ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Кіріспе бөлім. Түркі әлемінің рухани жұлдызы, көрнекті ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы қазіргі Ұлы Даламыздың Отырар қаласында туған. Адамзаттың екінші ұстазы, Шығыстың Аристотелі атанған энциклопедист ғалым, Ислам пәлсапасының алып қайраткерінің толық тегі, аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки. Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби һижра жыл санауы бойынша 329 жылы Дамаскіде қайтыс болып, сол жерде жерленген, кесенесі де сол жерде. Кемеңгер ұстаздың туған жері, балалық шағы, есімі, өмірден озуы өз алдына бөлек әңгіме.
Бүгінде бізді көп ойласаң, дана боларсың қағидасына сай, Әбу Насыр әл-Фараби ойшылдығы, ғұламалығы таңғалтпай қоймайды. Тұңғиық терең білімқорлыққа қалай қол жетпек. Туа біткен таланттылық па. Дау жоқ, жаратылысы бөлек тұлға. Ақиқаты - Әбу Насыр әл-Фарабидің тұңғиық ғұламалығы, теңіздей терең білімпаздығы білуге, білім-ғылымды игеру, меңгеру құмарлығының ағыл-тегілділігінде. Ал жаңа ұрпақ бойына осы ізгі құмарлық, игі ынтызарлық қайдан жұғысты болмақ. Ұстаздан, жақсы ұстаз өнегесінен. Ұстазы мықтының ұстамы мықтылығы содан. Ойлантпай қоймайды. Десек те, зерттеушілер әл-Фарабиді өздігінен шарқ ұра іздене жүріп, басын тауға да, тасқа да соға жүріп, аса табандылық танытуымен жетілген ғалым деседі. Мәселен, айтулы тарихшы Ибн Халликанның жазбаларына сүйенсек, әл-Фараби Аристотельдің Метафизикасын 40 рет, Жан туралы туындысын 100 рет, ал Риторика атты трактатын 200 рет оқығаны туралы дерек келтірілген. Неткен табандылық десеңізші! Тіпті, бізге жеткен деректерге үңіле бағдарласақ, ғұлама Әбу Насыр сөз қадірін ерекше жоғары бағалаған, ғалымды ағыл-тегіл, аста-төк байлық емес, уақыт қадірі, адамдық биік парыз терең ойлантқан. Қарапайым да қанағатшыл болған. Қолға алған, бастаған ісін жалғастыруды, тереңдетуді, жазбаларының қалың көпшілікке қолжетімді әрі түсінікті болуын ойлаған. Қысқасы, ғұлама ойшыл қара қарынның тойғанына мәз болмаған, қара басының амандығын ғана ойламаған. Жаратушы Тәңіріне тағызым ете білген. Ғұламаны руханият мәселесі ерекше толғантқан. Нәтижеде әл-Фарабидің ғылыми мол мұрасы бүгінде бүкіл әлемдік ғылым дамуының тарихи іргетасы, бастау көзі ретінде бағаланған. Ұлы ойшылдың 160-тан астам трактатында көрініс тапқан шығармашылық мұрасы ғылым атаулының негізгі бағыттарын дамытуға ерекше ықпал еткен. Ғалым математика, геометрия, физика, метафизика, филология, педагогика, жантану, әдістеме, химия, биология, философия, астрономия, минерология, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, дінтану, музыка, астрология, этика және тағы басқа да салаларға өлшеусіз үлес қосқан [4;5].
Талдау. Әл-Фараби мұрасын зерттеуді алғашқы болып қолға алған, еліміздегі фарабитанудың ірге тасын қалаушы ғалым Ақжан Машани: Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласында өшпес із қалдырған,-дей келе: - Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, үндестіру - халқымыздың мыңжылдық мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз [6] ,- деп түйіндейді. Ал белгілі шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі: Әбу Насыр әл-Фараби ғылымның пәлсапа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика саласында үлкен жаңалықтар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған,-деп ой түюі де бекер болмаса керек.
Дау жоқ, ғалым трактаттарындағы тұңғиық қилы тұжырымдарды түсіну белгілі бір жоғары деңгейді, ішкі дайындық пен сананы қажет етері анық. Асылы, бидің сөзін құл да айтады, бірақ ауызының дуасы жоқ. Ұлы Даланың ұлағатты тұлғасы Әбу Насыр әл-Фараби - дуалы ауыз тұлға. Ойшыл адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетерін баса айтады. Ғалым адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиістілігін болжап, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетілеріне арқа сүйейді. Бұл тұжырымды ойға имандай сенесің, себебі Әбу Насырдың өзі де өмір бойы тап осы қағидатты басты кредо етті емес пе. Нәтижеде телегей табысқа, кемел парасатқа жетті емес пе. Өкініштісі, тап осы түйінді тезиске екінің бірі мүлдем мән бермейді, бастапқыда тіпті түсінбейді, кештеу ұғынып жатамыз. Адам санасының жаңғыруы нәтижелі жаңалыққа әкелмек. Шын білімді ақиқат, анық білім деп ұққан ғалым білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатарын бағдарлай келе, білімді болуды жаңалық ашуға қабілетті болу тұрғысында пайымдайды. Осы тұста да ойшыл бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында екендігіне акцент береді. Осыдан кейін білімге, білуге ұмтылмай гөр! Өз кеудеңде өзіңе Америка ашқың келсе, өз-өзіңді танығың келсе, түбірімен өзіңді түлеткің келсе, білімге ұмтыл. Өзге жол жоқ. Жетік біліміңнің айқын көрінісі - сенің білігің. Тек білім ғана телегей-теңіз білік қалыптастырмақ. Бірегей білігің - Сіздің күнделікті алуан жағдаяттағы ұтымды сөзіңіз, сізге еселей қуаныш сыйлар күнделікті қисынды да мақсатты мағыналы іс-әрекетіңіз. Адам баласының межелеген айқын мақсаты арқасында тұлға ретінде сомдалуға септесер білік-жүйе молая түспек. Демек, білімің - білігің, сөзің - өзің. Бұл саты ғылым өріне өрлетпек. Ғұламаның айтуынша, ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұшқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұяламақ. Олай болса, ғылыммен айналысар адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. Тіпті бұл реттегі ғұламаның ғылым үйренуге кіріспекші кісі тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, қулық-сұмдықтан және басқа да ағат мінез-құлықтан аулақ болуы қажеттілігін астын сыза айтуы ойлантпай қоймайды. Демек, бүгінде қаншама қажет болғанымен ғылымға бет бұру, ғылыммен айналысу еріккеннің ермегі емес. Білім-тәжірибе, ғылым-ілім нәтижесі адам бойына орасан ақыл-парасат сыйлайды. Білім-ғылымның құдіреті осында. Ал адамға ғана тән ақыл-парасат - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсылық пен жаман қылықтың аражігін ашуына бірден-бір жәрдемдесер, бірден-бір көмектесер бірегей құдіретті күш іспетті құбылыс. Демек, әл-Фарабише түйінделер тезис - қоғамдағы барша қиыншылықты жеңетін адамды бақытқа жеткізетін күш - адамның ақыл-ойы, ақыл-парасаты.
Әбу Насыр әл-Фараби - Шығыс әлемінің рухани ұстазы. Ғұлама адам бойындағы мінез-құлық мінін рухани кеселге балайды. Мінезді жанның айнасы деуі де осыдан болса керек. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы өзге емес, тек жақсы мінез-құлыққа байланыстылығы тегін емес. Қалай болғанда да мінез бен ақыл жарасса, адамгершілік ұтары даусыз. Әл-Фарабише ой өрсек, рухы мықты ұстаздың әркез ескерер түпкі мақсаты - шәкірт мінез-құлқындағы жағымсыз мінез, жағымсыз қылықты болдырмау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
Бұл ғаламда әр адамның өз орны барлығын мойындар болсақ, ғұлама ар, адалдық, адамгершілік қасиеттерін алғы кезекке қояды. Ақиқаттың адалдықпен ағзаластығын айта келіп, ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланыстылығын баса көрсетеді, тіпті бұл ретте өзгенің пікірін иемденіп кетудің надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс екендігіне налиды. Таңғалар тұс, бүгінде көз майыңды ағызып, маңдай теріңді тамызып, ми ашыта, жан қинай, сансыз секундыңды сарп ете терлеп-тепшіп жазған жазбаларыңды екінің бірі мысқал да ойланбастан, еш шімірікпестен селт етпей көшіріп алып, өз аттарынан жариялай саларын көргенде ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзі еске түсері кәміл. Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісінің көлгір келері де осыдан болса керек-ті.
Тәжірибе. Әркімнің өзі шығар биігі бар десек, Әбу Насыр әл-Фараби - өзіндік шырқау биігіне шыға білген, бір өзі-ақ бір университет бола алған заңғар тұлға. Ғұлама тұлға тұғырының берік болуына баса мән береді. Мына әлемді адасудан жартылай құтқарар тек тәрбиелі тұлғалар екендігіне кәміл сенеді, сендіреді. Сәйкесінше, тәрбиелеуді адамның бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнер қуатын дарыту тұрғысында таразылайды. Ұлы педагог әл-Фараби: Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатындай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді,-деп жазады. Демек, тәрбие - толыққанды тұлға қалыптасуының басы. Бұл ретте әйгілі әл-Фарабидің: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, - деген тұжырымы әлем педагогтарының санасында. Бұл орайда ғұлама әл-Фарабиге сүйене айтар болсақ, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. Жаман қылық - жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек. Ғалым: Еңбек етудің өзі - өнер. Еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады,-деп жазады. Қысқасы, педагог-ғалым әл-Фараби: Тәрбиеші - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол - күллі ой мен қимыл іс-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі, - деп түйіндеген. Әбу Насыр әл-Фарабише, адамның тоқымашы не атбегі болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді. Егер де адамның тәндік жаратылысы дамуының негізгі көрсеткіші дененің саулығы болса да, адам атаулы кез келген жұмысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл Фараби тарихи мұралары
Қазақ даласының жұлдыздары
Ғалымдар энциколопедиясы
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Ғүлама Әль -Фараби
Фараби туралы
Пәндер