Жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұллтық Университеті

Тақырыбы:

Жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері

Орындаған: Тельманова Аружан

Тексерген: Давлеткалиев Бауыржан

Жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті - ауылшаруашылық өндірісінің табиғи-экономикалық аймақтары және әкімшілік аудандары бойынша жағдайларын, даму ерекшелікетерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытылы және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешу қажет.

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды. Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға ықпал етеді. Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қағидалары
Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (бұдан әрі - Жер кодексі) сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі - Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

Кадастрды жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:

1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;

2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;

3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;

4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.

3. Жер кодексінің 152-бабының 7-бөлігіне сәйкес Кадастрдың деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарының субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.

Кадастрда әрбір жер учаскесі үшін оны кеңістікте бірмәнді бөлуге, мөлшерін және орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ учаскенің кадастрлық бағалау құны белгіленеді.

4. Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді.

5. Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.

6. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен ізденістер, жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталарын, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын, жер-кадастр жоспарын дайындаумен қамтамасыз етіледі.

7. Деректерді жинақтау жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесіне құқық субъектілерінің атауы, атқарушы органдардың актілері мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесінің орналасқан орны мен көлемі, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесіне құқығы, нысаналы мақсаты, бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі, жер учаскесіне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгілеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар тіркелетін және сақталатын тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде жүргізіледі.

Көрсетілген деректер облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар және жалпы Қазақстан Республикасының аумағы арасында салыстыруға мүмкіндік беретін меншік нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендіріледі.

Кадастрды жүргізудің тәртібі

8. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Кадастрды жүргізу бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргізу және сақтау жөніндегі дәйекті іс-қимыл болып табылады.

9. Жер учаскелерінің желілік және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жер-кадастр карталары Кадастрдың картографиялық негізі болып табылады.

Жер-кадастр карталарының масштабы есепке алу бірлігінің мөлшеріне және Кадастрды жүргізудің деңгейіне байланысты таңдалады.

Кадастрды автоматтандырылған жүргізу кезінде картографиялық негіз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз тасығыштарда көшірмелерін дайындаумен электрондық карта түрінде қалыптастырылады.

10. Жер учаскелері туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелі түрде жаңартылады.

11. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден берілетін жер учаскелеріне жер-кадастр істерін Мемлекеттік корпорация облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жерге құқықтық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жүргізеді.

12. Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жерден учаске құру бөлінетін жер учаскесінің бөлігімен мәміле жасалған кезде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына берілетін олардың бөлінетін жер учаскесін бөлу туралы өтініштері негізінде жүргізіледі.

Өтінішке жер учаскесіне жеке меншік құқығы туралы құжаттар қоса беріледі.

Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген құзыретіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастр ісі жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастр ісі Мемлекеттік корпорацияның мұрағатында сақталады.

Бөлу нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне Мемлекеттік корпорация жаңа сәйкестендіру құжаттарын дайындайды және береді.

Егер жер учаскесіне жер-кадастр жоспары әзірленген жағдайда жаңа жер-кадастр жоспары беріледі.

13. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жер учаскесіне құқықтар ауысқан жағдайда сәйкестендіру құжаты оны алушыға немесе басқа құқық иесіне беріледі.

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жаңа сәйкестендіру құжатын (жер-кадастр жоспары) бермейді, ал жаңа құқық иеленуші туралы жазба жер-кадастр кітабына және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдардың негізінде жүргізіледі.

14. Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұрын өзіне жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алған жағдайда жаңа жер-кадастр ісі жүргізілмейді.

Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы беретін жер учаскесін сатып алу -сату туралы жасалған шарттың болуы, оның сатып алу бағасы төлемінің жүргізілгені, сондай-ақ жер учаскесін бөліп-бөліп төлеу тәртібімен сатқан кезде мәміле жасасуға тыйым салынуы (кепілге беруді қоспағанда) туралы анықтаманың негізінде Мемлекеттік корпорация жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжатын дайындайды және береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Жер ресурстары
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер кадастры туралы
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz