АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІ МЕН ҚАЗАҚ РУХАНИ ПСИХОЛОГИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ


Сайлаубекова Алина Жарқынқызы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
1-курс магистранты
АБАЙ «ҚАРА СӨЗДЕРІ» МЕН ҚАЗАҚ РУХАНИ ПСИХОЛОГИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Аннотация
Бұл мақалада Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігінше психологиялық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану ұсынылған. Абай қара сөздерінің психологиялық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік маңызы, дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы сипатталған. Абай мұрасын талдай отырып оқыту жолдары ұсынылған.
В данной статье предлагается максимально психологически обосновать воспитательные соображения в словах назидания Абая Кунанбаева и эффективно использовать их в процессе преподавания педагогических дисциплин. Описано психологически воспитательное значение слов назидания Абая, его преемственность с традиционной культурой.
This article offers the maximum psychological justification of educational considerations in the words of edification of Abay Kunanbayev and effectively use them in the process of teaching pedagogical disciplines. The article describes the psychological and educational meaning of the words of edification of Abai, its continuity with traditional culture.
Халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ғұлама ойшыл, психолог, ағартушы, қалың қазақ қауымына, ауыр ойды арқалап ауырған жанның «Жүрек сырын, тылсым сезім, терең ойын» жеткізуге тырысты. Олар өздеріне рухани көсем, білікті ұстаз тұтты.
Қазір Абай мұрасын талдап, зерттеуге арналған еңбектер саны мыңнан асады. Абай мұрасын шынайы танып білудің ең басты жолы, халқымыздың тарихи жадын қайта жаңғырту, қайта талдау. Оның ішінде ең қажеті Абай ғұмыр кешкен дәуірдің мәдени тәлім-тәрбиелік, саяси, әлеуметтік болмысы, елдің отарлану тарихы, халықтың рухани қазынасы, дәстүрлі мәдениеттің өзіндік сабақтастық жолдары. Осы процестерді жалпы адамзаттық көзқарас принциптері негізінде талдай алсақ, Абайдың психологиялық көзқарасындағы іздерін аша алсақ, Абайтану бағытында көптеген белгісіз, соны, жаңаша ойлар туар еді.
Абай шығармашылығында алты мыңнан аса сөз қоры бар екен, әсіресе, онша көп зерттелмеген «қара сөздерін» бүкіл қазақ қауымына, әлем жұртшылығына түсінікті ету, даналығының тылсым сырларын ашып, сайын далада ғасырлар бойы өсіп-өніп келе жатқан көшпенділер рухани мәдениетінің төлтумасын жалпы адамзат мәдениетінің еш уақытта маңызын жоғалтпайтын асыл мұрасы, рухани жәдігері етіп көрсету дәрежесіне жету. Бұл Абай алдындағы үлкен парыз.
«Қара сөздер» тек қана Абайға тән философиялық үрдіс Абайға дейін де, кейін де бұл сарында арнайы еңбек жазған кісі жоқ. Абай өзін ғана емес, өзгені де зерттеуге тырысады, адам, адамгершілік қасиеттерін сарапқа салып, «Адам деген даңқым бар», «Адам бол», «Адам баласына адам баласының бәрі - дос», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өшпес, өлмес қағидаларды дүниеге әкеледі. Осындай жалпы азаматтық принциптерді қамтыған қырық бес қара сөз қазақтың тәлім-тәрбие аясында қалыптасқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Абай туралы сөз» атты көлемді баяндамасында хакім ерекшелігін былай деп суреттейді: «Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі - отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен, жаңа қасиеттерімен байытқандығы. Абай ұстаздық идеяларының ең мол жері оның әйгілі қарасөздері. Ақынның идеялары қара сөздерінің өне бойын алып жатыр. Олардың жазылу мақсаты да айқын. Бірінші сөзінде айтқандай, есейген кезінде түйгендерін өткен өмірмен байланыстыра ақын 5 түрлі жол таңдайды - ел бағу, мал бағу, ғылым және бала бағу. Дана Абай поэзиясы қуатымен қатар «ақ қағазбен сияны ермек қып» қараңғы халық санасын оятып, көкірегіне дарытатындай ағартушылық идеяларын қара сөзбен тізіп берген.
Адам дамуы екі қажеттіліктің: «тән құмары мен жан құмарының» қалай іске асатынына тікелей тәуелді. Жан құмарын қанағаттандыру дегеніміз - білімге сусындау болса, оның өзі шәкірттің жас шамасына қарай өзгеретінін ақын 7-ші сөзінде тап басып айтады: бала кездегі «ол немене, бұл немене» деп бір нәрсені білсем екен дегенде ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететін құмарымызды ер жеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз? Бұл сұрақ - бүгінгі таңдағы көкейкесті проблема. Осыдан-ақ қазіргі балабақша мен бастауыш мектеп шәкірттерінің сұрампаздығының азаюынан басталады. Жоғары сыныптардағы білімді түсіну төмендеп, даму тежеліп қалды, міне, осыдан олардың ары қарай ғылым таңдай алмайтыны көрініп тұр емес пе?
Абай 7-ші қара сөзінде «жан құмарлығы» бала кезде күшті болатынын, ал адам есейе келе сол қасиеттен азайып, тіпті адам болатынына қынжылады. Туа бітетін адамға тән ерекше дүние тануға деген ынтызарлық болатынын Абай: «қайта бала күнінде жақсы екенбіз, Білсек те, білмесек те білсек деген адамның баласы екенбіз», - деп сипаттайды. Осы ойлардың бүгінгі ұстазға қажеттілігі: шәкірттердің бойында болатын білімге деген «жан құмарлығын» өмір бойы жоғалтпай, жанған шырақтай мазданып ұстап тұрудың басты мақсат етудің тиімділігін көрсетуінде.
Ақынның 32-ші сөзі, түгелімен білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға арналып, оның 6 шарты тайға таңба басқандай етіп берілген: «әуелі білім-ғылым табылса, ондай мұндай іске жаратар едім деп . . . іздемекке керек» - бұл оқытудың басты мақсатының қазіргі күнгі қағидасымен сайма-сай келсе, әрі қарай айтылатын «білім-ғылымның өзіне тән құмар, ынтық болып бір ғана мектептің өзін дәулет, білсең көңілде бір рахат пайда болады . . . білмегенді тағы да сондай білсем деген құмарлық пайда болады». Осы ойлардың өзінен-ақ қазіргі ғылыми психологиядағы оқытудың дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдардың біразы айқын көрінеді. Оқушының белменді таным қызметінің қалыптасуы үшін онда саналы ынта болуы, оның қызығуға тәуелділігі, игерген білім шәкіртті қуанышқа бөлейтіндігі, оның өзі тағы да жаңа білімге жетелейтіні, қызыға, құмарта оқыған оқу - адам жадында ұзақ қалатыны ап-айқын айтылып тұр.
31-ші сөзіндегі келтірілген естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себебіне зер салсақ, оқытудың қазіргі дтдактикалық заңдылықтары мен ұстанымдарымен тікелей байланысын байқаймыз. Шәкірттің сабақ кезеңіндегі білімділігі мен саналылығы алдымен оның «көкірегінде оянатынын», ал оқығанда жүйеге келтіріп есте сақтау үшін «ынтамен ұғу керек» екендігін, «көңілге бекіту» үшін естігенде бірнеше «қайтара ойланып» оқу қажеттігіне ерекше тоқталады. Білімді игерудің бұл сатылары іске асуы үшін адам ойын «кеселді нәрселер» бөлмеуі шарт. Ұстаз шәкірттің бүкіл ақыл-ойын, ынтасын оқуға тартады [1, 13 б. ] .
Абайдың қай сөзін алсаң да ақынның өз тұсындағы емес, бүгінгі күннің шындығына дәл келеді, айтқандары қазіргі күннің өзін көріп тұрғандай өсиет сөз ретінде өріле түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz