Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы. Жас ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Айткулова М. ДФ-11
Тексерген: Тебенова Қ.С.
№6 тақырып: Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы. Жас ерекшеліктері.

Сұрақтар:
1. Баланың қимыл-қозғалыстарының жасқа сай ерекшеліктері.
2. Тірек-қимыл жүйесінің кемшіліктерінің алдын алу гигиенасы.
Тапсырма:
1. Адам ағзасы үшін тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқаратынын сипаттап беріңіз.
2. Қаңқаның мына бөлімдері қандай сүйектерден тұрады және олардың жасқа сай ерекшеліктері:
а) бас сүйектер;
ә) көкірек қуысының сүйектері;
б) иық белдеулерінің сүйектері;
в) жамбас белдеулерінің сүйектері.

Сұрақтар:
1)Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ , оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бүзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың үйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды үстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру және қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.
Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын еңбектеу қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда болады. Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесінің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т.б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалу дамиды.

2)Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.
Омыртқаның ауытқулары - туа біткен жағдайлар, омыртқалардың санын немесе конфигурациясының өзгеруімен бірге жүреді. Омыртқа бағанының даму аномалиясының өзгеруінің түріне және ауырлығына қарай ол өзін әртүрлі симптомдар ретінде көрсете алады немесе асимптоматикалық болуы мүмкін. Остеохондроз - омыртқа жотасы мен оны қаптап тұратын барлық тінілердің дегенеративті-дистрофиялық ауруы. Дистрофиялық үрдіс - қоректенудің бұзылуы, ал дегенерация - тінілердің құрамы мен қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы. Соңғы кездері остеохондроз ауруы кеңінен таралып келеді. Жалпы статистика бойынша омыртқа ауруымен жер шарындағы адамдардың жартысынан көбі ауыратындығы анықталып отыр.
Амбулаториялық орталық мекемесінде 2016 жылдың 1 кварталы бойынша 28 % науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде: 67 % - әйел адамдар болса, 33 % - ер адамдар. Остеохондроз тек орта жастағыларда емес барлық жас арасында кездесетін ауру. Біздің жүргізген талдауларымыз бойынша ауруды жаңарту тенденциясы науқастардың: 16-25 жас аралығында 24 % , 26-55 - 36 %, 55 жастан жоғарғылар - 40 % құрады. Остеохондроздың асқынуы - еңбекке жарамсыздықтың бірден бір себебі болып табылады. Біздің 1 квартал статистикамыз бойынша остеохондроз кезінде асқыну синдромы бойынша барлық еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамлардың ортақ саны - 65 %.
Барлығымызға белгілі ауруды емдеудің жақсы әдістерінің бірі - оның алдын алуы. Остеохондрозды болдырмау үшін, оның алдын алу сұрақтарымен ерте бала кезден бастау керек. Сәби өмірінің 1-жылдарынан бастап дене шынықтыруымен, спорттың қозғалмалы түрімен, ойындармен, тірек-қимылға аса мән беру, омыртқа жотасына артық салмақтың түсуін қадағалау.
Омыртқа жотасының сау жағдайын ұстану шараларына мыналар жатады: еңбектің және демалудың рационалды режиімі: көп отырудан сақтанып, арқаңызды шынықтырып, арқаңызды тік ұстаңыз, жартылай қатты төсекте ұйықтау; омыртқа жотасына артық салмақтың түсуінен сақтану: ауыр заттарды көтермеу, әсіресе еңкейген қалыпта көтеруге, жоғарыдан құлап немесе секіруден сақтану, дене салмағына ден қою; арқаға арналған емдік дене-шынықтырулармен айналысу; дұрыс тамақтану, уақытылы медициналық көмекке жүгіну, ерте диагностика - ауруды уақытылы емдеп, тез сауығудың кепілі.

Тапсырма:
1. Адам ағзасы үшін тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқаратынын сипаттап беріңіз.
* Сүйек-ет жүйесі негізінен тірек,қимыл-қозғалыс,қорғаныс,түрлі тұздар алмасуына қатысып,маңызды орын алады. Яғни,ет пен сүйек- негізгі тірек, және оның қозғалуы,еңбек етуі сүйек-етке байланысты.
* Жұлынның, мидың сауыты болғандықтан қорғану қызметін атқарады.
* Тұздардың зат алмасуын, бір мөлшерін сақтап отыруын қамтамасыз етеді.
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады. Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды.
Еттердің негізгі қызметі -- сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Қаңқа мен сүйек
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Анатомия ғылымының салалары
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы
Пәндер