Ұлттық құндылықтар - Абай әлемінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық құндылықтар - Абай әлемінде

Сағидуллина Аида, Сейтағазам Гүлнұр, Қажатова Жұлдыз, Шаудирбаева Нургул, Ыдырыс Ақтілек, Өмірханова Диана

Кілт сөздер: Абай, ұлттық құндылықтар, әдебиет, Абай еңбектері-уақыт тоғысында.

Аннотация

Абай Құнанбайұлының шығармашылығы - еліміздің ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпайтын рухани қазынасы. Абайдың әрбір қара сөзі - халықтың бойтұмары. Қазіргідей ғылым мен өркениеттің дамыған уақытында Абайды басқа қырынан зерттеу, жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып Абай мен Жаңа Ұрпақты уақыт тоғысында байланыстыру -біздің негізгі мақсатымыз.

Әр халықтың ақыл-ойы мен санасының, мәдениеті мен өркениетінің, рухани жан дүниесінің қалыптасуы мен дамуына, адамзат тарихында орын алуына, ұлт ретінде мәдени және тарихи статусына үлкен бетбұрыстар алып келетін қайталанбас тұлғалар болады. Қазақ елі үшін әрбір туындысы даналықтың эталоны болатын Абай - сондай дара тұлғалардың бірі әрі бірегейі. Ұлттық сананы қалыптастырып оятушы Абай - әлемдік аренаға Қазақ деген елді алып шығушы бірден-бір тұлға. Қазіргі уақытта тәрбие саласындағы басты миссиялардың бірі - ол жас ұрпақтың санасына Абай әлемінің бай мұрасы мен болмысын, құпиясы мен сырын таныту арқылы Қазақ елінің мәдениетін, тарихын, рухани жетістіктерін сіңірту. Абайдың үздік туындыларын оқу арқылы үлкен рухани белестерге қол жеткізу, халқымыздың елдік дәрежесін биікке көтеру. Жаңа ұрпақтың бойында ұлттық рух қалыптастыру.
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы - еліміздің ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпайтын рухани қазынасы. Абайдың әрбір қара сөзі - халықтың бойтұмары. Қазіргідей ғылым мен өркениеттің дамыған уақытында Абайды басқа қырынан зерттеу, жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып Абай мен Жаңа Ұрпақты уақыт тоғысында байланыстыру -біздің негізгі мақсатымыз.
Ұлттық құндылықтар ұлттың игілігі мен болашағына ортақ білімдер мен даналық үлгілері деп жатамыз. Ал ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адамға маңызды нәрсе ол - ұлттың тағдыры. Ұлттың тағдырын шешуге көмектесетін нәрсе ол - құндылықтарымыз. Ал құндылықтарын сақтай алмаған елдің болашағы ұзаққа жетпейді. Ұлттық құндылықтармен тәрбиеленіп өскен адам кейінгі ұрпаққа да дәл солай құндылықтарды табыстап отыратын игілікті тұлға болмақ. Соның ішінде, ана тілі, туған жер, дін, салт-дәстүр мен мәдениет туралы түсініктер ұлттық құндылықтар арқылы адам бойында қалыптасып дамып отырады. Ұлттық құндылықтардың ішіндегі ең асылы - білім. Дәл осы білім тақырыбын Абай өмірінің соңына дейін қозғап өткен. Қараңғы қазақ халқын білім іздеуге, жаңа нәрсені үйренуге шақырған. Сондай шығармаларының бірі:

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
- Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
- Бес асыл іс, көнсеңіз.
Ғылым мен білім адамзат биігінде өмір сүретін өте ерекше дүние. Кез келген адам білімнің шыңына жете алмайды. Бірақ білімді іздеп оны өмірде қолдану әр адамның қолынан келетін дүние. Осы шығармада да Абай адамдарды білімнің жолына түсіп, бос нәрсеге алтын уақытты жоғалтпай керісінше жақсы істермен айналысып, қоғамға пайда тигізуге шақырады. Шынайы білімді таныған адамының бойында жақсы қасиеттер де қалыптасады. Дұрыс талап болған жағдайда еңбек пайда болады. Ал нәтижелі еңбек ету үшін ақыл мен білім қажет. Жақсы ойлар арқылы еңбек игілікті іске айналады. Ал осы игілікті істі жасау барысында қанағат, төзім, мейірімділік, жанашырлық секілді асыл мінездер қалыптасады.
Жақында ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Абай-рухани реформатор» деген мақала жариялаған болатын. Өз сөзінде « Ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және дәріптеу - азаматтық парызымыз. Өйткені Абай- әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға. Абайтанудың тұғырнамалық негізі де осы болуға тиіс» -деп пайымдаған еді және де 10-тамыз күнін «Абай күні» деп белгілеп ұлттық деңгейдегі мереке ретінде жариялады. Президенттің бұл бастамасына біз қолдау көрсетеміз, себебі осындай мемлекеттік деңгейде атқарылатын шаралардың арқасында Абай халық жүрегінде мәңгілікке қалмақ. Оның еңбектері де халықтың арасында дәріптеліп, ұлттық құндылықтарымыздың өркендеуіне әкеледі деп кәміл сенеміз.
Түптеп келгенде әрбір қазақ Абайдың дана шығармаларымен мақтануы тиіс, және оны әркез дәріптеп онда жатқан терең ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп, артымыздаға жаңа ұрпаққа жеткізу - әрқайсымыздыің парызымыз.
Қорыта айтқанда, Абай ұлт болашағын жырларымен, терең ойларымен пайымдар кеткен данышпан. Оның әр еңбегі кешегі күні ұлықталып еді, бүгін руханият төріне шығып, қастерленуде. Сол үшін Абайды ұлтымыздың темір қазығы десек артық емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Жалпы адамзаттық құндылықтар - тәрбие мақсатының негізі
ЕЛ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АКАДЕМИК СЕРІК ҚИРАБАЕВ
Көшпелі халықтың «ғарыш» әлемі «Абай жолы» романының жаңа аудармасы туралы
Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары
Жаратылыстану оқу бағдарламасы мен оқулығының мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау және тиімді оқыту әдістерінің әдістемелік негізін ұсыну
Технология мен мәдениеттің байланысы
Өмірдің мәнін негізгі тақырып етіп ұстанған ойшылдар
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz