Басқару психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Басқару психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі

  1. Басқару психологиясының пәні және оның мақсат-міндеттері.
  2. Менеджмент, басқару, ұйым жетекшілік, маркетинг ұғымдарының өзара байланысы және олардың басқару психологиясындағы алатын орны. 3. Басқарудың қалыптасуы мен дамуы.

4. Басқару iлiмiнiң ғылыми даму тарихы

Пәннің қысқаша сипаттамасы Қазіргі заман жағдайында тек қана білікті басшылар ғана емес, сонымен қатар, психологиялық ойлайтын, басқаруда данышпандылық көрсете алатын басшылар қажет. Бүгінгі күн басшылардан басқарудың психологиялық білім негіздерін білуді және басқарушылық мәдениетін сақтауды талап етуде. Өйткені басшы болу дегеніміз туа біткен қасиеттер және тәжірибенің қосындысы ретінде қабылданды. Бірақ әлемдік тәжірибе басшылық іс-әрекет басқа мамандықтар сияқты терең білім алуды қажет ететін білім сферасы екенін ұқтырды. Жалпы өркениет дамуымен бірге даму қажеттіліктері, үздіксіз өзгеріп отырған практика талаптары басшының даралығына және басқару процесінің маңызды бөлшегі - адамдарды басқарудағы психологиялық аспектілерге назар аударуға мәжбүр етті.

Аталған мәселенің терең өңделуімен ғылыми білім саласында көптеген мамандар айналысуда. Бұл процесте психология саласы да маңызды роль атқарады. Қазіргі таңда басқарудың психологиялық аспектілерін зерттеу белсенді түрде жүргізілуде. Адамдардың психологиялық ерекшеліктерін білу, басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық мазмұнын жан-жақты ұғыну, ұйым өмірінде топты стимулдау тиімділігін арттыру, мекемеде жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал орнату т. б. көптеген маңызды мәселелер басқару психологиясы назарында негізделіп отыр.

Типтік оқу бағдарламаның негізінде басқару психологиясының теориялық негіздерін, отандық және шетелдік басқару тәжірибесіндегі басқару іс-әрекеті нәтижелерін талдау, теория мен тәжірибенің тығыз байланысын нақтылау, олардың өзара іс-әрекеттестігі мен өзара тәуелділігін көрсету.

Оқу пәнін оқытудың мақсаттары: Басқару психологиясының әртүрлі аспектілеріне талдау жасау және тыңдаушыларға басқару істерін дұрыс жолға қою үшін қажетті біліммен іскерлікті қалыптастыру.

Сондай‑ақ басқарушы және жұмысшы әлеуметтік фактор ретінде басқару психологиясының негізгі феномендері екендігін көрсетіп, олардың жетістікке жетудегі өзара байланыстарын анықтау.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері:

‑ басқару іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын толық меңгеруге тиісті;

- басқару процесінің маңызы мен мазмұнын, қазіргі психологиялық басқару әдістерін, қызметтерін және тәсілдерін, кәсіби-іскерлік сапа межелерін білуі керек.

- меңгерген ғылыми-психологиялық білімдерін басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қолдана алуға дағдылануы міндетті.

Басқару психологиясы - әлеуметтік психология ғылымының бір саласы ретінде, адам психикасының әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы адамдардың қарым-қатынасы кезінде дамып қалыптасуын, басқарудың тиімді жолдарын қарастырады.

Басқару - іс-әрекет ретінде өз алдына өмір сүріп, басқа әрекеттер сияқты өзіндік орны қандай? Ол үшін мына сұрақтан жауап іздеу керек. Басшының еңбегінің басқа мамандықтардан айырмашылығы неде және басқару дегеніміз не? Оның негізгі компоненттері және адамның алатын орны.

Басшының еңбегі-ұжымның жұмыс нәтижесінен көрінеді. Жақсы басшы-ұжымды жақсы жетістікке жеткізеді, ал жаман басшы керісінше.

Басшының әрекетінің негізгі мәні-ұйымдастыру-(жеке мүшелерін интеграциялау және синхронизациялау), ол оның жұмысына спецификалық талаптар қояды. Сондықтан, оның еңбегі- шығармашылықты адамның еңбегі (өзі басқарып отырған әрекетті анализдеу, бағалау, жаңа міндеттер, бағыттар қою) .

Алдымен басшы-технологиялық, экономикалық, әлеуметтік процестерді зерттейді. Істелген жұмыстарды анализдеу, содан кейін синтездеп, шешім қабылдайды, шығармашылықты процестің негізі-бар тәжірибені реорганизациялау-жаңа комбинация жасақтау. Бар нәрсе емес-жаңа нәрсе ұсыну. Сондықтан аз уақыт ішінде-практикаға жаңа зерттеулер енгізу қажет, ол оның артықшылығын көрсетеді.

Басшының ерекше қасиеттері: негізгі проблемаларды қойып, шешу; оптимальды жолдарды қарастыру; шешім қабылдап, программа жасап оны орындау; қабылданған шешімнің дұрыс орындалуын бақылау. Оларды орындау үшін жоғарғы ақыл-ой керек. Оны үнемі дамыту-ғылыми-зерттеу проектілерін конструкциялау; спецификалы комплексті зерттеу әдістерін ұсыну; ғылыми әдістерін дамыту.

Басшының жеке сапалары: жоғарғы ақыл-ойы, күш-қуаты, қабілеті, қиын тапсырмаларды орындай алуы.

Басшы-тәрбиеші - техникалық, экономикалық білімдермен қатар, тәрбиеші-алға қойған міндетті орындауға көмектесіп тәрбиелейді.

Басшы-саяси қызметкер. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық теориясын жақсы меңгерген.

Басқару жүйесі күрделі-әрбір басқаруда субъект-басқарушы звено және басқару объектісі-басқарылатын жүйе. Егер комплексті «адам-машина» жүйесінде, субъект-субъект қатынасында, бұл тек басшы-қарамағындағылар ғана емес, ол басқарушы-орындаушы, бұлардың барлығы саналы тұлға. Басқарушы-мақсат қояды, қажетті информацияны береді, оларды бақылап, өнім нәтижесіне қарай бағалайды. Орындаушы-басқару жүйесіндегі басқарылатын буын, бірақ ол пассивті орындаушы ғана емес, ол іс-әрекеттегі активті субъект, өзіндік мақсат-міндеттері бар.

Сондықтан, басқарудағы әлеуметтік жүйе-бұл субъектілердің активті ара қатынасы, әрқайсысы өзін-өзі реттеп, есеп бере алады-яғни, мақсатты саналы әрекет етеді. Бұдан басшының ең басты сапасы - стратегиялық мақсат қойып, іс-әрекетінің перспективасын көре де болжай алады, ал жақсы орындаушы-бұл мақсатты қабылдап, тактикалық міндеттерді орындап, шешімін таба біледі.

Сөйтіп, басқару жүйесі - нақты өмір сүре алады, егерде басқарушы субъектіде объектіні басқара алатын біліммен, қабілет және қажеттілік болып, екіншіден, басқару объектісінде нақты бейімділік, іскерлік болса, бұдан екі жақты қызығушылықпен бір-біріне тәуелділік пайда болады.

Бұдан басқару мақсаты туындайды - себебі адам іс-әрекеті мақсаттан тұрады, егерде әрбір адамның, ұжымның мақсаты болмаса, онда ол өмір сүруін тоқтады. Сондықтан басшы басқарудың әрбір сатысында қарамағындағыларға нақты, дәл, тиімді етіп қоя білуі қажет. Сөйтіп, мақсат басқарудың нәтижелі болуындағы әрекет, басқару кезіндегі алдын ала жоспарланған, орындалуы тиісті тәсіл. Психологияда 2 мақсат: стратегиялық (алыс) ұзақ мерзімді, жалпы; тактикалық (жақын) стратегиялық мақсатты орындау үшін қажет.

Менеджмент психологиясы - әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынас мәселелерін зерттейтін қазіргі әлеуметтік психологияның маңызды саласы.

Менеджемент психологиясының негізгі зерттеу пәні психологиялық білімдерді басқару іс-әрекетінің әртүрлі мәселелерін шешуде процесінде тиімді қолдана алу болып табылады.

Әлеуметтік психологияның басқару теориясының объектісі әртүрлі құрылымдардағы, топтар мен ұжымдардағы экономикалық, саяси өндірістік міндеттерді шешудегі адамдардың өзара әрекеттік формасы болып табылады.

«Менеджер» ағылшын тілінен аударғанда басқарушы деген ұғымды білдіреді. Менеджер - бұл экономикалық және өндірістік құрылымдарда басшылық іс-әрекетті жүзеге асыратын маман.

«Менеджмент» - бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылатын басқару принциптері мен құралдарының жиынтығы.

3. Маркетинг - капиталистік кәсіпорынның өндірістік өткізу және сауда қызметін басқаруды ұйымдастыру тәсілі ретінде ХІХ-шы ғасырдың аяғы ХХ-шы ғасырдың басында өмірге келді. Маркетинг - бұл өзінің тұтынушысын іздеуге, оның сұранымын қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған кәсіпорынның (фирманың) нарықтық қызметі.

Маркетинг - (ағыл. Маркет- нарық) тауарлар мен халыққа қызмет көрсетуде тұтынушылардың, бизнестің және мемлекеттің сұранысын қанағаттандыру мақсатын көздейтін және зерттейтін комплексті жүйесі.

1. Ұйым туралы түсінік. Басқару объектісі және субъектісі. әлеуметтік басқару. Басқару және бағыну. Басқару жүйесі. Негізгі басқару мәдениеті: тән сипаттары мен ерекшеліктері. Әлемдік бизнес тарихы және оның негізгі бөлімдері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Басқару теориясы туралы
Жалпы психологиялық дайындық
Ізгілікті бағыт
Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы
Тұлға зейінін зерттеудің ғылыми-теорилық негіздері (1 тарау)
Жоғары психикалық функциялар
Психологияның даму тарихы
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz