Геологияның ғылыми - танымдық және шаруашылық маңызы
Геологияның ғылыми-танымдық және шаруашылық маңызы
Геология жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі ең жетекшілерінің бірі. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, бұл ғылымның өзіндік ерекшелігі оның зерттеу нысанының мейілінше ауқымдылығымен сипатталады, себебі ол бүкіл тірі және өлі табиғаттың, соның ішінде Адамзаттың құтты мекені болып табылатын Жер планетасының құрамын, құрылысын, жаратылысын және дамуын зерттейді. Шынында да, бізді қоршаған бүкіл табиғи орта (ең қарапайым организмдерден бастап адамға шейінгі, немесе титтей тозаңнан бастап бүкіл биосфераға дейінгі барша тірі және өлі табиғат), сайып келгенде, біздің тамаша планетамыздың туындысы, оның ұзақ та бағдарлы түрде дамуының нәтижесі болып табылады. Олай болса, геология ғылымының негіздерін білмей тұрып, табиғаттың мәңгі айналысын, яғни табиғи процестер мен құбылыстарды тудыратын және "реттеп отыратын" барша заңдылықтарды түсіну және ұғыну қиынға соқпақ. Кез - келген өркениетті адам өзінің мәңгілік мекені жайлы жалпылама мағлұматтарды білуге, өте қарапайым табиғат құбылыстарының себеп-салдарын түсінуге міндетті. Мәселен, кейбір туристік нысандардың адамдарды қайран қалдыратын әдемілігі мен көркемдігі көзді ғана тояттандырады, ал сол нысанның геологиялық тегімен және даму ерекшеліктерімен жете танысу жаңағы әдеміліктен алған әсерімізді бұрынғыдан да күшейте түседі, таңғажайыптың "тасасына тығылған" талай-талай қызғылықты сырлар ашылады. Екінші жағынан, геология негіздерін меңгеру табиғаттың өте қарқынды өтетін, көп жағдайларда мейлінше қауіпті геологиялық құбылыстарға деген табиғи қорқынышты сейілтуге көмектеседі. Мұндай құбылыстардың қатарына жататындар - жерсілкіністер, жанартаулар әрекеті, сел тасқындары, өзге де мейлінше қарқынды да зауалды геологиялық процестер. Мұндай залалды да зауалды құбылыстардың туындау себептері мен өрбу заңдылықтарынан хабардар болу сол құбылыстар әрекеті кезіндегі іс-қимылымыздың сана тұрғысынан жасақталуын қамтамасыз етеді, жабайы қорқынышқа бой ұрмауға, өзімізді де, өзгелерді де зауал апатынан сақтап қалуға көмектеседі.
Геологияның шаруашылықты өркендетудегі маңызы орасан зор, себебі ол қоғамдағы оған керекті минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету мәселесінде жетекші рөл атқарады. Кез - келген қоғамның тұрмыс -тіршілігінде минералдық шикізат ауыл шаруашылығы өнімдерінен кейінгі екінші орынды иемденеді, мұның өзі геологиялық ғылым шоқтығын одан әрі биіктете түседі.
Геология ғылымы жер қойнауындағы минералдық ресурстарды игеру барысында жүргізілетін барша жұмыстар тізбегіне (пайдалы қазба кендерін іздеп табудан бастап, оларды сапалы да тиімді түрде өндіру шараларына дейінгі аралықтағы бүкіл іс-қаракетке) жолбасшылық етеді. Әр түрлі өндірістік және азаматтық құрылыс нысандарын тұрғызуды және оларды тиімді пайдалануды инженерлік-геологиялық тұрғыдан негіздеу шаралары да мейлінше маңызды.
Пайдалы қазба кендерін іздеу, табу, барлау және бағалау жұмыстары геологиялық зерттеулердің өте маңызды бөлігі. Нақ осы орайдағы шаралар тиімділігі, сайып келгенде, кез-келген мемлекеттің минералдық ресурстармен - металдармен, энергетикалық және бейрудалы шикізатпен, ауыз суы және техникалық шикізатпен, құрылыс материалдарымен, зергерлік тастармен т.с.с. - қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Геологиялық білім саласының ұзақ уақыттар бойына дамуы барысында пайдалы қазба кендерін іздеу және барлау жұмыстарының сапасы арта түскендігі, іс-тәжірибеге жұмыс жүргізудің тиімді де жаңа әдістері мен тәсілдері енгізіліп отырғандығы анық. Солай бола тұрса да, кендерді іздеу және барлау жұмыстары жылдан-жылға қиындай түсуде. Мұның ең басты себебі - табылуы мен өндірілуі оңайырақ, жер бетіне жақын орналасқан кендердің жыл өткен сайын азаюы, сөйтіп минералдық шикізатқа деген сұранысты жер қойнауының терең қабаттарында орналасқан кен жатындары есебінен ғана қамтамасыз ету проблемасының күн тәртібіне қойылуы. Қалай дегенде де, бүгінгі таңда жер бетіне жақын орналасқан кендер негізінен түгелге жуық табылып біткенге ұқсайды, олар пәрменді түрде игерілуде. Міне, сондықтан да, қазіргі кезеңдегі қолданбалы геологияның алдына қойылып отырған ең басты талап - әртүрлі әдістемелер мен тәсілдер жиынтығының (зерттеудің геофизикалық әдістерінің, терең кешенді геологиялық түсірімнің, терең бұрғылаудың т.с.с.) көмегімен жер қойнауының терең өңірлерін зерттеу мәселесі болып отыр.
Геологиялық зерттеулердің келесі сатысы пайдалы қазбалардың табылған кендерін игеру шараларымен байланысты. Кен көзін аршу және оны өндіру шаралары тұрақты түрде және алдын - ала жүргізіліп отыратын геологиялық зерттеулерге ұдайы зәру болып отыратындығы даусыз, себебі пайдалы қазба жататының кіріктіруші тау жыныстарымен өзара астасу ерекшеліктерін анықтау, кенді сандық және сапалық тұрғыдан бағалау, сол кеннің жалпылама қорын еселей арттыруға байланысты нақтылы шараларды жасақтау геологиялық зерттеулерге ұдайы зәру болып отыратындығы даусыз, себебі пайдалы қазба жатынының кіріктіруші тау жыныстарымен өзара астасу ерекшеліктерін анықтау, кенді сандық және сапалық тұрғыдан бағалау, сол кеннің жалпылама қорын еселей арттыруға байланысты нақтылы шараларды жасақтау геологиялық зерттеулер көмегімен ғана жүзеге асады. Мұның бәрі, әрине, өте маңызды. Дей тұрғанмен, біздің ғылыми - техникалық прогресс қарқынды дамыған бүгінгі заманымыз шаруашылыққа керекті минералдық ресурстардың жылдан-жылға молая түсуін талап етуде, мұның өзі геология ғылым алдына түбегейлі түрде шешуді қажет ететін бұрынғыдан да гөрі маңызды жаңа проблемалар қоюда. Бұл проблемалар тек қана жекелеген мемлекеттерді ғана емес, бүкіл адамзат баласын алаңдатып отырған екі түрлі ең көкейтесті мәселелер төңірегінен өрбиді.
Бірінші проблема кен көздерін игерудің қарқындылығы жылдан-жылға еселей артуына байланысты олардың жер қыртысындағы жалпылама қорының мейлінше азаюынан және осыншама байлықты мерзімді уақыт ішінде қалыпқа келтіру мүмкіндігінің мүлдем жоқтығынан туындайды. Шынында да, адамдар санаулы жылдар ішінде, ең ұзақ дегенде ондаған жылдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz