Инсульт ауруы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Инсульт ауруы.

Орындаған: Тургимбаева Аружан Жомартовна

Қабылданған: Хасенова Маржан Такешовна

Жезқазған қаласы, 2020ж.

Инсульт - мидың жүйке жасушаларының зақымдануы мен өлуіне әкелетін ми қанайналымының бұзылуы.

Инсульт өте қауіпті ауру! Ол кенеттен және жылдам дамиды. Салдарынан науқас өліп кетуі мүмкін. Инсульттің симптомдарын байқаған бойда науқасқа жедел медициналық көрмек көрсету керек!

Инсульттің тағы бір салдары- ол адамның мүгедек болып қалуы. Инсультпен ауырған адамдардың 70-80 пайызы мүгедек болып қалып жатады.

Келесі патологиялық күйлер инсультті тудырады, олар - миға қан құйылу, мидың инфарктісі және торлы қабық астына қан құйылу жатады.

Инсультті тудыратын факторлар:

  • Гипертониялық ауру (қан қысымының жоғары болуы)
  • Ұйқы артериясының стенозы (тарылуы)
  • Тромбоз
  • Эмболия
  • Қанұйығыштықтың бұзылуы
  • Ми тамырларының аневризмі
  • Жүрек ритмінің бұзылуы
  • Атеросклероз және басқа да жүрек- қантамыр аурулары
  • Қант диабеті
  • Зиянды әдеттер (темеке, алкоголь)
  • Ұйқысыздық
  • Майбасу
  • Демнің тоқтауы (демнің 10 секундтан артық тоқтауы)
  • Ағзаның салқындап қалуы
  • Жарақаттар
  • Адамның жасы үлкеюі
  • Инсульттің түрлері

Ишемиялық инсульт (мидың инфарктісі) - инсульттің ең жиі кездесетін түрі. Ми артерия тамырыны тарылып немесе бітеліп қалғанда, миға қан келу кенет тоқтайды. Ми жасушалары оттегімен келетін пайдалы қоректен айырылып, аз уақыттың ішінде өле бастайды.

Геморрагиялық инсульт (ми ішіндегі гематома) . Инсульттің бұл түрі қантармырдың жарылуынан немесе тесіліп ағуынан болады.

Транзиторлы ишемиялық шабуыл немесе микроинсульт. Инсульттің бұл түрі қысқамерзімді (5 минуттан) кем инсульт симптомдарының орын алуы.

Микроинсультте тромб миға қанның айдалуын бұзады, бірақ үлкен зақым тигізбейді, өйткені тамырдың бұғатталуы уақытша ғана болады.

Маңызды! Микроинсультте де жедел жәрдем шақыру керек!

Инсульттің алғашқы белгілері мен симптомдары:

  • Кенет әлсіздіктің пайда болуы
  • Сал ауру немесе бет, қол-аяқ ұштарының ұюы
  • Сөйлеудің бұзылуы
  • Көз көргіштіктің нашарлауы
  • Бастың қатты ауырсынуы
  • Бас айналу
  • Тепе-теңдікті жоғалту және жүру корординациясының бұзылуы

Адамда инсульт болып жатқанын қалай білуге болады?

Егер адам теңселіп, өзін еркін ұстай алмай тұрса, мас адам екен деп қалдыруға асықпаңыз. Бұл инсульттің симптомдары болуы мүмкін. Келесі белгілерге мұқият қараңыз:

Одан көмек керек емес пе деп сұраңыз. Жауап беру кезінде сөздері анық шықпай, тілі күрмеліп жатыр ма, мән беріңіз.

Күлуді сұраңыз. Күлгенде езуі әртүрлі линияда тұрса, онда ол инсульттің симптомы.

Қолын қысып көріңіз. Инсульт кезінде қол алысуда қолдары әлсіз болады, бір қолын жоғары көтеруін сұрағыз, қолы қайта төмен түсіп кетсе, бұл да инсульттің белсігі болады.

Осы белгілерді байқаған жағдайда:

Жедел дәрдем шақырыңыз!

Алғашқы көмек көрсетіңіз!

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз инсульттың белгілерін сезсеңіз, дереу жедел- жәрдем шақырыңыз. Ол келгенге дейін нау-қастың күйін жеңілдетуге тырысыңыз.

- Науқасты еденге немесе кереуетке жат-

қызыңыз және еңкею бұрыны 30 градус болатындай етіп, басының астына жастық салып, бір бүйірге бұрып қойыңыз. Күрт қозғалыстар жасамауға және науқасты тасымауға тырысыңыз, бұл ұстамалы ауруды асқындыр-

уы мүмкін.

-Алмалы- салмалы протездерін алыңыз, көйлегінің жағасын шешіңіз, белдікті босатыңыз және аузынан бөлінетін көбік тыныс алу органдарына түспес үшін, оны үнемі орамалмен сүртіп отырыңыз.

-Науқас тілін тістеп алмас үшін, тісінің арасына орамалға орап тарақ немесе таяқ қойып қойыңыз.

- Сіңір тартылумен қысылған саусақтарын ашуға тырыспаңыз, науқасты бүкіл салмағыңызбен баспаңыз. Бұл ұстамалы аурудың күшеюіне, кездейсоқ буын шығып кетулері мен сынуларға әкелуі мүмкін.

- Терезені немесе форточканы ашып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіңіз.

- Дәрі бермеңіз және мүсәтір спиртін пайдаланбаңыз. Ол тыныс алудың тоқтатуына әкелуі мүмкін.

- Егер оның пульсы сезімлесе, жүрегі тоқтап қалса және тыныс алысы тоқтаса дереу өкпе- жүрек реанимациясын бастаңыз.

Ең бастысы, науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсетілуі керек, себебі инсульт дамыған кезде алғашқы минуттары мен сағаттар қымбат болып табылады.

Инсульттің салдары:

Аурудың салдары әр адамда әртүрлі болады. Кейбірінде тіпті болмауы да мүмкін. Ал кейбірінде уақытша немесе мәңгілік мүгедек болып қалу қаупі бар. Салдары:

  • Сал ауруы немесе бұлшық еттердің қимыл жоғалтуы
  • Сөйлеудің немесе жұтынудың бұзылуы
  • Есін жоғалту
  • Дененің кейбір бөліктерінің ауырсынуы немесе ұюы
  • Өз-өзін күтіне алмау

Диагностика

- дәрігердің тексеруі, сырқатнаманы зерттеу

- қан талдауы

--компьютерлі томография

- магнитті-резонансты томография (МРТ) ;

- ұйқы артериясын узд арқылы тексеру

- артериография;

- эхокардиография.

Инсультті емдеу

Инсультті емдеу 3 кезеңнен тұрады:

-жедел медициналық көмек көрсету

-стационарлық емдеу

- реабилитация

Алғашқы сағаттарда дәрігерлер алғашқы жедел көмекті көрсетеді.

Алғашқы күндері стационарда өлім қаупін азайтатын, мидың зақымдануын азайтатын, инсульттің қайталап ұстамауы үшін қарқынды терапиямен емдейді.

Келесі апталар мен айларда жағдайды бірқалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер беріледі және дәгірлердің бақылауында болады.

Емдеу

Ишемиялық инсультті емдеуде тромбтарды ыдыратушы дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Сонымен қатар, инсультті болдырмас үшін әртүрлі дәрі-дәрмектер, екпе дәрілер және басқа да мдеициналық процедуралар қолданылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мидың қан кетуінің негізгі себебі - жоғары қан қысымы
Инсульттан кейінгі науқастарды оңалту әдістері
Инсульттің алғашқы белгілері және алғашқы көмек
Гипертония ауруының негізгі қауіп факторлары
ИНСУЛЬТ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Ауыр инсульт белгілері
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Инсульттан кейінгі реабилитациядағы мейіргердің рөлі
Инсульттен кейінгі оңалту
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz