орын, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі бойынша 99-орын, туристік көрсетілген қызметтер сервисінің деңгейі бойынша 97-орын және т.б.) Қазақстанның туристік саласының төмен көрсеткіштері қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау (саланы жүйелік қолдау бойынша 93-орында) туризм саласын айтарлықтай ілгерілету үшін жеткіліксіз екенін көрсетті.
Қазақстан "жаңадан дамып келе жатқан туристік дестинация" болып табылады. Қазақстандағы туризм инфрақұрылымы шектеулі, туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтер жеткіліксіз. Осындай жағдайларда туризмнің негізгі инфрақұрылымын қамтамасыз ету, өнімдерді әзірлеуде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, елді туристік дестинация ретінде жақсы қабылдауды қалыптастыру тұрғысынан мемлекеттің араласу қажеттілігі айқын.
Шет елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, дамудың осындай кезеңінде объектілердің ашықтықты (визалық режимді жеңілдету), қолжетімділікті (әуе көлігімен және жерүсті көлікпен қамтамасыз ету), инфрақұрылымды және халықаралық стандарттар бойынша орналастыру орындарын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Туристік объектілердің жай-күйін диагностикалау көрсеткендей, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта "туристік магниттер" және "туристік өсу нүктелері" деп аталатын 100-ден астам белгілі туристік объектілер бар.
Сонымен бірге, ресурстардың шектеулі болуына және аталған объектілердің бәрін дамытуға қомақты инвестициялар салу қажеттілігіне байланысты республикалық деңгейде де өңірлік деңгейде де ең тартымды объектілерге басымдық беру немесе іріктеп алу қажеттігі туындайды.
Осыған орай, Қазақстанды туристендіру картасына ең маңызды туристік объектілерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz