Тоңазыту камераларының суыту жүйелерінің жіктелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Құтжан Таңшолпан Қанатқызы ТПП-33

Практикалық жұмыс №3

  1. Жылу балансы деген не?
  2. Тоңазыту камераларының суыту жүйелерінің жіктелуі?
  3. Суықты тұтынудан суықты бөліп алу әдістері қандай?

Жылу балансы -әр түрлі жылу процестеріндегі жылудың кірісі мен шығынын салыстыру. Техникада бу қазандықтарында, пештерде, жылу қозғалтқыштарында және т. б. жүзеге асырылатын жылу процестерін талдау үшін қолданылады. Баланс энергия бірліктерінде немесе өнімнің бірлігіне келетін жылудың жалпы мөлшерінің % - ында, жұмыстың 1 сағатында, уақыт кезеңінде немесе жұмсалған заттың 1 кг-да жасалады. Ғылыми зерттеулерде олар көптеген астрофизикалық, геофизикалық, химиялық, биологиялық және басқа мәселелерді шешуде қолданылады.

Жылу балансқа салқындатылатын бөлмеге жіберілетін жылу мен жылуды қайтаруды теңескенде жетуге болады, яғни :

Q ж. беру = Q қайтару.

Бұл кезде бөлмеде белгілі бір температура t тең орнатылып, ол теңескен деп аталады.
Жылу балансының теңдеуін былай көрсетуге болады, Вт:

Q 1 +Q 2 +Q 3 +Q 4 +Q 5 =Q 0

Мұндағы Q 1 - күн сәулесі мен қабырғаның екі жағындағы температуралардың айырмасының әсерінен пайда болып, бөлме қоршауының жылу бергіштігі; Q 2 - салқындату мен мұздату кезіндегі жүктің жылу бергіштігі; Q 3 - бөлмені желдету кезіндегі ауаның жылу бергіштігі; Q 4 - бөлменің қолданылуымен байланысты жылу бергіштігі; Q 5 - өсімдіктердің тыныс алуының әсерінен болатын жылу бергіштік.

Жылу бергіштік уақыт бойынша тұрақсыз. Жылу балансында ең көп үлес Q 1 мен Q 2 жылу бергіштікке түседі. Q 1 мен Q 3 жылу бергіштері сыртқы ауа температурасының өзгеру динамикасын қайталап, оның максимумы ең ыстық жыл мезгіліне келеді. Q 2 өзгерісі жүктің мұздатқышқа түсуіне тәуелді болады. Саналатын салмақты компрессорлық және камералық жабдықтарға бөлінеді. Q 4 - бұл электр жарықтану, іске қосылған электрқозғалтқыштар, адамдар мен есіктің ашылуы нәтижесіндегі жинақтық жылу жіберілу болып табылады.
Q 5 өсімдіктекті өнімдерден болатын жылу жіберілу жемістерді салқындату мен сақтау кезіндегі тыныс алу жылуына байланысты болады.
Әрбір жеке бөлме үшін камералық жабдықтарға түсірілетін жүктемені жылу беруді жинақтау арқылы анықтайды Q об.

Тоңазыту камераларының суыту жүйелерінің жіктелуі

  • Жүйелерді төмендегідей белгілеріне қарай бөледі:салқындату ортасының түрі мен жұмыс затының салқындату объектінде таралу әдісіне -тікелей салқындату жүйесі(сорапсыз және сорапты-церкуляциялық)
  • аралық салқын тасымалдағышты салқындату жүйелері(ашық және жабық типті) ;
  • негізгі жабдықтардың орналасу әдісіне -орталықтандырылған салқындату жүйесі
  • деорталықтандырылған салқындату жүйесі

Жылуды салқындату объектісі мен өнімдерге байланысты жылуды қайтару жолына қарай бұл жүйелерді түйіскен және түйіспеген салқындату деп бөледі.
Түйіскен салқындату кезінде жылу объектілерден салқындату агенті арқылы қайтарылады, бұл процесс салқындату құрылғыларда жүзеге асырылып, ол бір уақытта салқындату машинасының буландырғышының қызметін атқарып, салқындатылатын бөлмелерде орналасады. Бұл кезде салқындату агентінің агрегаттық күйі өзгереді (ол қайнайды) .
Сорапсыз салқындату жүйелерін тура ағысты және сұйықтықты бөлетіндерге бөледі. Тура ағысты жүйелерде сұйық салқын агент конденсация қысымының айырмасы мен қайнауы арқасында жіберіледі. Компрессордың тұрақты және қалыпты жұмыс істеу үшін оған әрдайым шамадан тыс қыздырылған бу жіберіліп отыру керек. Ол үшін салқындату құрылғыларына жіберілетін салқындату агенті Q о жылу жүктемеге сай келу керек.
Тура ағынды жүйелерді тек кішігірім салқындату құрылғыларда қолданады.
Сорапты-циркуляциялық жүйелерді ірі салқындатқыш құрылғыларда басым қолданады. Бұл жүйелерде сұйық салқындату агенті құрылғыларға сораптан пайда болған қысым арқылы жіберіледі.
Сұйық салқындату агентін салқындату құрылғыларына астынан жіберетін тура ағынды жүйеде бір уақытта сұйықты айырғыш қызметін атқаратын тік циркуляциялық ресиверлер қолданады.
Сонымен қатар сұйықты салқындату құрылғыларына жоғарғы жағынан жіберетін жүйелер де қолданылады. Бұл жүйенің кейбір артықшылығына қарамастан (салқындату агентінің аз сыймдылығы, сұйықтың гидростатикалық көрсеткіштің қайнау температурасына әсер етпеуі және т. б. ), салқындату бетінің аз сулануына байланысты жылу алмасу интенсивтілігі төменірек болады.
Аралық салқынтасымалдағыты салқындату жүйесінде жылу объектілерден аралық сұйық салқынтасымалдағыштар арқылы қайтарылады. Салқынтасымалдағыштың циркуляциясы салқындату құрылғыларында ортадан тепкіш сораптармен жүзеге асырылады, бұл кезде салқынтасымалдағыш агрегаттық күйі өзгермей қызып (2-3 0 С), ал буландырғышта салқындату агентінің қайнау температурасында салқындайды.
салқындату жүйелерін ашық пен жабық деп бөледі. Жыбық жүйеде жыбық типті құрылғыларды қолданады (қаптамақұбырлы немесе қапталған жыланқұбырлы буландырғыштар, құбырлы салқындату құрылғылары - батареялар) . Ашық жүйеде ашық типті буландырғыштар қолданылады, соның салдарынан металдың жоғары коррозиясы байқалады. Жабық жүйелер анағұрлым кең қолданады.
Аралық салқын агентті салқындату жүйелерінде салқындату агентінің салқындатылатын бөлмеге өтуін болдырмау керек, себебі буландырғыш пен оның барлық құбырлары машиналық бөлімшеде орналасады.
Салқындату құрылғылары камераларда шық нүктесінен төмен температура жағдайларында жұмыс істейді. Салқындатылатын бөлме ауасындағы ылғал салқындату құрылғыларының сыртқы бетіне қырау түрінде отырып, соның арқасында жылуалмасуды қиындататын қарлы тон түзеді, сондықтан қарлы тонды жиі-жиі тазалап отыру керек.
Салқындату құрылғылардың сыртқы бетін қарлы тоннан тазалау үшін механикалық және жылу әдістерін қолданады. Механикалық әдіс кезінде қарлы тонды ауамен үрлейді, қырғыштармен тазалайды. Жылулық әдіс кезінде қарды ерітіп, ал су мен аздап еріген қарды алып тастайды. Ерітуді салқындату агентінің жылы суымен, жылы ауасымен, ыстық буымен, құбырдың бетін оны ішінен жылту арқылы жүзеге асырады. Ақырғы жағдайда еріп жатқан батареядан алдынала сұйық салқындату агентін алып тастайды, содан соң оған арнайы құбыр арқылы майайырғыштан кейін салқындату агентінің ыстық буы жіберіліп, олар конденсирленіп, батареяның қабырғаларын жылытады, соның арқасында оның сыртындағы қырау қабаты еріп, оны оңай алып тастауға болады.

Салқынды тұтынушыдан жылуды қайтарып алу тәсілдері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоңазытқыш
Жылу аппараттарының негізгі құрылымдық элементтері
Үздіксіз суытқыш реті (цепь)
Балық өнімдерін өңдеу және сақтау бойынша ұсыныстар
Фермент активтілігіне температура әсері
МАВИД ЖШС өнеркәсіптегі кәсіпорындық өндірісті ұйымдастыру
Кондитер цехы жабдықтары
Тоңазытқыш. Тоңазытқыш машиналарының циклы
Салқындатқанда және салқындатқан күйде сақтауда етте жүретін өзгерістерге сипаттама
Табиғи, ілеспе газдар және оларды өңдеу мен тазалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz