Сапаның әлеуметтік және экономикалық негіздері


Құтжан Таңшолпан ТПП-33
Практикалық жұмыс № 1
Сапаның әлеуметтік және экономикалық негіздері
- Өнім, бәсекеге қабілеттілік, сапа, жүйе, менеджмент, СМЖ терминдерінің анықтамалары
- Демингтің «шынжырлы реакциясы» сызбасы
- Сапа - басқару объектісі ретінде қандай мәселелерді қарастырып шешуін қамтамасыз етеді?
1. Өнім - белгілі бір қажететтілктерді қанағаттандыруға бағытталған халық шаруашылығы әрекетінің заттық нәтижесі және белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, құрылыс нысандар, қоғамдық еңбек қызметінің нәтижесі, кәсіпорында дайындалған өнім. Өнім - адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея), яғни адам еңбегінің, шаруашылық қызметтің заттай нысанда немесе нәтижесі материалдық-заттай нысанда (материалдық өнім), рухани нысанда не бейматериалдық-зияткерлік, рухани, ақпараттық нысанда (зияткерлік өнім, ғылыми ашылым, идея) не орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрінде бейнеленген нәтижесі.
Бәсекелестiкке қабiлеттiк -бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі факторларга байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табылады.
Сапа - тұтынушыны қызықтыратын өнім қасиеттерінің жиынтығы. Бұл елдің экономикалық жағдайын бағалауда қолдануға қажет сипаттама.
Жүйе (лат. systēma- бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) - бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; жұмыс істегенде біріктірілген құрылымдар жиынтығы.
Менеджмент (ағылш. мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
СМЖ - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды құрудың тиімді құралы. Сапа Менеджмент Жүйесі тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің өнімдерінің сапасын жоғары дәрежеде жасалатынын қамтамасыз етеді, сонымен қатар кәсіпорын қызметін жақсартады.
2. Доктор Э. Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, « тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек ».
Шынжырлы реакция - кәсіпорынның басшылығы мен персоналына еңбек сапасы, өндіріс тиімділігі және кәсіпорын жұмысшыларының жағдайының тұрақтылығы арасындағы байланысты көрсету. Бұл байланыс диаграмма түрінде ұсынылған онда сапаны арттыру, сайып келгенде, жұмыс орындарын сақтауға әкелетіні көрсетілген, бұл қызметкерлердің уәждемесін жақсартады және өз кезегінде сапаны одан әрі арттыруға әкеледі.
Сапаны арттыру
Өнімділікті арттыру
Шығынды азайту
Сұраныс деңгейінде бағаны қалыптастыру
нарықтағы позицияларды нығайту
кәсіпорындардың экономикалық тұрақтылығын нығайту
3. Өндіріс және бақылау процесіне енгізу мақсатында ақауларды жою және кері байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету болашақта анықталған ақаулардан аулақ болуға мүмкіндік беретін өзгерістер.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарық жағдайы жұмысына ауысу кезінде сапа қосымша фактордан кәсіпорынның сәтті қызметінен және мемлекет экономикасын жақсартудың маңызды шартына айналады, өйткені ешқандай инвестиция талап етілген сапаны қамтамасыз ете алмаса кәсіпорынды құтқара алмайды, бұл яғни өз өнімінің бәсекеге тәуелділігі. Сондықтан қиын болғанмен де, бірақ кәсіпорындарға нарықтық жағдайларда өмір сүруі үшін үнемі өнімнің талап етілген сапасын қамтамасыздандырумен байланысты мәселелерді шешуі керек.
Дәлірек айтқанда, сапа - бұл кәсіпорын мойнындағы ауыр тас, бірақ ол онымен жүзген кезде құламай тұрса, ол тас кәсіпорынға қосымша жүзгіштік беретін құтқару дөңгелегіне айналады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Мендебаев Т. М. Сапаны басқару: Оқулық / Т. М. Мендебаев, А. З. Габдуллина, А. Т. Альпеисов. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013. - 248 б.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz