Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті

Агротехнологиялық институты
Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары
жоғары мектебі

5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған
Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәнінен
Баяндама
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

Орындаған: ТПП-33 топ студенті Құтжан Т.Қ.
Тексерген: Жангалиева Е.С.

Орал 2020 жыл
Жоспары:
Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы
Кәсіпкерліктің мәні, атқаратын қызметтері, алғышарттары
Кәсіпкерлік түрлері
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы және жабайы түрі болып саналады. ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, содан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Ресейде және Қазақстанда да кәсіпкерлік қызмет ерте заманнан дамып келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолөнершілер, шеберлер қолдан жасап, оларға ою-өрнектерді ойып, безендіріп, тоқыма тоқып, кілемдер тоқып, іс тігіп, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды. Ал Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ оны крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуына байланысты кәсіпкерлік қызмет те дамыды.1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы мен ауыр өнеркәсіп салалары қоғамымызда маңызды орын алды.
Алғаш рет кәсіпкер және кәсіпкерлік терминдерін ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізіп, оны Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала кітабында жариялаған. Р.Кантильон кәсіпкер деп - тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адам. Басқаша айтқанда, экономикалық қызметпен айналысатын саудагерлер, көпестер, шаруалар, қол өнершілер және басқалардың тұрақсыз және бағасы алдын-ала белгіленген тауарларды сату-сатып алу процестеріне қатысқан тұлғаларды сипаттады. Сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлерді мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды, яғни кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі.
Р.Кантильонның ізбасары Бодо кәсіпкерлік қызмет үшін жауапкершілігі бар тұлға кәсіпорынды ұйымдастырады, белгілі бір жұмыстар атқарады, жоспар жасайды, қызметтің орындалуын бақылайды деді. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: кәсіпкер капиталдың иесі немесе жалдамалы жұмыстың менеджері болуы мүмкін, ол тәуекел жасауға бел буып, одан табыс табуға әрекет жасайды. Сол жылдары Р.Кантильонның осындай пікірлерін физиократтар мақтан тұтты және оның еңбектері бүкіл жерде жариялана бастады.
Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті. Олар Р.Кантильон сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ кейіннен бұл ұғымды кеңейте отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді. Сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше, кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастырушы, жаңа әдістерді енгізу және оларды өткізудің жаңа көздерін ойлап табушы болды.
Кәсіпкер түсінігін оқып үйренуде физиократтар мектебі басым бөлігіне ие болды, ол саяси экономиканың ғылыми қалыптасуының бастамасы болды. Физиократтар кімде-кім жерді жалға алса, сол ауыл шаруашылығында жоғары өнімділікке қол жеткізеді деген айқын тоқтамға келді, яғни олар қоғамдық өнімді өндіру процестерінде негізгі орынды жер иеленушілерге берді.
Физиократтар мектебін Франция мемлекетінің қайраткері және экономисі А.Тюрго өз еңбектерімен одан әрі дамыта алды. Ол қоғамды үш класқа бөлді:
өндірушілер (жерге егушілер мен егіншілер);
меншіктің иесі (жер иеленушілер);
жеміссіздер (кәсіпкерлер, фабрика иелері, қолөнершілер).
Сонымен А.Тюрго өз еңбектерін қорытындылай келе, кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде тек қана тәуекелмен капитал жасауға ғана емес, сонымен қатар осы кәсіпкерлік қызметті басқара білу қабілеттерінің болу қажеттігін атап өтті.
Ағылшын экономисі Адам Смиттің пікірінше, кәсіпкер - өзінің коммерциялық идеяларын жүзеге асырушы және пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыра отырып, тәуекелге баратын адамды сипаттайды. 1776 жылы А.Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады. Сонымен қатар бұл еңбегінде жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын бөліп көрсетеді. Ол халық байлығын құраудың бастамасы - кәсіпкерлік қызмет екенін көрсете білді.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан және тұрпайы саяси экономикасын бастаушыларының тағы бір әйгілі экономисі Жан Батист Сэй (1767 - 1832 жж.) болып табылады. Ол бизнес саласында өзінің тәжірибесімен таныла отырып, 1810 жылы алғашқы рет кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы рөлін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді. Саяси экономика трактатында кәсіпкерді өзінің өнімін өндіруде күресе білетін және сол үшін тәуекелге баратын тұлға ретінде көрсетеді. Кәсіпкерлік қызметті өндіріс факторларын үйлестіруші және басқарушы ретінде атап көрсетті. Кәсіпкерлік қызметті орындау үшін, адамдардың білімді болуы, айналада болып жатқан процестерді түсінуі, өндірістің үш факторын - табиғат, еңбек және капиталды қозғалысқа келтіру және оларды біріктіре білу қажеттігін атап көрсетті. Ол кәсіпкерлікті өндіріс процестерінің орталығы деп санады.
Ж.Б.Сэйдің айтуынша, кәсіпкерлер келесі қасиеттер мен қабілеттерге ие болуы тиіс:
төлемге қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
қарыз түрінде капитал тарата білу, несиені уақытында қайтара білу;
кәсіпкер өз бойында әдеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру;
сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын бағалау, оны өндіру әдістері мен халық сұранысын дұрыс болжау.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, қажетті материалдарды дұрыс таңдап, сатып алушылардың тілін таба білулері тиіс. Сонымен қатар олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері қажет. Көрсетілген сипаттамалардан Ж.Б.Сэйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде көрсеткені байқалады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама берілген. Кәсіпкерлік - меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық қызмет.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субьектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Ресурстық қызмет- кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.
Сонымен қатар кәсіпкерлік шығармашылық ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
Рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерлік әлеуметтік қызмет атқарады. Бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының - дербес шаруашылық-экономикалық қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, қойған мақсатына жете алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.
Кәсіпкерлік ұйымдар неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс, әлеуметтік қорларға түсетін қаражаттары да соғұрлым көп болады. Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындарының санын көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартады.
Кәсіпкерліктің келесі бір маңызды қызметі - ұйымдастырушылық қызмет, бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы, кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады..
Кәсіпкерлікті шаруашылық қызметтің бір түрі деп қарастыра отырып, оның негізгі ерекше сипатты белгілерін бөлуге болады:
1. Шаруашылық субьектілерінің еркіндігі (өзінің қалауымен қызмет етуі) және тәуелсіздігі.
2. Пайда табуға бағытталуы.
3. Новаторлық және шығармашылық ізденісі.
4. Шаруашылықтағы нар тәуекелділігі.
Егер осы жоғарыда аталған белгілер экономикалық қызметке тән болса, оны толық негізбен кәсіпкерлік қызмет деп атауға болады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Олар: шаруашалық өндірістік, сауда-көтерме сату, инновациялық, кеңес беру қызметтері, коммерциялық, делдалдық қызметтер және т.б.
Атқаратын қызметіне қарайкәсіпкерлік:
Өндірістік
Коммерциялық,
Қаржылық
Кеңестік.

Өндiрiстiк кәсіпкерлік . Кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады. Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды. Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда Кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтінін ол бастамас бұрын немесе Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.
Кәсіпкер өз көшімен орындай алмайтын кызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.
Коммерциялық кәсіпкерлік . Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу-сату бойынша келісімдер.
өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
ҚР заңдарымен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Пәндер