Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Абстракт

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа даму жолына түскен бүгінгі Қазақстанның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен . . . шешу» [1] .

Қазақстанның ата заңындағы осы мұраттар жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. « . . . біздің мәдениет органдарының адамдардың бойына асқақ ой-ниет нәрін сіңіруге, жас ұрпақты халықтың, бүкіл әлемдік өркениеттің сан ғасырлық рухани және мәдени мұрасының қазыналарынан сусындата білуге қабілетті болуының маңызы ерекше зор . . . » [2] . Қазіргі уақытта қоғамдық - гуманитарлық пәндерді оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айырықша көңіл бөлінген. Осы пәндердің ішінде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, аймағының, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын да, басқа халықтарды да лайықты құрметтеуі мүмкін емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсамайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шығара алмасымыз да ақиқат.

Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыстар жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын білуді міндеттейді. Өз елінің, халқының тарихын жетік білмейтін адам өз елінде де, одан тыс жерлерде де оның мүддесін ойдағыдай қорғай алмайды. Осы және басқа да жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ қадірлі мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді. Мұны осы пәннің мектептегі қазіргі жағдайы да талап етіп отыр. Бұл тақырыпты зерттеу осы күнгі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің маңызды да өзекті мәселесінің біріне айналуы да содан.

Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958/59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. КСРО құрамындағы одақтас республикалардың бірі саналған Қазақстанның тарихына болмашы ғана сағат бөлініп, сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: тарих пәнінің мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары, оқу бағдарламалары мен оқулықтар, білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі, курсты оқытуға қойылатын талаптар мен оларды жүзеге асыруға жасалған қажетті жағдайлар, оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы және мұғалімнің мамандық дәрежесі, пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар. Түсінікті болу үшін олардың бір-екеуіне тоқталайық. Тарих пәнінің білім мазмұнын анықтауда білімнің толықтығы, жүйелілігі, тарихилығы, обьективтілігі сияқты дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу міндетті екеніне қарамастан ол кездегі Қазақ КСР тарихы курсының мазмұны толық та, жүйелі де болмады, ал фактілер мен оқиғаларды талдап баяндауда тарихилық, обьективтілік ұстанымдар бұзылды. Немесе курсты оқытуға қойылатын талаптар мен соларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлар арасындағы қайшылықтарды қарастырайық. Мектептегі оқу пәні, не оқу курсы талапқа сай оқытылуы үшін оның оқу-әдістемелік кешені жасалуы қажет, ал Қазақстан тарихынан сол кешеннің құрамына қосылатын бағдарлама мен оқулықтан басқа құралдар дайындалған емес. Мұның өзі курсты оқытуда елеулі кемшіліктердің орын алуына соқтырды.

Осыған қарамастан мектепте Қазақстан тарихын оқыту проблемасы кешенді зерттелмеді. Соңғы отыз жылда оны оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Мәселен, ″Қөрнекі құралдарды дайындау және пайдалану″(И. Қадірбеков), ″Мәдениет тарихын оқыту әдістемесі″ (К. Каменир), ″Тарихи-көркем әдебиетті пайдалану″ (К. Аманжолова), ″Тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі″ (Е. Жевако), ″Оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері″ (М. Зарифова), ″5-сынып оқушыларында халықтар достығы туралы білімдерді қалыптастыру әдістемесіне″ (Б. Әбдіғұлова), ″Мектептерде тарихты оқыту әдістемесіне″ (Т. Тұрлығұлов) арналған еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.

Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлт республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыда зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертацияларда ( М. Алтаев, Г. Асланов, А. Артыков, Т. Муратгелдиев, Н. Ремеев, И. Шерстюк, т. б. ) осы курстың құрылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, кластан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикалар тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тиді. Бірақ, аталған зерттеулер негізінен 1980 жылдарға дейін жүргізілді, ал одан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда көп өзгерістер болды.

1970-1985 жылдары Мәскеудегі орталық педагогикалық баспалардан мектептерде республикалар тарихын оқыту тәжірибиелерін баяндайтын бірнеше жинақ шықты. [ 3, 4, 5] . Бірақ, орталықта да, жеке республикаларда да одақтас республикалар тарихын оқыту әдістемесін тұтас қамтитын монография әлі жарияланған емес. Соңғы деректерге қарағанда мұндай еңбек әзірге ТМД елдерінің ешқайсысында жарыққа шыққан жоқ. Жоғарыдағылардың салдарынан Қазақстан тарихы мектеп курсының білім мазмұны мен оны оқыту, яғни оқушыларға сапалы білім беру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар ұзақ уақыт шешілмей проблема күйінде қалып келеді.

Қазақ халқының ғасырлар бойындағы арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықты мемлекетті құруға бел байлауды негізге алатыны айтыла келіп:

«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» [6] деп көрсетілді. Содан бері Республиканың қоғамдық өмірінің барлық саласында, соның ішінде халыққа білім беруде де үлкен өзгерістер болып жатыр. Жалпы білім беретін мектептердегі маңызды өзгерістің бірі - Қазақстан тарихының оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуі, оны толық, жүйелі оқытуға қажетті сағаттың бөлінуі және мектептің үш басқышында да ( алғашқы басқышында дайындық, қалғандарында жүйелі) білім берудің көзделуі. Осы жағдайлар мектепте ″Қазақстан тарихын″ оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, бұл пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларды алдымен ″Қазақ, Қазақстан тарихын″ оқыту кезеңдерін, оның курс болып қалыптасып-жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдаламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді? ″-деген сұрақтарды шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибиелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін ғана барып жаңа пән - ″Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы″ деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болар.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету.

Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негіздері: Жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың қалыптасуы мен даму тарихын тeoриялық жәнe әдістeмeлік нeгізін айқындауда, Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мeн дамуына eрeкшe үлeс қoсқан тарихшы, пeдагoг, психoлoг, филoлoг, әдіскeр ғалымдардың тарихнамалық мұралары мeн тарих ғылымы мeн білімінің тeoриялық әдіснамалық тұжырымдарының нeгізін қалаған тұлғалардың eңбeктeрі құрайды. Кеңестік кезеңдегі Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынoв, М. Тынышпаeв, Е. Жевако, К. Каменир, E. Бeкмаханoв, К. Аманжолова, К. Нұрпeйісoв, М. Қoзыбаeв, А. Нүсіпбeкoв, Х. Әділгeрeeв, М. Зарифова, Т. Тұрлығұл т. б атап өтуімe бoлады. Жалпы ғылыми, тарихи, пeдагoгикалық, мeктeп oқулықтары мeн ғылыми мақалалар, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР Жалпыға міндeтті білім бeру стандарты, oқу бағдарламалары, ҚР білім бeрудің 2011-2020 жылдарға арналған мeмлeкeттік бағдарламасы, «Мәдeни мұра», «Мәңгілік eл», Мeктeптe Қазақстан тарихын oқыту тұжырымдамасы» т. б. ғылыми дeрeктeр нeгізгe алынып, салыстырмалы түрдe талдау, саралау құрылымдық, жүйeлік рeтпeн тeoриялық тарихнамалық, тарихи зeрттeу тәсілдeрі қoлданылды.

Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері: саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар

  • 1980-жылдардың соңына дейін мектепте Қазақстан тарихын оқыту өз дәрежесінде болмады. Оның басты себебі - Коммунистік партияның ұстаған ұлыдержавалық идеологиясы еді. Осы арқылы Кеңес еліндегі жеке ұлттар азаматтарының өзінің ұлттық құндылықтарынан сусындауына жол бермеу, оларды өз ұлтының қадір-қасиетінен айырып, бірте-бірте елдегі бүкіл халықты орыстандыру мақсатын көздеді;
  • Ы. Алтынсарин заманынан бері қарай қазақтың бірқатар ғалымдары, жеке орыс ғалымдары: А. М. Панкратова, А. В. Шестаков, Ж. Аймауытов, С. Аспандияров, М. Акынжанов, Е. Бекмаханов мектепте Қазақ КСР тарихын оқыту мәселесін көтерген;
  • Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың мақсат-міндеттері өзгерді: оқушыларға адамдар жасаған құндылықты, яғни олар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибиелерді баяндайтын тарихи білімдер негізін оқытып үйрету - ең басты міндет болуы тиіс. Осыдан келе оқыту барысында тарихи оқиғалар мен құбылыстарды шындық тұрғыдан баяндау, оқушыларды жоғары саналылыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, отаншылдыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға, халықтар арасындағы ынтымақтастыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оларды шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, теңсіздікке, әділетсіздікке, соғысқұмарлыққа қарсы күресе алуға тәрбиелеу міндеттері келіп шығады;
  • Оқытудың мақсат-міндеттерінің өзгеруіне байланысты білім мазмұны да, демек алдымен, оны анықтайтын ұстанымдар да өзгереді. Олар дүние жүзінде халық ағарту саласында болып жатқан жаңалықтарды, өзгерістерді ескеру, құндылықтар мен мәдениет жетістіктерін оқып, үйренуді алға шығару; оқытуды демократияландыру, ізгілендіру; тарихты бұрмалаудан, Еуроцентрлік пен Ресейцентрліктен арылту; функционалдық толықтық; дәстүрлілік, қайшылық пен баламалылық ұстанымдарын жүзеге асыру және де педагогика теориясының білім мазмұнына қоятын ұстанымдарын басшылыққа алу;
  • «Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" пәнінің даму эволюциясы : құрамында Қазақстан 1959-1989 жылдары оқытылғанда тарих пәнінің оқыту әдістемесін пайдаланумен қатар өзіндік: КСРО және Қазақ КСР тарихы материалдарын қатар оқыту, яғни аралас сабақ; екі курс материалдарын органикалық байланыстыру жолдары, курсішілік байланыстардың әдістемелік жолдары, қорытып-қайталау сабақтарының жаңа типтері, өз өлкесі тарихын оқыту, сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды байланыстыру сияқты оқыту формалары мен әдіс-тәсілдері қалыптаса бастады; 90-жылдары пәннің әдістемесі біраз жетіліп, «Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» пән болып қалыптасуда;
  • Мектептегі Қазақстан тарихының білім мазмұнындағы бірқатар ғылыми проблемалар толығырақ, әрі нақтырақ ашып көрсетуді қажет етеді.

Диссетация жұмысының құрылымы мен көлемі: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 86 беттен тұрады.

Кілт сөздер тізімі: педагогика, методика, дидактика, тарих, тарихи білім беру, хронология, мектеп.

Анықтамалар

Педагогика- жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

Психология- адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым

Методика- педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.

Дидактика- (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Синтездеу- (гр. , synthesis құрастыру, тіркестіру) -. Берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру; Бүтіннің элементтері мен қасиеттерін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау;

Хронология- хронос - время, логос - слово, учение деген сөздерден шыққан. Уақытты өлшейтін ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол негізінен екі бөліктен тұрады: астрономиялық (математикалық) және тарихи (техникалық) . біріншісі , аспан денелерінің қозғалысын, астрономиялық жағдайларды есептей отырып, нақты астрономиялық уақытты анықтайды. Екіншісі, әр халықтардың әр кездегі уақытты қалай өлшегенін, өлшем жүйелері қалай дамығанын (календарлар) зерттейді.

Атаулар мен кысқартулар

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы

Қазақ ССР -Қазақ Советтік Социалистік Республикасы

КСРО -Кеңестік Социолистік Республикалық Одақ

ҚР - Қазақстан Республикасы

Мазмұны

Анықтамалықтар мен қысқартулар

Кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛУЫНЫҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ, МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ, ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ__

1. 1. Тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретінде зерттелу деңгейі

1. 2. Мектепте Қазақстан тарихының оқытылуының методологиялық және деректік негіздері

1. 3. Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық пәндермен байланысы

2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1. Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі

2. 2. Қазақстан тарихы оқулығының мазмұны мен құрылымы

2. 3. Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінін қалыптасуы, оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер

3. ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ

3. 1. Мектепте Қазақстанның Жаңа заман тарихын оқытудың әдістемесі_

3. 2. Жаңартылған бағдарлама бойынша Жаңа заман тарихын оқытудың ерекшеліктері

3. 3. Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа даму жолына түскен бүгінгі Қазақстанның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен . . . шешу» [1] .

Қазақстанның ата заңындағы осы мұраттар жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. « . . . біздің мәдениет органдарының адамдардың бойына асқақ ой-ниет нәрін сіңіруге, жас ұрпақты халықтың, бүкіл әлемдік өркениеттің сан ғасырлық рухани және мәдени мұрасының қазыналарынан сусындата білуге қабілетті болуының маңызы ерекше зор . . . » [2] . Қазіргі уақытта қоғамдық - гуманитарлық пәндерді оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айырықша көңіл бөлінген. Осы пәндердің ішінде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, аймағының, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын да, басқа халықтарды да лайықты құрметтеуі мүмкін емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсамайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шығара алмасымыз да ақиқат.

Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыстар жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын білуді міндеттейді. Өз елінің, халқының тарихын жетік білмейтін адам өз елінде де, одан тыс жерлерде де оның мүддесін ойдағыдай қорғай алмайды. Осы және басқа да жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ қадірлі мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді. Мұны осы пәннің мектептегі қазіргі жағдайы да талап етіп отыр. Бұл тақырыпты зерттеу осы күнгі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің маңызды да өзекті мәселесінің біріне айналуы да содан.

Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958/59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. КСРО құрамындағы одақтас республикалардың бірі саналған Қазақстанның тарихына болмашы ғана сағат бөлініп, сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: тарих пәнінің мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары, оқу бағдарламалары мен оқулықтар, білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі, курсты оқытуға қойылатын талаптар мен оларды жүзеге асыруға жасалған қажетті жағдайлар, оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы және мұғалімнің мамандық дәрежесі, пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар. Түсінікті болу үшін олардың бір-екеуіне тоқталайық. Тарих пәнінің білім мазмұнын анықтауда білімнің толықтығы, жүйелілігі, тарихилығы, обьективтілігі сияқты дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу міндетті екеніне қарамастан ол кездегі Қазақ КСР тарихы курсының мазмұны толық та, жүйелі де болмады, ал фактілер мен оқиғаларды талдап баяндауда тарихилық, обьективтілік ұстанымдар бұзылды. Немесе курсты оқытуға қойылатын талаптар мен соларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлар арасындағы қайшылықтарды қарастырайық. Мектептегі оқу пәні, не оқу курсы талапқа сай оқытылуы үшін оның оқу-әдістемелік кешені жасалуы қажет, ал Қазақстан тарихынан сол кешеннің құрамына қосылатын бағдарлама мен оқулықтан басқа құралдар дайындалған емес. Мұның өзі курсты оқытуда елеулі кемшіліктердің орын алуына соқтырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте оқылатын тарих пәні
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
«Дәстүрлі емес тарих сабақтары»
Артпедагогика
Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz