Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл - ой дамуының бұзылуы


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл-ой дамуының бұзылу сипаттамасын талдау
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып саналады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. «Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.
Ақыл ойдың дамуы - бұл баланың жасына, тәжірбиенің молаю мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қолдануы шапшаң қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады. Таным процестері жетіледі, бала ақыл ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл - ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан-жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ақыл-ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы және тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетіндепайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестерді жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді.
Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл -ойды неғұрлым тиімді дамыта оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы - айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі - ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы түние туралы түсінігі кеңейіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, , тілдің дамуына әсер етеді. Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әр түрлі әсер етеді: сюжеттік рольді ойындар айналасындағылар жөніндегі түсініктерді кеңейтеді және тілдік қарым қатынасты дамытуға көмектеседі.
Ойын үстінде балалар білім алмасып, ойынның әр түрлі жағдайдағы нұсқаларын ойлап табады. Ойынды бақылай отырып тәрбиеші оның кейбір ұғымдарын нақтылай, жаңа рольдерді, ойын әркеттерін, жағдайларын ұсынады, солай балалар ой өрістерін кеңейтеді. Ойын үстінде балалар алдын ала ойын тақырыбын белгілейді, жоспарын талқылайды, қандай құралдар әзірлеу қажеттігін ойланады, оларды әзірлейді, ойын ережелерін тағайындайды. Бұл балалардан ақыл ой белсенділігін және мақсатты талап етеді, және оларды қалыптастыруға көмектеседі.
Ақыл-ойды дамытуда сезім тәрбиесінің алатын орны ерекше «Сенсор» латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным -ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері -ақыл-ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады.
Балалар бақшасындағы оқыту мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері жағынан мектептегіден өзгеше болады. Мектепте оқушылар ғылыми білімдер негіздерімен қаруланады. Балалар бақшасынның міндеті - мектепке дейінгі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс» - деген [1] . Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс-әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.
Сонымен, бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Оқытудың артықшылығы - оның мақсатты бағытталуында. Ақыл-ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге, танымдық психикалық процестерді дамытуға мән береді
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесінің міндеті- негізгі қимыл әрекеттерін меңгеру, мектептегі дене тербиесіне даярлау, ауырулардың алдын алу және дене мәдениеті амалдарын қолдану арқылы денсаулықты нығайту болып табылады.
Бала бақшалардағы дене тәрбиесі амалдарына базалық спорт түрлерінің бастапқы негіздері (жеңіл атлетика, гимнастика, қозғалыс және спорт ойындары, шаңғы тебу, жүзу) және қимыл-қозғалыс әрекеттерінің элементтері(төмпешіктен түсу, жылтыр мұзбен сырғанау, кедергілерден өту, өрмелеу және т. б. ) кіреді.
Дене қуатын жан-жақты дамыту үшін бүлдүршіндерге дене тәрбиесі процесі кезінде қимыл шеберлігін, дағдысын, бастапқы икемділктерін игеруге көмектесу керек. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жеткіншектерді дене тәрбиесіне баулу және тәрбиелеу ісі негізгі мектепке дейін жүргізілгені жөн.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға бағытталған. Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары, адам денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Балабақшалардағы сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы өсіп келе жатқан организмнің биологиялық заңдылықтарын, жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.
Дене тәрбиесі сабағы оқу бағдарламасының және сабақтың өткізілу жоспарының негізінде жүргізіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің әлеуметтік -педагогикалық маңыздылығы.
Адамнын дене тәрбиесінің негізі ерте балалық шақта қаланады, өмір сүру ұзақтығына байланысты жедел түрде кеңейтіліп және тереңдей түседі. Кейінгі онжылдық көлемінде халық денсаулығының нашарлауы байқалады. Дені сау адамдардың саны 23, 2%-дан 5-7%-ға дейін төмендеген.
Баланың жан-жақты дамуының негізгі оны дұрыс күту мен дене тәрбиесіне тікелей байланысты туылғаннан берілетін қимыл әрекеттерді меңгеру (еңбектеу, домалау, жүру, жүгіру, өрмелеу, кедергілерден өту, қозғалыс ойындары) интелектуалдық және фунционалдық дамуына көмектеседі, бойы мен денесінің өсу үрдісін тездетеді, денсаулылығын нығайтады, әр түрлі ішкі және сыртқы ортаның факторларына ағзаның қалыптасуын арттырады.
Адам өмірінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты дамуының негізі-ол дене тәрбиесі. Дұрыс дамып келе жатқан бала қозғалысқа талпынады. Қозғалыстың арқасында баланың тыныс алу органдары, қан айналым жүйесі, нерв жүйесі, ас қорыту жүйелерінің қызметі жақсарады. Олар баланы әр-түрлі ауыру-сырқауларға төзімді етеді, организмнің қорғаныс қызметін арттырады. Бала қозғалыс арқылы өмірмен танысады, жүйке процессі дамиды, өз беттілігі, жігері, тәртіптілігі дамиды. Қимыл-қозғалыс жиынтығы оған белгілі бір іс-әрекетті(жұмысты) жасауға мүмкіндік береді.
Қол салалары мен саусақтарының қимылы баланың дамуына көп әсерін тигізеді:үлкен қабаттының жұмысын белсенді етеді, сөйлеу-қозғалыс (речедвигательный) орталығының өсу қабылетін арттырады. Осы жағдайда бала миының шеке бөлігінің дамуына қалайлы кезең туады, ол баланың ақыл-ойының өсуіне негізгі себепкер болып табылады. Сондықтан бала неғұрлым әр-түрлі қимылдарды меңгерсе, соғұрлым оның сезімталдылығы, қабілеттілігі және тағы басқа мұмкіндіктері толығынан жетіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 жастан 7 жасқа дейінгі (бүлдіршіндер) балалар барады. Оларды физиологиялық және жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай даму кезіңдеріне бөлуге болады.
Балаларды жастық даму кезеңдеріне бөлу арқылы, олардың биологиялық даму кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеруге, дене тәрбиесі жүйесін құруға, оқытып үйретудің ұйымдастырылу формаларын қуруға көмектеседі.
Дене мүшелерінің қозғалыс дамуының ерешеліктері.
Бала өмірінің бірінші күнінен бастап оның қимыл-қозғалыс жасауына барлық мүмкіндіктерді жасау керек және де қозғалыс әрекетерін режиммен дамытқан пайдалы. Мысалы:алдымен екпетінен жатқызып еңбектеуге, содан соң отыруға үйреткен жөн; бірінші аяқты нық басуға, адымдауға; содан соң жүруді үйреткен орынды.
Бір жасынан бастап негізгі көңілді баланы дұрыс жүруге үйретуге бағыттау қажет. Мынандай әдістемлік нұсқауларды есте ұстаған жөн:
1) . баланы жиі-жиі екпетінен жатқызу (төңкерген, қорғансыз(поза) безопастная поза) .
2) . еңбектеуге гимнастикалық және қауіпсіз жағдай жасау . . .
3) . баланы вертикальді түрде қолда жиі аз уақыт бойы ұстаған дұрыс (мойын және арқа бұлшық еттерді бекітуге арналған) .
4) . әр түрлі заттарды іліп және жететін жерлерге қойып баланың өз бетінше қимылдауына (стимулировать) беру. Баланың алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету үшін оны мараппаттау, мақтау керек.
5) . жаттығуларды тамақ ішілгеннен 40 минуттан соң бастаған дұрыс, қол- аяқ және дене қозғалысын ретімен ауыстырып жасау.
6) . ішке және арқа бұлшық еттерінің дамуына арналған жаттығулар әр сабақта қамтылуы керек.
7) . жаттығуды сөйлеммен айтып көрсету.
Бас кезінде баланың қимылдары өзіне-өзі сенімсіздеу, онша нақты болмауы мүмкін. Дегенмен, екі жасқа жақындағанда олар бұл қимылдарды жақсы меңгеріп алулары қажет:өз беттерінше баспалдақтармен көтерліп қайта түсу, бар ынтасымен еңбектеу, әр түрлі заттардың астынан өту, үстінен аунау, отыру, тұру, доппен ойнау сияқты қоршаған заттармен кең қарым-қатынаста болу-баланың қол, көру моторикасының қызметін арттырады, ол өз кезегінде баланың ойлау қабілетін, ойынға деген ынтасын және сөйлеу қабілеттерін артырады.
Екі жас пен үш жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1) . Балаларды қозғалысқа үйретуде ойын тәсілдері көп орын алуы керек (қозғалыстың имитациясы, оның образы, тапсырманың сюжеттері және т. б. ) . Жасы кіші болған сайын, ”ойнау”мен “ үйрену”-дің ара жігі де қысқа болуы керек.
2) . Бұл жаста бала бір нәрсеге 15-30секунд қана көңіл бөледі, сондықтан әр 15-30 секунд сайын жаттығу түрін ауыстыру қажет.
3) . Қосалқы құралдарды мейлінше көп қолдануға тарысу, мысалы, баспалдақтарды, кіші-гірім домалақ бөренелерді, тығыз шараларды т. т. Бұлдіршіндермен музыка арқылы жаттыққан дұрыс.
4) . Жаңа қозғалыс түрін үйретуге арналған сабақ мерзімі 15-20 минут болған дұрыс. Балалар ептілікке арналған жаттығуды орындауда тез шаршап қалады.
5) . үш жасқа дейінгі балаларға секіру жаттығуын орындауға болмайтынын әрқашан есте ұстау қажет: (заттардан секіріп түсу, биік амплитуда бойынша секірулер) .
6) . Бала денесіндегі өте әлісіз дамыған мүше - іштің бұлшық еттері, сондықтан оны дамытанын жаттығулардын сайын жасату керек.
7) . Жүру дағдысын жетілдіру үшін серуендеудің үш түрлі нұсқауын ұсынамыз.
Тегіс, қалыпты, кедергілері жоқ жерлер; бір келкі, ой-шұқыры жоқ төбешіктерге шығу және түсулер; әрқилы жерлер.
Үш - төрт жасында баланың қимыл - қозғалыс әрекеттері едәуір артады және қимылдарын өз еркінше бағыттайды. Олар бір орында тұра алмайды, бәрін өздері білгісі және қолмен ұстап көргісі келеді. Сондықтан топтық сабақ ұйымдастырған кезде түсіндіру тым ұзақ болмауы керек, әр баланы ойынға, қозғалыс жаттығуларына қатыстыруға тырысу керек. Осы кезеңде дене тәрбиесінің жаңа қары-ол жаттығуды орындауда нақты мақсат қою болып табылады. Ондай мақсат мынандай болуы керек: тез жүгіру, алысқа лақтыру, допты нысанаға дәл тигізу, қозғалысты дәл орындауы және т. б.
Үш - төрт жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1. Балалардын тежелу процесстері әлсіз және тез шаршап қалуларын ескере отырып, демалыс пен белсенді қозғалыс қызметін жиі - жиі алмастырып отыру.
2. Балалар заттармен жаттығу жасағанды жақсы көреді:олар саусақтың « маторикасы» қызметін дамытады, яғни баланың затпен жұмыс ептілігін арттырады және де сөйлеу мен интеллектін белсенді етеді: Сондықтан, затпен жаттығуға әр түрлі түсті, бірден көзге түсетін заттарды алған дұрыс.
3. Бала қозғалыста болғанды, әр түрлі қозғалыстарды бірнеше реттен және үлкен белсенділікпен қайталап жасағанды жақсы көреді. Оларға осы кезде үлкендердің дер кезіндегі, жекелей қарым - қатынастары, түсіндірулері қажет.
4. Бүлдіршіндерді біртіндеп дыбыстық, коздік белгілер ді дұрыс қабылдауға үйрету қажет. Дыбыстық белгілерге деген олардың жылдамдық реақцияларын, таңдауға және үлкендердің берген тапсырмаларын орындауларын қадағалау.
5. Балалар қозғалыс жаттығуларын үлкендермен бірге орындайды.
6. Қозғалыс ол өз - ара қарым - қатнас қуралы болғандықтан, жаттығуды жасау керек.
7. Қозғалысқа үйретуде нақты қозғалыстық тапсырманы кеңінен пайдаланған жөн. Мысалы: шенбердің ішіне ену, ілініп қойылған сылдырмақты қақпай; тақтай үстімен тік жүру басына қум құйылған қалташаны немесе резеңкелі дөңгелекшелерді қойып. Мұндай әдіс - тәсілдер балаларға нақты қойылған тапсырмалардың мәнін түсінуге және мақсатты орындауға итермелейді.
8. Сабақты уйылдастырған кезде түсіндіру ұзақ болмағаны жөн, әр бала ойынға қатысуы керек.
9. Бала үлкендердің берген тапсырмаларын тез екпінде орындау алмайды, сондықтан жаттығуды орындау балаға тиімді екпенді(темп) болған дұрыс.
10. Әр түрлі жылдамдылық пен күштік жаттығуларды пайдаланып отырып, оларды жаттығуларды тез орындауға үйрету керек.
Төрт - бес жасында бала тепе - теңдікті айтарлықтай үстай алады, биіктен шанамен сырғанайды, шаңғы тебуге талпынады, үш аяқты велосипед тебеді.
Осы жасқа қарай ірі бұлшық ет тоқтарын реттейтін, күшіне енген морфо - функциялық ортаның пісіп, жетілуіне байланысты баланың қимылдары нақтылы бола бастайды, бағытын ұстай алады, қозғалыстық серпінін және ырғағын, ойындардағы ұстап алу, бұрыла қашу тәслідері қлыптаса бастайды.
Төрт - бес жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқалары.
1. Бала берілген оқу міндетін дұрыс түсіну үшін, жаттығуды көрсету мен түсіндіру бірінші, ал жаттығуды орындау екінші болу керек. Балаға білетін жаттығуды өрсетуге де болады, тек оның қалай дұрыс орындауын, ретін ескертіп, айту қажет. Сол арқылы оларды анализ жасауға үйретуге болады. Жаңа қозғалыс ойыннның мазмұны мен ережесін толық басынан аяғына дейін түсіндірілуі керек, ал ойын кезінде ережені түсіндіріп отыру дұрыс.
2. Жаттығуды көрсетіп орындау үшін балаларды тартқан жөн, яғни олар өздерінің қозғалыстарын әсерлі, нақты көрсетуге тырысады.
3. Бірте - бірте сөйлемдік тапсырмалар, қысқа түсінктемелер, салыстырулар мен бағалауларды енгізу керек.
4. Циклдік қозғалыстарды үзіліссіз орындауда оның ұзақтығы біршама (1, 5 - 3 минуттан 10 минутқа деін), бірқалыпты екпінде өткен дұрыс.
5. Әрекетті жаттығулар ( жылдамдыққа жүгіру, көтеру және лақтыру нығыздалған допты, қалыпты (поза) ұстап тұру және т. т. ) 5 - 15 сек аралығында орындалып және 10 секундтан 2 - 3 минуқа дейін демалыспен алмасып отыру керек. Бір орында секірулердің мөлшерін бірте - бірте 25 - 30 дан 40 -50 ге өсіріп қатарынан 2 - 3 рет жасатқан дұрыс. Осындай физикалық жүктемелер балалардың тыныс алу; жүрек - тамыр және бұлшық жүелерінің белсенді дамуы кезінде өте керек.
6. Физикалық жүктемелерді бере отырып мұғалім, балалардың танымдық қабылеттердін дамытуды да ұмытпағаны жөн. Физикалық жаттығуларды орындамай тұрып балаларға интеллектуальдық есептерді шешуді тапсырған дұрыс. Мысалы: Залда қанша доптар бар? Көздеріңмен ең үлкен допты табуға тырысындар? Оның түсі қандай? Ал енді ең кіші допты табындар? Орташа доптар барма? Олардын түстері қандай? Енді әр қайсының бір үлкен, бір орташа, бір кіші допты алып өздеріңнің үйшіктеріңе (шеңбе) қойыңдар.
7. Тапсырманы орындауда дәлдік пен дұрыстығына көп көңіл бөлінгені дұрыс.
8. Баларды өздерінің және қасындағылардың қозғалыстарын бағалауға үйрету керек.
Алты - жеті жасында қозғалыс қимылдарының дамуына өте сапалы кезең басталады: нақтылы ырғақтылық және дәлділік. Бұл қасиеттер көбінесе жалпы дамыту жаттығуларын орындауда байқалады. Балалар жекеленген жаттығуларды орындау кезінде өз қателіктерін аңғара бастайды, қарапайым талдаулар жасауға бейімделеді.
Дайындық тотының балалары осы кезде спорттық ойындарға қызығушылық таныта бастайды. Оларға футбол, баскетбол, қол добы ойындарының элементтерін үйрете бастаған дұрыс. Осы жаста олар коптеген қимылдарды меңгере алады. Мысалы:ұзындыққа және биіктікке екпіндеп келіп секіру, қарғымақпен секіруді, арқанға өрмелеу, домалауды, допты қашықтыққа лақтыру, екі аяқты велосипед тебу, ролик пен коньки тебу, және т. т. қимылдар.
Дайындық тобының балаларымен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1. Бүл жастағы балалар, күрделі қозғалыстарды менгеруге қабілеті (ұзындыққа, биіктікке екпіндеп секіру, кіші допты лақтыру және т. т. ) және психологиялық жағынан бір жақты жаттығуға «толық ереже бойынша» дайын. Бірақ та оларды жүйелі түрде жаттығуды орындауға ерте екенін ескерген жөн.
2. Бостанқы үйрету, әсресе күрделі қозғалыстарды жаттығулардың әдістемесі арқылы атқарылады.
3. Қозғалыс дағдысын қалыптастыру тезірек жүреді, егер де жаттығу түрлерін бірнеше рет қайталап жасатса (аз үзіліс беріп арасына ) . Мысалы:етпендеп келіп биіктікке және ұзындыққа секіруді 8 - 9 рет қатарынан қайталау керек, одан әрі қайталауды 3 - 4 - ке төмендетуге болады. Осы қозғалысты үретуге 3 - 4 сабақ өтсе болғаны.
4. Балаларға қозғалыстардың реиті мен оның қандайда бір фазалық бөліктерін көрсетіп және түсіндіріп қана қоймай, ол қозғалыстарды жасауда қандай әрекет жасау керектігін баса назар аударту керек. (секіруде-итерілу, өрмелеуде - қолмен ұстау және тағы басқа. )
5. Алты жастағы балалар көбінесе өздерінің физикалық мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайтындығын әрдайым есте ұстаған жөн.
6. Жеті жасқа арналған (ЖДЖ) жалпы даму жаттығуларын орындау олардан едәуір физикалық қарқынды қажет етеді. Себебі, физиологиялық эффект болу үшін жаттығулар жылдам қарқында және көлемі жағынан ауқымдырақ болып келеді.
7. Жаттығуды көрсету және түсіндіру алдымен болғаны жөн, одан кейін барып жаттығуды орындау дұрыс, таныс білетін жаттығуларды көрсетпесе де болады, тек оның қалай дұрыс орындалады соны айтып, ескерткен жөн. Сол арқылы оларды ойлауға, анализ жасауға үйреткен дұрыс.
4. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының мынадай түрлері кеңінен қолданады.
- Дене (жаттығулар) тәрбиесін оқытудың сабақтық түрі:
- міндетті оқыту сабағы;
- қосалқы үйірмелік сабақтар (фитбол, хореография, балалар аэробикасы және басқа түрлері) ;
- міндетті немесе қосалқы сабақтар ЕДТ (Емдік дене тәрбиесі) ;
- Дене тәрбиесін оқытудың сабақтан тыс түрі:
- ертеңгілік гимнастика;
- ұйқыдан кейінгі гимнастика;
- қозғалыс ойындар және спорттық қимыл-ойындары;
- физкультминуткалар сабақ арасындағы;
- серуендеулер мен табиғат аясына шығу;
- дене тәрбиесі мейрамдары мен демалысы;
- балалардың өз бетінше орындайтын дене жаттығулары;
Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына бөлінген міндетті минимумның саны төмендегідей болу керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz