Мәдениеттану туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мәдениеттану

Орындағын: М. Партизанов

2020 жыл

Мәдениеттану - жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.

Мәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелердің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады.

Мәдениет дегеніміз (латын тілінде Civilic - өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) - адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.

Мәдениет үғымын ежелгі заман оқымыстыларының шығармаларынан кездестіруге болады. Ежелгі қала Полисте мәдениет үғымы - есі кірмеген баланы естияр азамат, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің құралы тұрғысынан қарастырылса орта ғасырларда мәдениет ұғымы бірте-бірте философиялық мағынаға ие бола бастады.

Мәдениет көп түрлі, оның салалары сан алуан: адамзат мәдениеті, әр түрлі дәуірлер мәдениеті (ежелгі заман, орта ғасырлар, қайта өрлеу, т. с. с. ) әр түрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті, діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың мәдениеті (шаруалар, қалалық, ауылдық) . Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Ерте замандарда-ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған. Грек ойшылы Демокриттің пікірінше, мәдениетті жасаушы - адам. Ол табиғатқа еліктеп, өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды.

Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін "Тастағы інжіл" десе де болады. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты. Адамға, адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені, сұлулықты, өзін-өзі құрушы деп есептей бастады. Мәдениет - тек адам қолымен түлеген табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жасаушы да.

Мәдениет - көп деңгейлі жүйе. Мәдениет - аса күрделі, көп деңгейлі жүйе, Мәдениет дүниежүзілік және ұлттық болып бөлінеді.

Дүниежүзілік мәдениет - біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.

Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір коғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің, синтезін алға тартады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.

Материалдық мәдениет - еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, ягни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті.

Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойдың, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, пе дагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Бұлар - экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.

Ежелгі Мысыр

Ежелгі Мысыр - жер бетіндегі әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет, ең алғашқы империя.

Мысырлықтардың пайымдаулары және танымдары олардың құрылыстары мен иероглифтерінен көрінеді. Ежелгі Мысыр мәдениетінің аса маңызды ерекшелігі -оның өлімге қарсылығы, оны қабылдамауы. Мысырлықтардың өмірге ала бөтен құштарлығы бүкіл болмыстарынан, мәдениетінен, діни сенім-нанымдарынан айқын көрініс тапты. Мысырлықтар, әсіресе олардың патшалары өмір бойы өздерінің өлгендегі мәңгі бақи қоныстарын, молаларын дайындаумен болған. Б. д. д. 3-2 мың жылдықтарда фараондарға арналған пирамидалар мен ғибадатханалар тастан салынған. Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең көнесі - фараон Джосердің пирамидасы бұдан 5 мың жыл бұрын тұрғызылған. Ол аспанға өрлеген баспалдақ әсерін береді. Пирамидалар ішінде фараондардың мумияларын жерлеген. Ең зор, ең көрнекті пи-рамидалардың бірі - Хеопс пирамидасы. Мұны 20 жыл бойы жүздеген мың адамдардың асқан жанқиярлықпен түрғызғаны белгілі. Пирамиданың биіктігі 147 м. (қазір 137 м. ), ауданы - 55000 шаршы метрдей. Ғалымдардың есебінше, пирамиданы тұрғызу үшін әрқайсысы 2-3 тонна болатын 2, 3 млн. тас жүмсалған.

Ежелгі құрылысшылардың шеберлігі мен жұмыстарының сапалылығына қайран қалмасқа болмайды. Пирамида тастарының бір-біріне жымдастырып салынғаны сондай, араларынан ине өтпейді. Сондықтан оларды «дүниенің жеті кереметінің» арасына қосуы тегіннен тегін емес. Мысырлықтардың дүниежүзілік мөдениетке қосқан аса зор үлесі ең алғашқы жазу-сызуды ойлап тапқандықтары еді.

Бізге дейін жеткен ең ежелгі Мысыр мәтіндері - құдайға табыну және шаруашылық жазбалары. Мысыр мәдениетінің монуметтік және бейнелеу өнері иероглифтермен өрнектелген биік обелискілер түрінде жетті.

Бұлардан басқа Ежелгі Мысыр көркемөнерінің аса құнды ескерткіштерінің қатарына мүсіндік портреттер жатады. Олардың ішінде фараонның әйелі Нефертитидің, фараон Аменемхеттің, фараон III Сенусерттің мүсіндері - жалпыадамзаттық көркемөнердің алтын қазынасынан берік орын алған дүниелер.

Мысырда ғылым салалары, олардың ішінде астрономия, математика, медицина өте жақсы дамыды. Құнарлы Ніл аңғарында өмір сүрген мысырлықтар егін шаруашылығында жақсы табыстарға жетіп отырған. Еңбек өнімділігі жыл сайын артып, астықтан мол өнім алынған. Сондықтан мысырлықтарға егін шаруашылығын өрістету үшін есеп қажет болды. Әуелі арифметика, содан кейін математиканың күрделі салалары, оларға қоса жыл мезгілдерін, ауа райын болжау үшін астрономия игерілді. Ал геометрия орасан зор пирамидалар мен ғибадатхана құрылысын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады.

Медицина ғылымы белсенді дамып, адам ағзасындағы мидың рөлі анықталды. Б. д. д. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында шардың беті есептеп шығарылды. Күн сағаты анықталды. Б. д. д. 2-мың жылдықтың аяғы мен 1-мың жылдықтың басында Мысыр мәдениетіне Крит пен Сирияның мәдениеті жедел ене бастады.

Ежелгі Месопотамия (Қосөзен) мәдениеті

Б. д. д. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Қосөзен - Тигр және Евфрат өзендері аңғарында Мысырда5ы сияқты өте жоғары мәдениет пайда болып, қалыптасты. Бұл өлкеде тарихи есеппен қарағанда аз уақыт ішінде Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран атты елдер пайда болып, бірін-бірі алмастырып отырды.

Шумер-аккад мәдениеті. Қосөзеннің ең ежелгі мәдениеті - Шумер-аккад мәдениеті. Олардың мәдени жетістіктері талас тудырмайды: "Алтын ғасыр" поэмасын, бірінші элегияларды жазды, бірінші кітапхана тізімін жасақтады. Шумерлер - ең алғашқы медициналық еңбек-тердің, жыл күнтізбесінің авторы. Ең алғашқы шекті аспаптар шумер елінде пайда болды. Жер бетіндегі ең алғашқы жазулардың бірі - сына жазуын да ойлап тапқан шумерлер еді. Шумер әдебиетінің саз тақталарға жазылған көптеген ескерткіштерінің барлығына жуығын оқудың сәті түсті. Шумер әдебиетінің аса көрнекті ескерткішіне Гильгамеш туралы аңыздар жүйесі жатады. Бұл шығарманың тек Шумер еліне ғана емес, Қосөзенге көршілес орналасқан басқа да елдер мәдениетінің дамуына орасан зор әсері болды.

Вавилон мәдениеті. Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Вавилон мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші - 2 метрлік тасқа ойылып жазылған Хаммурапи патшаның (б. д. д. 1792-1750 ж. ) заңдары. Бұл заңдарда Вавилонның шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрпы мен дүниетанымы көрініс тапты. Хаммурапи ескерткішінде орын алған мәтіннен Қосөзен халқы өмірінің шынайы бейнесін танып білуге болады. Вавилондық абыз Мысырдағыдай о дүние рахатын ешкімге уәде қылмайды, бірақ өзінің айтқандарын мүлтіксіз орындағандарға осы өмірден жақсылықтар көрсетуді ұсынады. Вавилон көркемөнерінде о дүниені суреттейтін көріністер мүлде жоқ.

Қосөзенді мекендеген ежелгі халықтардың сенім-нанымдарының арасында суға табыну ерекше орын алған. Вавилондық астрономдар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің, Айдың айналу заңдылықтарын, олардың тұтылу уақытын дәл анықтай отырып, өмірлік қажеттілігіне пайдалана білғен.

Вавилондық абыздардың ілімдеріне сай, адамдар құдайларға қызмет жасау үшін жаратылған. Вавилон құдайларының саны өте көп болған. Олардың ішіндегі ең бастылары болып Күн құдайы - Шамаш, Ай құдайы - Син, ауа райы құдайы - Адад, махаббат құдайы - Иш-тар, өлім кұдайы - Нергал, соғыс құдайы - Ирра, от құдайы Вильги саналған. Вавилондықтар өз құдайла рын адамдармен салыстырып, адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекетімен сәйкестендірген. Құдайлар адам тағдырын шешкен. Құдайлардың пиғылын тек абыздар ғана білген. Тек солар ғана құдайлармен тілдесіп, болашақты аспан денелерінің қозғалысы арқылы аныңтап отырған. Сондықтан адамдар патшалар мен абыздардың айтқандарын мүлтіксіз орындауға тырысқан.

Қосөзеннің ежелгі тұрғындарының діни нанымдары олардың монументтік өнерінен көрініс тапты. Қалаларда құдайларға арналған ғибадатханалар салынды. Ғибадатхана жанынан бастары көкке өрлеген, кірпіштен өріліп, терассалармен қоршалған Зикураттар салынды. Зикураттар (мұнаралар) әр түрлі бояулармен боялған, терассалар гүлдермен, көкпен өрілген. Вавилон көркем-өнерінің сәулеттік ескерткіштері біздің заманымызға аз жетті. Себебі, вавилондықтар сарайлар мен ғибадатханаларды кірпіштен салатын болған, ал кірпіштің ұзақ уақытқа шыдамайтыны белгілі. Дегенмен, қазіргі кезде жартылай сақталған сарай қалдықтарын зерттей келе, өнертанушылар еуропалық сәулет өнерінің Қосөзен аралығы сәулет өнерінен көп үлгі алғандығын анықтап отыр. Вавилон орасан үлкен, шулы Шығыс қаласы болған. Қалада үлкен 24 даңғыл болған, негізгі көркі Этеманка құдайына арнап салынған, биіктігі 90 м. Вавилон мұнарасы «әлемнің жеті кереметінің» біреуі саналған. Вавилон мұнарасының айналасын "әлемнің тағы бір кереметі" Семирамиданың аспалы бақтары көріктендіріп тұрған.

Ассирия мәдениеті. Вавилонның мәдениетін, дінін және көркемөнерін ассириялықтар жалғастырды. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың {б. д. д. VII ғ. ) сарайының қирандылары арасынан ғалымдар сына жазумен жазылған ондаған мың мәтіндерден тұратын кітапхананы тапты. Ашшурбанипалдың тікелей нұсқауымен Қос-өзен аралығында жазылған барлық кітаптар және ескерткіштер бір жерге жиналған.

И ран мәдениеті. Б. д. д. VI ғасырда Вавилон мен Ассирияның орнына Иран империясы орнады. Ежелгі парсылардың рухани мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші Зороастра пайғамбардың қасиетті кітабы "Авестада" Ассирия, Үндістан, Вавилон, Кіші Азия, Мысыр, Сирия патшалықтары мәдениеттерінің элементтері жинақталған. Парсы (Иран) мемлекетіне кірген көптеген халықтардың арасында иудейлер де болған. Бұл халықтың дуниетанымы қасиетті кітап - "Ескі өсиетте" берілген.

Ежелгі Үндістан мәдениеті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы
Мәдениеттану пәні, мақсаты мен міндеттері
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Мәдиниеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениеттану- философиялық ілім
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz