Стартап қызметіндегі маркетинг туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университеті

СӨЖ/ОСӨЖ

Тақырыбы: Стартап қызметіндегі маркетинг

Орындаған: Базарбай Б. Б.

Тексерген: Байшукурова Ж. Ж.

Ақтөбе 2020

Жоспар:

1. Маркетингтің орны. Қоғамдық маркетинг.

2. Маркетингтің негізгі принциптері

3. Маркетинг функциялары

  1. Маркетингтің орны. Қоғамдық маркетинг.

Маркетинг (ағылшынша: marketing - нарық, базар, өткізу, сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т. б. ) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Маркетингтің мәні - экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.

Маркетинг - бұл айырбастау арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі. » (маркетинг теориясының негізін қалаушы Филипп Котлер) .

«Маркетинг - бұл мақсат нарықты дұрыс таңдаудың, сатып алушыны өзінің компания үшін ең үлкен құндылықты білдіретініне сендіру арқылы тұтынушыларды тарту және олардың санын сақтап, өсірудің өнері мен ғылымы, сонымен қатар «тұтынушылар мен нарықтық қызметті реттеудің мәселелерін реттелген және мақсатты бағытталған түсіну үрдісі» (Филипп Котлер) .

«Маркетинг - бұл тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тұтынушыға жүретін ағынының бағыты бойынша бизнес-үрдістерді іске асыру. » (Америкалық маркетинг ассоциациясы (AMA) ) .

«Маркетинг - жоспарлаудың, баға қалыптастырудың, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандыру үшін идеяларды, тауарлар мен қызметтерді жылжыту мен таратудың жүйесі; жарнама маркетинг үрдісі факторларының бірі ғана болып табылады. ».

Маркетинг - шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін нарықта орын алып жатқан үрдістерді мұқият есепке алуды қарастыратын капиталистік кәсіпорынды басқару жүйелерінің бірі. Маркетинг мақсаты - өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық - техникалық шаралар жүйесін құрастыру. Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен өткізуді ынталандыруды зерттеу, тауар ассортиментін, өткізу мен саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық персоналды басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қызмет.

Көптеген зерттеушілер маркетинг - бұл үрдіс деген көзқарасты ұстанады. Бұл үрдіс компания жұмыс істегісі келетін мақсатты нарық сегментін зерттеу ден басталады. Маркетологтар әлеуетті сұранысты және оның көлемін (нарық сегментінің көлемін) анықтайды, яғни қажеттіліктері жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмаған немесе нақты тауарлар мен қызметтерге қызығушылық білдіретін сатып алушыларды айқындайды. Нарықты сегменттеу жүргізіледі және сол сегменттің компания ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алатын бөліктерін таңдау жасалады. Жүргізіліп жатқан шараларды және олардың тұтынушыларға әсерінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін маркетингтік аудит жүйесі құрылады. Маркетинг көбінесе тауардан емес, тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар төлем қабілеті жоғары тұтынушыны іздеуден басталады.

Маркетинг - бұл кәсіпорын қызметінің сауда - өткізу обылысын зерттейтін, өндіріс процесі мен ұсынымына және өндірушіден тұтынушыға қызмет көрсетудің әсерін ескертетін барлық факторларды қарастырудың кешенді шаралары .

Маркетинг - бұл өзінің тұтынушысын іздеуге, оның сұранымын қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған кәсіпорынның нарықтық қызметі .

2. Маркетингтің негізгі принциптері

Нарықтық тұжырымдама ретінде маркетингтің негізгі принциптері мынаған сай :

- өндіріс қызметінің түпкі нәтижесіне жету мақсаттылығы ;

- нарыққыа тауар өткерілуін тиімді жасау :

бағдарлы - мақсаттық тәсіл және қойылған мақсат пен міндеттерге кешенді көзқараспен қарап, мұнда маркетингтің құрал - жабдықтар жиынтығы нарықтық қызметтің жағдайын қамтамасыз етеді

- нарыққа икемделудің тактикасы мен стратегиясы бірлігін және өзара байланыстылығын қолдану, оған бір жағынан мақсаттыбағытта әсер ете отырып, оның талаптарына жауап беру .

- кәсіпорынның қызметін бір мезгілдік емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бағыттап, жаңа тауарларды жасау мен зерттеуді болжауға мән береді .

Осы аталған принциптер нгізінде маркетингтің негізгі

қызметін айқындауға болады . .

Бірінші қызметіне нарықты білу - зерттеу қызметін жатқызамыз.

Бұған - әртүрлі топтағы сатып алушылардың тұтынысы мен сұранысы жайлы қажетті ақпаратты жинау процесін айтамыз . Сондай - ақ, жаңа тауарларды өндіру ақпарат бағытын немесе игерген ассортиментті жаңатту осы қызмет саласына жатқызамыз .

Екінші қызметі - бұл жарнаманы қолдану қызметі . бұл қолда бар нарық сегменттерін нығайтуға бағытталып, сатушылардың жаңа контингенттерін табуды көздейді .

Үшінші қызметі - өткізуді ынталандыру қызметін айтамыз . Бұл тауарды белсенділікпен сатуды сый - ақы көмегімен, жеңілдікпен жүзеге асыруға бағытталады және тауарды төмен бағамен өткеруді, диллер қызметін қолдануды және басқадай әртүрлі іс - әрекеттерді қамтиды .

Баға саясаты - маркетинг қызметінің ең маңыздысының бірі . Ол сұраным мен ұсыным арақатынасын реттеуге ықпал жасайды .

Өткізу саясаты маркетинг қызметі ретінде барлық тауар қозғалысы жүйесін қамтиды . Нарық жағдайында маркетинг тауарға салыстырмалы қалыпты сұраным жасауға талпынады және пайда таба отырып, бәсекелестікке кәдімгідей төтеп береді .

Кәсіпорында ( фирмада) маркетингті ендіру - бұл бұрын қалыптасқан практикадан сапалы айырмашылығы бар, жаңа принципке негізделген барлық өндірістік, өткізу қаржы саясатын тубегейлі қайта құру . Арнайы маркетингтік құрылым құрылады . Ол нарықты, сатып алушыларды зерттеумен, жаңа тауарды жасау, жарнама қызметі және тауарды өткізумен айналысады . Осы айтылған нарықты талдау негізінде үш мәселені шешеді : нені өндіру керек, кім үшін өндіру керек . қалай өндіру керек

Маркетинг құрылымы - бұл оның мақсаттық бағытының нақты мазмұны . Оған маркетингтің төрт міндеттері енеді :

- нарыққа нені ендіруге болады Білімді ме әлде қызмет көрсетуді ме

- өнімді қалай өткізген жөн Тікелей тұтынушыға ма әлде делдал арқылы ма

- өнімді тұтынушыға қандай әдіспен қозғалту керек Өткізуді қандай тәсілдермен ынталандырамыз: әртүрлі құралдарды қолданумен, жарнаманы жандандырумен, делдалды марапаттау жүйесімен, өткізуші мен тұтынушыны қатыстырумен

- баға құрылымының қандай стратегиясын жүргізу қажет

Сондықтан кәсіпорынға қазіргі жағдайда нарыққа өтуде мүмкіндіктері шектеулі көрінуі мүмкін . Бұл кәсіпорынның алдағы келешегін болжай алмауынан, немен айналысуын білмегендігінен туындайды .

3. Маркетингтік функциялары

Маркетингтік функциялар мынадай ұғымдарды қалыптастырады: мұқтаждық, қажеттілік, сұраныс, тауар, айырбас, мәмле және нарық. Маркетинг негізіндегі бастапқы идея болып адам мұқтаждығы идеясы табылады.

Мұқтаждық - бірдеңенің жетіспейтіндігінің сезімі. Адамдар мұқтаждықтары әртүрлі және күрделі. Бұған негізгі болып табылатын тамаққа, киімге және қауіпсіздікке деген мұқтаждық ; және де рухтық жақындық, беделді болудың әлеуметтік мұқтаждықтары; білім мен өзін-өзі көрсету сияқты жеке мұқтаждықтарды жатқызуға болады. Бұл мұқтаждықтардың көбісі адам табиғатының бастапқы құрамдастарымен анықталады. Егер мұқтаждық қанағаттандырылмаса, онда адам өзін қанағаттандырылмаған болып сезініп, сол мұқтаждықты қанағаттандыра алатын объекті іздейді, не ол мұқтаждықты басып тастауға тырысады.

Маркетингтің екінші бастапқы идеясы болып адамның қажеттіліктері идеясы табылады.

Қажеттілік - индивидтің мәдени деңгейі мен оның жеке тұлғасының ерекшелігіне сәйкес спецификалық пішінге келген мұқтаждық. Мысалы, қарт адамға тілдесуге деген қажеттілікті теледидар алмастыра алса, жастар үшін оның орнын би кештері алмастырады. Қажеттіліктер нақты қоғам немесе әлеуметтік топтың мәдени құрылымына байланысты әдіспен қанағаттандыра алатын объектілермен білінеді.

Қоғамның прогрессивті дамуына қарай оның мүшелерінің қажеттіліктері де өседі. Адамдар олардың қызығушылықтары мен тілектерін туындататын объектілердің түрлерімен күннен күнге жиі кездесетін болды. Өндірушілер өз тарапынан тұтынушылардың тауарларды сатып алу тілегін ынталандыру үшін мақсатты шаралар жүргізеді. Олар өздері шығаратын тауарлар мен адамдар мұқтаждықтарын байланыстыруға тырысады. Тауарды бір немесе бірқатар ерекше мұқтаждықтарды қанағаттандыру құралы ретінде үгіттейді. Маркетинг қызметшісі мұқтаждықты тудырмайды, ол одан бұрын да бар болған.

Сатушылар жиі қажеттілік пен мұқтаждықты шатастырады. Бұрғылау колонкаларын өндіруші тұтынушыға оның бұрғысы керек деп ойлайды, бірақ шынында тұтынушыға ұңғыма (скважина) қажет. Ұңғыманы тезірек және арзанырақ жасай алатын басқа тауар пайда болатын болса, онда тұтынушыда жаңа қажеттілік (жаңа тауарға деген) пайда болады, ал мұқтаждық сол бұрынғы болып қалады.

Адамдар қажеттіліктері шексіз болып табылады, бірақ адамдар ең төменгі құн, уақыт және ақпарат шығындарын жасағандағы ең жоғарғы қанағаттандыру беретін тауарларды ғана сатып алады.

Сұраныс - бұл сатып алу қабілеті бар қажеттілік болып табылады. Нақты қоғамның нақты уақыт аралығындағы сұранысын айтып өту қиынға соқпайды, бұның өзінде қоғам өндіріс көлемін алдыңғы жылғы сұранысқа негізделіп келесі жылға жоспарлай да алады. КСРО- да өндірісті жоспарлау осылайша жүргізілетін. Бірақ сұраныс - тұрақсыз көрсеткіш. Адамдарға қазір айналымда жүрген заттар тез қызықсыз болып көрініп, олар әртүрлілік үшін әртүрлілік іздейді.

Талғамның өзгеруі бағаның немесе табыс деңгейінің өзгерісінің нәтижесі болып шығуы да мүмкін. Адам әдетте жиынтық қасиеттері осы бағада қанағаттандыратын тауарды, адамның барлық ерекше қажеттіліктері мен ресурстарын есепке ала отырып, таңдайды.

Тауар - қажеттілік немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатын кез келген нәрсе және нарыққа назар аудару, сатып алу, пайдалану және тұтыну мақсатымен ұсынылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтерден мысалдар келтіру
Стартап қызметіндегі Маркетинг
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Бизнес идеяларды таңдау
БИЗНЕС - ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық қоры
Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады
КАНВА БИЗНЕС-МОДЕЛЬДЕР
Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz