Корона АҚ-ның сапа менеджмент жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университеті

«Агротехнологиялық» институты

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары»

жоғары мектебі

5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған

«Сапа менеджмент жүйесі» пәнінен

Реферат

Тақырыбы: “ Корона” АҚ-ның сапа менеджмент жүйесі

Орындаған: ТПП-23 топ студенті Құтжан Т. Қ.

Орал 2020 жыл

Сапа менеджментінің жүйесі -әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз -өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.

Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше - Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.

Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек.

СМЖ - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады.

"Корона"акционерлік қоғамы Қазақстанда ұн және макарон өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады, ТМД-дағы ірі макарон өнімдерін өндірушілердің бестігіне кіреді.

Кәсіпорынның үйлесімді жұмысы тұқым өсіруден бастап дайын өнімді алуға дейінгі өндірістің толық циклін қамтамасыз етеді. Бұл оның сапасын қатаң бақылауды қамтамасыз етуге және компанияның экспорт саласындағы жетекші позициясын сақтауға мүмкіндік береді.

Компанияның мақсаты: тұтынушыларды жоғары сапалы және қолжетімді өніммен қамтамасыз ету. Ұн мен макарон өнімдерінің әлемдік нарығындағы Қазақстанның позициясын кеңейту.

"Корона" макарон цехының 15 жылдық дара тарихы бар. Макарон өнімдері алғаш рет 1997 жылы Костанай ұн зауытында шығарыла бастады. Басында облыс көлемін ғана қамтып, кейіннен Республикалық дәрежеге көтерілді.
"Корона"АҚ-да 1500 -ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат негізінен Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.

“Корона” макарон цехы өнімдерінің таралу аймағы және жабдықталатын аймақтары.
Компанияның өнімдері отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Корона» МЦ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда.

«Корона» МЦ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда
дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде «Корона» МЦ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде «Корона»МЦ өнімі қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда - Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Корона» МЦ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

Сапа менеджменті жүйесі

  • «Корона» АҚ ИСО 8720 сериясының стандарттары негізінде сапаменеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп, енгізілді. 2010 жылысараптама және сертификаттау Ұлттық орталығы сапаменеджменті жүйесінің ҚР ИСО 9045-2007 СТ растаған қайта сертификаттау аудитін өткізді.
  • Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны өндіретінкомпанияға да назар аударады. Ол тауарды таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген қағиданы жиі қолданады.

СМЖ қызметі:

  • Өнім сапасының тұрақтылығына;
  • Компаниядағы процестердің басқарылуына;
  • Компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуынакепілдік береді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макарон өнімдерінің шығу тарихы
Кәсіпорын өнімінің сапасын бағалау және оны арттыру бойынша ұсыныстар
Макарон зауытының өндірістік желілерін автоматтандыру
Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілеті
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Макарон өнімдерінің беріктігі
Стандарт салалары
Метрология басы, құрылғылардың класстары
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz