Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Жоспар:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстанның майдан арсеналына айналуы
2. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
3. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі
1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сыяқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бүзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі үран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.
Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 -дан ортық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердың ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшіл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т. Ж. Бигельдинов, С. Луганский, Н. Беда, И. Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.
Атақты балуан Қажымұқан Мұнайтпасов өзінің жираған ақсасына әскери самолет дайындатып, майданға жіберген. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде не бары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1, 8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14, 1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1, 5 мың трактор, 110, 4 мың жылқы және 16, 2 мың арба жіберді. Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық қүрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Ғ. Омаров, В. Шаруда, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Ә. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т. Бегилдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10, 4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.
Осындай қиын-қыстау күндерде қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А. Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның "Ленинградтық өрендерім" атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов "Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын" деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның "Абдолла" поэмасы қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж. С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі" деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде "Абай" эпопеясының бірінші кітабын жазуы қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Қазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz