Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру


ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Орындаған: Бекарыс Узакбай
ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫерекше білім беру қажеттілігі (ебҚ) - бұл көптеген дамыған елдер-
де кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.
Қазақстанда ебҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады [5] .
ЭыҰД елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады. [17] .
инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.
зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын
меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т. б. ) . бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т. б. ) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ. әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ебҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында
3. 2 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫқиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.
психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, психикалық және дене дамуы бұзылған балалардың саны аз. пмпк мәліметтері бойынша 2018 жылы олардың саны барлық балалар популяциясының 2, 7% ғана құрайды.
Оқыту қиындықтары бар балалардың көпшілігі-психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ.
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастау-
ыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады [18] . Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
- оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
- оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі) ;
- оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
- оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
- оқыту формасын таңдау;
- тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
- компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
- арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың) ;
- педагог-ассистентің көмегі; 10) әлеуметтік - педагогикалық көмек. ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты:
1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
- мектеп кеңесінің шешімімен;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. мұндай шешімнің негізі ҚР "білім туралы" заңының 47 - бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады.
Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. егер белгіленген мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны пмпк-ке тексеруге жіберу қажет. балаларды жеке бағдарлама (жмбс бағдарланбай) бойынша оқыту пмпк-тің ұсынысы негізінде ғана іске асады. себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. ақыл-ойы кем балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «білім беру» заңына [5, б. 19, 3т. ], пмпк-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің ) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
2. Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін) . Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру пмпк ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». егер оқушылар (ебҚ 2 және3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң бо-
лып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.
бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.
3) Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану. бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін пмпк ұсынуы мүмкін.
мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық
сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ебҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.
3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері.
психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақылойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған.
жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға бо-
лады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жылжу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т. б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.
4. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау. мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі.
Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады.
арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу матери-
алдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:
- көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар) ;
- тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т. б. ) ;
- есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б. ) ; - зиятының бұзылуы (Оәк-нің түпнұсқасы) .
арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (Оәк) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.
арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын мектеп (белгіленген тәртіппен) сатып алуы және мектептің кітапхана қорында болуы тиіс.
ҚР-да шығарылған арнайы оқулықтар тізімі тп ҰғпО сайтында ұсынылған http://www. special-edu. kz/
инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері
мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқудидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.
5. Оқытудың формасын таңдау. жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады:
- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ебҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс) ;
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы) ;
- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта) [1] .
мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау пмпк қорытындысы мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың келісімімен жүзеге асырылады.
арнайы сыныптарда оқыту - бұл жалпы сыныпта жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы оқыту шарттарын жасау қажеттілігі туындаған да ғана іске асады. Оған төмендегі шарттар жатады:
- сыныптың аз толымдылығы, педагогикалық күн тәртіп;
- оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін және оқу қиындықтарының себептерін жеңуге бағытталған арнайы оқу пәндерін қамтитын арнайы оқу жоспары мен арнайы бағдарламалар бойынша оқыту;
- арнайы дайындығы бар мұғалім;
- арнайы жабдықтардың (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық дыбыс күшейткіш аппаратураның; зағип балаларға арналған арнайы жабдықтардың, ақыл-ойы кем балаларға арналған пәндік дамытушы
ортаның және т. б. ), оқу-әдістемелік қамтамасының болуы;
- мамандардың қолдау көрсету бойынша міндетті және топтық сабақтары (арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес) .
мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі - бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. кабинеттің, ебҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б. ) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуфтар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар.
ебҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
кабинетінде жүргізіледі:
- сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың;
- әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ебҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар. сабақты пОҚ қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады.
психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және
топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән:
- сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінезқұлқында проблемасы бар оқушылар. мамандардың міндеті және осындай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады;
- бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойынша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ түрінде өтеді. жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді.
зияты зақымдалған оқушыларға пОҚ жағдайында негізгі оқу пәндерін оқыту оқытудың барлық кезеңіне берілуі мүмкін. пОҚ жағдайында оқытудың қажеттілігі мен ұзақтығы туралы шешімді пмпк ұсынысы немесе мектептің шешімі бойынша қабылдайды.
6. тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:
-тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б. ) ;
- көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.
Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады:
- дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен немесе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін
балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;
- мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
- соңғы партада отыруы;
- өзі немесе беделді оқушымен отыруы; - терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:
- арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.
- компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады [19] .
... жалғасыжалпы білім беретін мектептер ебҚ бар балаларды оқыту және қолдау үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нормаларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамытушы жабдықтарын алады және пайдаланады [20] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz