Қосу және қорғау аппараттары


Құтжан Таңшолпан Қанатқызы ТПП-33
Практикалық жұмыс №2
Қосу және қорғау аппараттары
1. Кескіштер туралы мәлімет
2. Пакеттік ажыратқыштардың жіктелуі
3. Шағын қосқыштардың жіктелуі
Машина бөлшектерін жасау технологиясының мәні өңделетін дайындамаға белгілі пішін мен қажетті дәлдіктегі өлшемдерді беру мақсатында біртіндеп әртүрлі технологиялық тәсілдерді қолдану болып табылады. Мұндай тәсілдердің бірі - дайындамаларды кесу арқылы механикалық өңдеу. Бұл металл кесу станоктарында металл кесу аспаптарымен жүзеге асырылады. Кесумен өңдеу деп өңделетін дайындамадан өңдеуге арнайы қалдырылған ә д і п деп аталатын металдың аздаған мөлшерін кесіп алып тастауды айтады.
Кесу процесінде дайындамадан кесіліп алынатын металл пластикалық деформацияға ұшырап, бүлінеді. Осының нәтижесінде өңделетін дайындамадан кесіліп алынған әдіп материалы белгілі бір пішінге ие болып, оны жоңқа деп атайды. Ж о ң қ а - металды кесу арқылы өңдеудің қалдық өнімі. Материалдың пластикалық деформацияланып, бүлінуі нәтижесінде жоңқаға айналуы кесумен өңдеу кезінде спецификалық шарттармен өтеді. Бұл металдарды кесу арқылы өңдеуге тән функционалды тәуелділіктерді көрсететін процестің арнайы заңдылықтарын анықтайды. Әдіпті кесу мен оны жоңқаға айналдыруға негізделген металдарды өңдеудің барлық түрлері мен тәсілдері “металдарды кесу” деген терминмен анықталатын, өңдеудің әртүрлілігін құрайды. Кесудің барлық түрлері жалпы заңдылыққа бағынады.
Ең қарапайым әрі кеңінен таралған кесу аспаптарының бірі токарь кескіші. Сондықтан кесу аспаптарының геометриялық параметрлерін өтетін токарь кескіші бойынша қарастырамыз. Кескіш жұмыс бөлігінен А және корпустан В тұрады (2. 1-сурет) . Корпус арқылы кескішті станокқа бекітеді. Корпустың көлденең қимасы төртбұрышты немесе квадрат етіп жасалады. Аспаптың жұмыс бөлігімен кесу процесі іске асырылады, ол мынадай элементтерден тұрады: алдыңғы бет, негізгі артқы бет, көмекші артқы бет, негізгі кесу жиегі, көмекші кесу жиегі және кескіштің ұшы. Негізгі қиюшы жазықтықта Рτ кескіштің негізгі бұрыштары өлшенеді. Олар: артқы бұрыш α, ұшталу бұрышы β және алдыңғы бұрыш γ. Негізгі жазықтықта Рv пландағы негізгі бұрыштар өлшенеді. Олар: пландағы негізгі бұрыш φ, пландағы көмекші бұрыш φ' және кескіш ұшының бұрышы ε.
Ажыратқыш - тізбекті кез келген режімде ажырататын коммутациялық аппарат.
Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын блғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
- Майлы ажыратқыштар
- Майсыз ажыратқыштар
Майлы ажыратқыштар оз кезегінде:
- Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар
- Аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді.
Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ад тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады.
Майлы ажыратқыштар
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар түрлері және сипаттамалары:
- МКП-35-1000-25- камералы үлкен көлемді ажыратқыш, жоғары кернеулі 35 кВ, номинал тоғы 1000 А, ажырату тоғы 25кА, қоңыржай климатқа және сыртта (шаық ауда) ораналастыруға есептелген;
-С-35-3200-50У1- бакты көп көлемді майлы ажыратқыш; сериясы С
-У-220-2000-40У1- бакты көп көлемді майлы ажыратқыш; сериясы У
-ВМБ-10-400-15У1- мұндай ажыратқуш номинал екрнуі 10кВ, номинал тоғы 400 А, ажырату тоғы 15 кА, қоңыржай климатқа және үйдің ішінде орналастыруға есептелген.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар: арнайы доға өшіретін құрылғысы жоқ ажыратқыштар және доғаны тез өшіретін камералы ажыратқыштар болып бөлунеді.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштардың негігі бөлшектері мыналар: бак, қақпақ, өтпелі оқшаулатқыш, жетек механизмі және түйіспелер.
10кВ- тан аспайтын кернеуде барлық үш фаза тік бұрышты немесе дөңгелек формалы бір багқа орналасады.
Үлкен көлемді ажыратқыштардың салмағы мен көлемі едәуір болады. Онда үлкен көлемді үш фазалы ажыратқыштардың жалпы салмағы 110 кВ-та 18, 3 т ал майдың өзі 8, 5 т, 220 кВ-тық ажыратқыштың салмағы 90 т, ал майдың салмағы 48 т болады.
Майлы ажыратқыштарды басқару оларда қосылған қалпында ұстап тұратын арнайы жетекпен жүзеге асырылады.
Арнайы құрылғысы жоқ үлкен көлемді майлы ажыратқыштар (ВМБ-10, 10 кВ-қа, 400 амперге) доғаны өшіру, шамалы қысқа тұйықталған тоқты үзу қабілеті жетілдірілмегендіктен электр қондырғысының сенімді ұмыс імтеуін, қауіпсіздігін және пайдалану қарапайымдылығын толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ол кернеуі 10 кВ-тан аспайтын, қуаты шағын қондырғыларда ғана қолданылады.
Доғаны өшіретін камерасы бар үлкен көлемді майлы ажыратқыштар доғаны өшіруді тездетеді және майлы ажыратқыштардың багындағы қысымда төмендетеді, соның әсерінен оның ажырату қабілеті мен жұмыс сенімділігі артады.
Қазіргі кездегі барлық майлы ажыртқыштардың доға өшіретін құрылғыларында газбен үрлеу әдісі қолданылады, ол доғаны қарқынды әрі тез өшіруді қамтамасыз етеді. Бұлар кернеуі 35-220 кВ қондырғыларында қолданылады (камералы майлы ажыратқыштар қосалқы станйиялық МКП-76, 35 кВ-қа, МКП-160, 110 кВ-қа, МКП-180, 150 кВ-қа, МКП-274, 220 кВ-қа)
Бұл ажыратқыштардың барлығы бойлық май үрлегіш камерамен жабдықталған. Оның ажырату уақыты 0, 15 с, Бұл тез әрекет етуге жатпайды. МКП53, МКП110, МКП150, МКП200 ажыратқыштары көлденең май камераларымен жабдықталған. Доғаның өшіру уақыты шамалы, әдетте 0, 02-0, 03 с-тан аспайды. Доғаны өшірудің жеңілдейтін себебі камерадағы үзілу активті кедергімен (R) шунтталып (750 ом), немесе сйымдылықпен бөлгіштенеді.
Аз көлемді майлы ажыратқыштарды әдетте 20кВ-қа дейінгі кернеулі құрылғыда орнатады. Шағын көлемді майлы ажыратқыштарды әр-бір үзілісі доға өшіргіші бар жеке багтармен жабдықталған. Екі қайтара үзілетін ажыратқыштардағы фазада екі баг, ал бір рет үзілетін ажыратқыштардағы фазада үш бак болады.
ВМГ(майлы горшокты ажыратқыш) типті ажыратқышқыштар кернеуі 10 кВ-қа дейінгі қондырғыларда қолданылады. ВМГ-133 ажыратқыштар номинал кернеу 10кВ және ажырату қуаты 350мың кВт-қа дейін барады.
МГТ(майлы, генераторлы, горшокты) типті шағын көлемдімайлы ажыратқышардың әр фаза екі бакты(барлығы алты бак) болады. Бұлар кернеуі 20кВт, номинал тогы 2000А жөне одан көп болатын жабық қондырғыларда(қуаты орташа жөне үлкен қондырғыларда) қолданады. МГГ-529 типті ажыратқыштың номинал қуаты 2, 5млн кВт болады. Сонымен қоса МГГ-10 типтес жинақты майлы ажыратқыштар жасалады Оның номинал қуаты 500 мың кВт. Бұл ажыратқыштар алты бактан тұрады, ал құралымы ВМГ-133типті ажыратқышқа ұқсас.
МГГ типтесажыратқыштар тез әрекет ететіндерге жатпайды, олардың ажырату уақыты 0, 25-0, 33сек.
Сыртқа орнатылған МГ-35 типті шағын көлемді майлы ажыратқыштардың номинал қуаты 400 мың кВт, МГ-110 типінің номинал қуаты 2, 5 млн. кВт болады. Бұл ажыратқыштардың мөлшері мен салмағы біршама шағын, құрылымы қарапайым.
Негізгі кемшіліктері:доға өшіретін камерада орналасқан жанасу жүйесі қолайсыз жөне ажырату қуаты шағын.
Кейбір шетел фирмалары кернеуі 220кВ, ажырату қуаты 10млн. кВт-қа дейінгі және кернеуі і 380-400 кВ қуаты 12млн. кВт-қа дейін жететін шағын көлемді майлы ажыратқыштарды дайындайды. Олардың органикалық шынылы астары бар доға өшіретін камерасы болады, ол камера қосымша ток күші пайда болған кезде қуаты шағын доғаны өшіруге арналған.
Қысқа тұйықталған тізбекті ажыратқанда қосымша күштің ажыратқышын қолдану үшін жоғары вольтті кварцті сақтандырғыш пайдаланады(БН-16 және ВНП-16 типтес қосымша күштік ажыратқышының ерекшелігі сонда, олардың жоғары вольтті сақтандырғышы болады) .
Олар цехтық, қалалық, ауыл шаруашылық т. б қосалқы станцияларда, яғни балқыламалы сақтандырғыштар көмегімен қысқа тұйықталған тоқтан қорғауға болатын, әрі қосымшы түскен кезде тізбекті қосуға және ажыратуға тура келетін орындарда қолданылады.
Қосымша күштік ажыратқыштарын, тіпті жоғары вольтті сақтандарғыштары болғанның өзінде орнату арзанға түседі, өрі жоғары вольтті ажыпатқыштарға қарағанда орынды аз алады.
Кейінгі уақытта кернеуі 110 немсе 220кВ қондырғыларды ажыратқыштардың ВМТ түрі, ал кернеуі, 6-10кВ қондырғыларда ажыртқыштың ВМПЭ немесе ВМПП деген түрлерін кең қолданылады. Олардың номиналды тогы 630-3150 А, айыратын тогы 20 немесе 31, 5кА.
Ауалы ажыратқыштар
Ауалы ажыратқыштарда доғаны өшіруге сығылған ауамен жүзеге асырылады. Барлық майсыз ажыратқыштарда ток жүретін бөліктерде бір- бірімен және ажыратқыш құрылымдарының жерге қосылған элементтерін оқшаулауды әр түрлі керамикалық оқшаулағыш материалдар арқылы атқарады.
Ауалы ажыратқыштарының(кейбіреулерінің) түрлері мен сипаттамалары:
ВВУ-11Об-402000УІ, мұндағы ВВ-жоғары кернеулі ауалы ажыратқыш; У-қайта қалпына келетін, жылдамдығы арқылы күшейтілген кернеу(усиленный по скорости восстанавливающегося напряжения) . 40-номиналдық ажырату тогы, кА; 2000-номиналь тог, А; У-қоңыржай климатқа есептелген;
І-сыртта (ашық ауада) орналастыруға арналған.
ВВБК-бакты ауалы ажыратқыш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz