Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесіндегі мәселелесін кезеңдерге топтастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесіндегі мәселелесін кезеңдерге топтастыру

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстанды бүкіл ел тануы үшін, ең алдымен бізге білімді ұрпақ қажет... деген. Ал білімді ұрпақ болу үшін біз балаларымыздың денсаулығына да назар аударуымыз қажет. Адамзат баласының денсаулығындағы кемістіктер, ауытқулар, бұзылыстар бұл ғасыр дерті. Біріккен ұлттар ұйымының деректері бойынша әлемдегі әр оныншы отбасы мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелейді. Бұл мәселел әлі күнге дейін зерттелмеген көпдеген факторларға байланысты. Атап айтсақ, экологиялық, әлеметтік және экономикалық алауыздық, медицинаның төмен деңгейі және т.б. Қазір 21 ғасыр болғанымен бұл міселелер әлі күнге дейін шешемін таппады. Осы мақсатта Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылды. Инклюзивті білім беру дегеніміз мүгедек пен дамуында ауытқулары бар балаларды дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті білім беру негізіне балалардың кез келген кемістігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. Ерекше балаларды сау балалармен бірге оқыту бағдарламасын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Ал біздің елімізде білім беру жүйесінің дамуы ресми деректер бойынша
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасвнда алғаш рет Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мін берілген. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, педагогтардың 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек? деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Ерекше балаларды Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы Қазақстан Республикасының инклюзивті білім берудегі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдардағы арналған мемлекеттік бағдарламасына атауға болады. Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі - еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.
Бірақ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар түрлі қиыншылықтарға тап болатындығы анық. Біріншіден, баланың отбасы жағдайындағы хал-ахуалы. Ата-ананың инклюзивті білім беру туралы түсінігінің алуан түрлілігі, баланың бұзылысына көз жұма қарауы, баланың денсаулығындағы түрлі ауытқулар мен бұзылыстарды мойындамауынан қиыншылықтар туындайды. Себебі ата-ана жалпы білім беретін мектепте оқығандықтан ұстаздардан және түзету сабақтарын жүргізетін мамандардан (логопед, дефектолог, психолог) тек қана сабақ үлгерімін талап етеді. Көп ата-ананың ұғымында бірінші орында баланың білім деңгейі тұрады. Ол үшін мамандармен бірлесе отырып, ата-анаға ағарту жұмыстарын жүргізу қажет. Ата-анаға инклюзивті білім туралы түсінік беру керек. Педагогтар арнайы мамандар бірлесе, ерекше балалар үшін қызмет жасағанда ғана жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші сонда ғана баланың сабаққа деген құлшынысы, қызығушылығы арта түседі.
Екіншіден, ұстаздар тарапынан жіберетін кемшіліктер. Инклюзивті білім кіріктірілгеннен кейін әр ұстаз инклюзивті білім жүйесін ең әуелі өзі түсінуі керек. Жылдар бойы ұстаздардың түсінігінде жақсы және нашар оқитын оқушы деген түсінік қалыптасқан. Денсаулығында ақауы бар баланың сабаққа деген қызығушылығы бола бермейді. Сондықтан үлгерім деңгейі нашар болуы да заңды. Сол себепті нашар оқитын оқушы деп есептеп, назардан тыс қалдыру біздің ортада көптеп кездеседі. Ұстаздың ойында Баланың бәрі бірдей деген ұғым болу керек. Дені сау балалға қарағанда мұндай балаға көп көңіл бөліп, ол бала үшін арнайы қолайлы орта қалыптастыру қажет. Сонымен қатар бұл тұста төмендегідей мәселелерді атап кетуімізге болады:
Білім беру стандартының икемсіз болуы;
Жалпы білім беретін мекеменің оқу жоспарлары мен оқыту мазмұнының ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сәйкес келмеуі.
Жалпы үлгідегі білім мекемесінің педагогикалық ұжымында арнайы даярлықтың болмауы және педагогтардың коррекциялық педагогика мен арнайы психология негіздерін білмеуі.
Педагогтардың мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктері туралы түсініктерінің, білім еру мен түзету жұмыстарында әдістемелер мен технологиялырдың болмауы.
Жалпы білім беретін мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктеріне материалдық-техникалық жабдықтардың жеткіліксіз болуы (пандустар, лифтілер, арнайы оқу, оңалту, медициналық жабдықтар, арнайы жабдықталған оқу орындары және т.б. болмауы).
Бұл мәселелер айтарлықтай шартты түрде сау және мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуін қиындатады. Осыған орай балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту процесінде педагогтар жеке жұмысында қосымша қиындықтар туындайды. Бұл қиындықтарды шешу және алдын алу үшін жалпы білім беретін мекеме қазірден бастап келесі міндеттерді оырндауы қажет:
Жалпы білім беру жүйеіндегі инклюзивті білім беру процесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірілуін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беру мекемесіндегі инклюзивті білім беруге қабілетті кәсіби даярланған педагогтар мен мамандардың білім беру процесін қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын әр түрлі мамандардың кешенді модель қызметін құру.
Инклюзивті білім беруде бағдарламалық-әдістемелік құралдар әзірлеу (оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, қажет болған жағдайда - арнайы оқулықтар және жұмыс діптерлері)
Қашықтықтан оқытуды білім берудің құзыретті құралы ретінде жүзеге асыруды белсенді қолдану.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы мен білім беретін мекеме арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Үшіншіден, балалар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыра білетін мұғалімнің шеберлігіне және жетелеуші тәрбиешінің көмегі мен қолдауына байланысты болады. Орталарына келген ерекше баланы дұрыс қабылдап, мазақтау, кемсіту сияқты түрлі келеңсіздіктерге жол бермеулері керек. Денсаулығындағы түрлі ақауы бар баланың жан-дүниесі де нәзік келеді. Білім мен тәрбиені, екі түрлі танымды бір арнаға тоғыстыру көп еңбекті, мұғалім мен жетелеуші тәрбиешінің бірлесе жұмыс жасауын қажет етеді. Әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму мүмкіндігі әртүрлі деңгейде екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі оқу материалдарын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, аранйы коррекциялық түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болды.
Бұл тақырып аясында Нұр Отан партиясында жиын ұйымдастырылып, инклюзивті білім берудегі проблемалар талқыланды. Арнайы даярлықтан өткен ұстаздардың жоқтығынан кемтар балаларды оқыту қиындық туғызуда. Мектептер тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген әрі оқу құралдары жоқ деп депутаттар осылай дабыл қағып отыр.
Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: Кейбір қала орталығынан жырақ жерлерде бір компьютерге телмірген жүз бала болса, мүмкіндігі шектеулі ұл-қызға тиер үлестің аздығы бар. Оқу стандарттарын айтпағанның өзінде, қарапайым оқу құралынан табылатын қателікке көзді жұмдық.
Фархад Қуанғанов, Нұр Отан партиясының хатшысы: Елімізде 145 мыңдай адам ерекше білім беруді қажет етеді. Оның 49 мыңы - мектепке дейінгі жастағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым топтар variant Арнай топтар variant Күрделі топтар variant Уақытша топтар variant Аралас топтар
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке оқытуға дайындау
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беру
Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі
Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық заңдарды аңықтау
Аутизм мәселесінің тарихы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Пәндер