Театр әдебі мен күнделікті өмір әдебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Сахна пластикасы кафедрасы

Әдеп және халық биінің негіздері курсы бойынша

Эссе тақырыбы: Театр әдебі мен күнделікті өмір әдебі.

Д.Тұранқұлова шеберханасы
Орындаған:Сөз сөйлеу жанры мамандығының 2курс студенті Ерлан Ерасыл
Тексерген: : Бокыбаев Н.А. - оқытушы, мәдениеттану магистрі, докторантура 2 курс.

Алматы, 2020
Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл-ғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады. Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қаламады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна тынысымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден! Кез келген ортаның өз бағынатын заңы не мәдениеті болады. Театр - нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау - әбестік. Сонымен, сіз сақтауға тиіс 10 қағида:
* Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Егер жағдайыңыз келіп жатса, билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс. Қазақпыз ғой, кешікпейік десек те, кешіге береміз деген сылтауды қойып, ертерек қимылдаңыз.
* Өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіріп келіңіз. Үстіңізге гардеробыңыздағы ең әдемі деген киіміңізді киіңіз. Әрине, киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз. Барынша өзіңізді жайлы сезінетіндей киім түрін таңдағаныңыз жөн. Ер адамдар фрак немесе смокинг киіп келсе орынды. Әйелдер театрға үлкен шаш үлгісімен келмегені дұрыс, онысымен артқы жақта отырған көрермендерге кедергі келтіреді. Иісі өткір иіс суларды сеуіп келуден қашыңыз.
* Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз - рухани ләззат алып, жаныңызды жайландыру. Сондықтан ашу мен реніш жан-жақтан қолқалап бара жатса да, оны ішіңізде жасырыңыз, не ол жайында ұмытыңыз. Әйтпесе, сіздің эмоцияңыз жаныңызда отырған көрерменге де әсер етуі әбден мүмкін. Ал егер ауырып жүрген болсаңыз, театрға келмегеніңіз дұрыс-ау.
* Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Өз билетіңізде көрсетілген орынға жайғасып алсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды. Ал өзгенің орнына отырып қалсаңыз, орын иесі келсе, түсініспеушілік туындап қалары сөзсіз. Өзгеге тиесілі орынға тек театр қызметшілері рұқсат бергенде ғана отырғаныңыз жөн. Орныңызға өтерде көрермендерге бетіңізді бері қаратып өтіңіз.
* Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз. Сырттан келген қоңырау сізді ғана емес, қасыңызда отырған көрермендерді де мазалайды. Одан қала берсе, сахнада өрбіп жатқан тіршілікке де айтарлықтай кедергі жасайтыны даусыз.
* Қойылым басталысымен-ақ, басқа шаруаның бәрін доғарыңыз. Досыңызбен сөйлесуді, не жаңа таныстықты, бәрін-бәрін доғарыңыз. Өйткені сіз үшін киелі сахнаның саңлақтары барын салып өнер көрсетпек. Театрға келіп алып, қойылым көрудің орнына басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар
Балалар театрының түрлері
Театр - киім ілгіштен басталады
Кореяның көркем өнері
Қазақ драматургиясының жанрлары
Классицизм дегеніміз не?
Театр сәндік өнері
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz