Сыбайлас жемқорлық және қоғам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Сыбайлас ЖҚМН пәнінен

БӨЖ
Баяндама
Тақырыы: Сыбайлас жемқорлық және қоғам

Орындаған: ЖБИ-012 тобының
студенті Сапарбек Қазбек

Қабылдаған:Айжамал Жадигерова

Түркістан - 2020
Сыбайлас жемқорлық және қоғам
Жемқорлыққа қарсы күрес жан - жақты, үздіксіз,
ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда
ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз!
Н. Ә. Назарбаев
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп - өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетіміз де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты халыққа жолдаған Жолдауында және Ұлт жоспары - 100 нақты қадамда ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Қазақстан осы ережелерді неғұрылым тиімді жүзеге асырғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа заңнама мен ең көп таралған аса қауіпті қылмыс парақорлыққа қатысты құқық қолдану тәжірибесі көрсетеді.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс - шаралар қолға алынуда.
1998 жылы 2 шілдедегі қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңы.
Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп - қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай - ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай - ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
Бұл заңның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Сыбайлас жемкорлык турлері
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Өндіріс орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласындағы жемқорлық тағысын - тағы
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Пәндер