Отбасы - тәрбие факторы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика
Студент: Елтайқызы Гүлжанар
Группа: ПМНО-21
Сұрақтар:
1. Отбасы - тәрбие факторы. Отбасындағы балалар тәрбиесі.
2. Отбасы - тәрбие факторы. Отбасындағы балалар тәрбиесі..
3. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.
4. Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.
Тапсырмалар:
1 тапсырма. Өз отбасыңызға тән құндылықтарды жазыңыз.
2 тапсырма. Заманауи отбасыға тән ерекшеліктерді жазыңыз.
3 тапсырма. Мектепте Оқушы-мұғалім-ата-ана үштік одақ жұмысының қазіргі жағдайына баға беріңіз.
Жауаптары:
1-2.Сұрақ
Отбасы барлық уақытта өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Нарық қатынастарының дамуы отбасыда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әр түрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне өзінше қиындық әкелді. Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасыдағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасыда, негізінен, бір баласы бар отбасыда ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол - балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы. Толық емес отбасыларда, яғни ата-анасының біреуі жоқ отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады. Отбасы тәрбиесінің проблемасы - ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады. Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы отбасыларда тәрбие проблемалары туындайды. Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастады. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасыдағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін. Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқығы туралы конвенция маңызды негізгі құжат болып табылады. Онда Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, оны туылғанға дейін және туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек, - деп жазылған. Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салаулатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
. Балалардың отбасыдағы тәрбиесi оның белгiлi бiр тұрақты әлеуметтiк институт ретiнде анықталады, ол отбасы мүшелерi арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септiгiн тигiзетiн адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесiнiң артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиеніњ ешқандай да түрi алмастыра алмайды. Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
1. Репродуктивті - баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік - отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті - отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
5. Рекреативті - іс-әрекет ұйымдастыру

3.Сұрақ
Қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арассындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ. Отбассының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардоң жсыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу. Қазіргі кезде мемлекеттің көптеген саясаты отбасы мәселесіне алаңдаушылығымен байланысты және ол жұртшылық назарян қазіргі отбассының жағдайсына аудару, қоғамның бір институты ретінде отбасы мәнін арттыруға бағытталған шара болып есептеледі. Отбасы барлық кезде адами құндолықтар, ұрпақтардоң мәдени және тарихи мұрасы сақталатсын асыл ұя, халық әл-ауқатсының көрсеткіші ретіндегі мемлекеттің факторы болып қала бермэк. Отбассының әл-ауқаты - бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбассының ешбiр талас тудормайтсын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы роте аса күрделi үдерістерді талдау, отбассының қазiргi әлеуметтiк- мәдени жағдайдағы рөлiн айқсындау маңыздо. Бұл оранда қат-қабат проблемалардоң қордаланып қалғансын ешкiм де жоққа шығара алмайдо. Қазіргі таңда отбасы қисын кезеңді бассынан өткізуде. Ажырасу мен толық емс отбасылар, отбассындағы кризис, жасөспірімдер арассындағы қылмыс, тәрбие салассының құлдорап, қоғамдағы жат қылықтардоң көбеюі, қазіргі кездегі отбассының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың тулы, тастандо бала, т.б. қалыптасусына әкеліп соқты.
Отбасы - некеге немсе қандоқ туыстыққа негізделген эмоционалдоқ байланыспен, өзара жауапкершілік қатсынаспен біріккен тұлғалар жисынтығы. Ол қоғамның дамусында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңыздо элементі болып табыладо. Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қисыншылықтары отбассында көрініс аллодо. Отбасы - қоғамның пайда болусында ең негізгі элемент болып есептеледі. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардоң үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбассының психологиялық тсынысы арқылы баланың әдеті, мінез- құлқы, жақсы-жамандо бағалау критерийі қалыптасадо. Нақты өмірде адамдар арассындағы өзара қарым-қатсынас әр түрлі боладо, әр түрлі отбасы типтері өмір сүреді. Қоғам әрқашан өзгеріп отрадо, соған байланысты отбасы қарым-қатсынастары, түрлері де өзгереді.
Мемлекеттік әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің тарапсынан көмэкті қажет ететін отбасыларға төмендегілерді жатқызуға боладо: босқсындар мен мәжбүрлі көшіп-қонушы отбасылар; аз қамтамасыз етілген отбасылар; құрамсында мүгедегі бар отбасылар; көп баллы отбасылар; толық емс отбасылар; жұмыссыз азаматтардоң отбасылары; қисын балансы бар отбасы; қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала қатсынассының бұзылуы; ішімдікке салсынған, оморалдоқ өмір сүретін отбасылар.

4.Сұрақ
Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық - педагогикалық жұмыс; атааналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу. Ата-аналармен ұйымдастырушылық - педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда ( сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан ( өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін. Дұрыс және жақсы қызмет ететін ата-аналар комитеті - сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың отбасылары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ( мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады. Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары - оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру ( алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет. Мектеп пен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық - педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі. Отбасымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар отбасы мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүрлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және мектептің жағдайсыз отбасылармен бірлескен жұмысын ұйымдастыру
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасының қазіргі жағдайы
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Отбасы жүйесі
Қиын балалар ұғымының мәні
Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
Пәндер