АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ (АКТ) ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ (АКТ) ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Налиева Айслу Сериковна
БҚО, Орал қаласы, А.С.Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп директорының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
* Бүгінгі заман талабы: қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады.
* Сбор, обработка, применение информации-требование сегодняшнего времени.
* Today's requirement is a collection, processing, application of information.
12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүдесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дaмыту мен қалыптастыру.
Кез-келген елдің реформаларға өзгеруге бет бұрған кезде білім беру жүйесін де қайта құру қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Ал ол реформалаp өз кезегінде білім беру саласында жиналған мол оң тәжірибені сақтай отырып, оның әрі қарай дамуына жағдайлар жасауы керек. Сонымен Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарына білім беру жүйесін дамытудың басымдығы: әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың баpлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту көрсетеледі. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты.
Педaгог мамандарға жоғары деңгейдегі моральдық және біліктілік талаптары қойылып отыр. Педагог мамандар заман ағымына қарай күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын және соған сай әрекет ете алуы керек.
Өйткені мектеп - үйрететін орта, оның жүpегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қoғамдағы жaңа фopмация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Наpық жағдaйындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім бeру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылаp қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестiгіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзыpлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Ал құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану,
коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім - болашақтың кепілі.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
* Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
* Ақыл - ойын дамытады;
* Шығармашылық белсендігін арттырады;
* Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
* Тіл байлығын жетілдіреді;
* Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ - ның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Сандық білім беру кешендерінің мазмұны:
* Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.
* Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы и иллюстрациялық суреттер, дыбыстық объектілер.
* Анықтамалық материалдар: графиктер и диаграммалар, ғалымдардың өмірдеректері, аннотациялы Интернет - сілтемелер.
Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптар:
* Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;
* Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуі;
* Оқушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
* Оқушылардың осы пән бойынша алған білік-дағдылары негізінде проблемаларды шешуде өмірлік тәжірибе қалыптастырға бағытталған оқыту түрлерін ұсыну;
* Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;
* Шынайы мәліметтерге сүйену;
* Оқулықтың сәйкес бөлімдерінің көлемін ұлғайту;
* Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі;
* ыңғайлы интерфейс.
Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру. СБР - оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.
* Әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және модельдеу.
* СБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.
* Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;
* Шығармашылық тапсырмалар құрастыру;
СБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.
Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;
* Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;
* Сабақ үстіндегі оқушылардың СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.
СБР - оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.
* Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі.
* Кез - келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды.
* Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады.
* Мультимедиялық анықтамалық - сөздіктерді, анықтауыш - атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.
* Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.
* Оқушыларды қазіргі ақпараттық - технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды қазақ тілі сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Білімді ақпараттандыру - қазақ тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.
Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады. Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуметін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (электронды оқулық) пайдаланудың тиімділігі:
* оқушының өз бетімен жұмысы;
* аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
* білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
* шығармашылық есептер шығару;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
* қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
* экономикалық тиімділігі;
* іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
* қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
* оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Мұғалім сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны (электронды оқулық) пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды - оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.
Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
* сабақта техникалық құралдарды (компьютер), дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
* мұғалімнің ақпараттық - коммуникациялық технологияны меңгеруі;
* оқушының пәнге қызығушылығы;
* алынған білім, дағды деңгейі;
* білімнің тереңдігі;
* тексеру түрлері, бағалау;
* практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
- Жұмысты тиянақты түрде орындауға;
- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Сабағымда дайындаған электронды оқулығымды пайдаланамын. Онда әр тарауда кестелер, жаттығулар қамтылған. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай смайликпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Мәселен, сан есімді қорытындылау сабағымда электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген зейіні, қызығуының ерекше артқандығы байқалды. Сонымен қатар ұмытып қалған ережелерді тапсырмалар арқылы еске түсіруге зор ықпал етеді, уақытты үнемдейді.
Мысалы, Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
... мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
...наурыз-Халықаралық бірлігі күні.
...тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күні.
...желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
...наурыз-көктем,береке мерекесі.
Керекті сөздер. Он алтыншы,отызыншы,сегізінші,бірінші, жиырма екінші.
Тапсырма. Реттік сан есімнің тиісті жұрнағын жалғаңыз.
он бес, жеті, алпыс, үш, отыз, алты, екі, он, тоғыз
Керекті жұрнақтар.-ыншы,-ншы,-інші,-нші
Әр тарауда қайталау сабағында тест арқылы жұмысын жүргізуге болады. Мысалы:
8. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) ұшқыштар
Ә) терезелер
Б) жылқылар
Ескерту. Тесттің жауабы дұрыс күлген смайлик, жауабы бұрыс болса жылап жатқан смайлик көрінеді. Осы тапсырмаларды орындағанда оқушылардың сауаттылығы жақсарып, сөз қорлары молайып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады т.б.
Жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:
* Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
* Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;
* Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
* Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
* Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.
* Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
* Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ қазақ тілі пәнінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
* Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
* Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
* Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
* Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
* Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
* Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
* Пәнаралық байланыстың аздығы.
* Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
* Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
* Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі тірі қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу.
Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
* Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
* Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
* Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттылды. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды қазақ тілі сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет .
АКТ - ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.
Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда ақпараттық - коммуникациялық технология құралдарын қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
* Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
* Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
* Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
* Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
* Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
* Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймын.
Қолданған әдебиеттер:
1. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2. Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлер мен өзгерістер II - ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы Астана 2012 ж.
3. №2 2015 ж. Педагогикалық диалог ақпараттық-әдістемелік журнал
4. Педагогика. Педагогикалық колледждерге арналған оқу құралы. Ресей 1998 ж.
5. httpwww.republika.kz. Сапалы білім- адам әлеуетін дамыту платформасы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пікірлер
- Білім беру саласы - бәрі - міз үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz