1993 ж. ақша реформасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
2.2 Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
2.3 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2 Қазақстанның ұлттық валютасы . Теңге
3.2. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс
Тақырыбы: 1993 ж Ақша реформасы

Астана 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
I АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық
банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
2.2 Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде
жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
2.3 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық
операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ
3.1.Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге
3.2.Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және
ұлттық валюта
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда
болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын
қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II
және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер
қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар
бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы
фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына
көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға
бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ,
металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар
айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде
адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5
түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық.
Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән
берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша
массасы мен ақша базасы туралы жазылған.
Ал ақырғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай
кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны
Ұлттық Банк туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық
механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамның ұдайы өндіріс
процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер
ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға
әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы
туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта
– теңге енгізілгені туралы айтылған.
І. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні

Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір
теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың
екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған
жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың
айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә
болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар
жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған.
IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен,
Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері
пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс
істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи
болды.
X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені – бұл қараханит
мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде
тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда
көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат
ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді,
яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін
соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.
Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы
ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына
дейін сақталынып келді.
1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі
наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс
мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж
қалалары болды.
XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа
қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан,
Самарқаннан, Тәшкен, Ақсы, Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен
мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы
терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3
дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге,
оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.
XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың I жартысына дейін мәнет сарайлары
Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI
ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі.
Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір
экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.
Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан
туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен
сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың
ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және
орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда
операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.
XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның
тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған
Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және
Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда,
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің
жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне
Отырардың өзінде пайдаланған.[6,4 б]
Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында
қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси
жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.
Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе
бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат
шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен
зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі
сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде
едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт пен импорт операциялары
тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп
бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып
кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған
байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз
валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын
оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары
рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт
кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша
уақытты соза түсу тиімдірек болды.
Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне
келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан,
Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды.
Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген
болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды
шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас
республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар
елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің құнын
бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.
1992 жылдың қаңтарында Елбасының тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны
дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады
деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам
қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері жинақталды.
Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын", "сом" және
"теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық
нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым
академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір
ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда
болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында
айналымда болғанын нақты деректер келтіреді. Қазақтың тарихы тым тереңде
жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар
аз еместігі және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел
перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай
белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына қарай қазақтың барлық
өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың ішкі мәселесі десек,
сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен
достық қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар
негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-
Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған Абылай, абыз ақын Абай,
дәулескер күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында
байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан
Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.
Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке
классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі және
жүздің сыртындағы валюталар елдің экономикалық деңгейінің көрсеткішінің
анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да елде инфляция болған жағдайда
олардың айналымнан шығып қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен
жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді
шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп
классикалық негіз ретінде алынған 1 теңгеліктің нұсқасы қалдырылды.
Әрі Әл-Фараби бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза
қоймас.
Теңгені шығарар алдында біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп
зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден
негізгі валютамызды шығаруға тәуекел еттік. Дизайн жасаумен айналысқан
еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген валюталардың қорғаныштық
қабілетін зерттеді. Біз үшін теңгені басу басты шаруа емес еді. Теңге
Лондондағы кәсіпорында небәрі 4 айда басылып шығарылды. Мемлекет
басшылығымен оны 1 қыркүйекте шығару тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-
ала көптеген маңызды міндеттерді бітіріп алуға тиіс едік.
Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның
қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден,
теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді
сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері
мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға
пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге
айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан
құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып , ақша
қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі
жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында
біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.
Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі
байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды
қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз
сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Мұның артықшылығы
айқын. Ақша жүйесінің арқасында біз бір тауардың құнын анықтау үшін
оған айырбасқа жүретін басқа тауарды іздестіріп жатпаймыз. Мәселен,
малдың бағасын астықпен, мәшинемен, шаймен немесе басқа заттармен
өлшеп шығарып жатудың қажеті шамалы. Ақшаны жалпы атау ретінде
пайдалану, кез келген өнімнің құнын ақша арқылы бағалау деген сөз.
Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар мен ресурстардың
салыстырмалы бағасын оңай бағамдауға мүмкіндік туғызады. Мұндай
салыстыру дұрыс та тиімді шешім қабылдауды жеңілдетеді. Яғни ақшамен
жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер,
барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.
Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар
ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым
ретінде сақтау ұтымды. Бұл тұрғыдан алғанда ол қозғалмайтын мүліктер
(жеке меншік) және бағалы қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар
байлықты молайту құралы болып табылады. Әдетте, ақша деп қолда бар,
айналыста жүрген металл және қағаз ақшалар, сонымен қатар чектік
салымдар, яғни банктегі , түрлі сақтық мекемелеріндегі чектер
түсініледі. Металл және қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал
ағымдағы есеп шоттар коммерциялық банктер мен сақтық мекемелерінің
міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты ақшамен қатар түрлі қаржылық
міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар, т.б. өмір
сүреді. Олар тікелей қарым қатынас құралы қызметін атқармағанымен ,
жедел қолма қол ақшаға немесе чекке айнала алады. Нарықтық қарым
қатынастың келешек дамуына орай мұндай міндеттеме-лердің саны мен
көлемі өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы немесе сатып алу пәрмені
дегеніміз сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет
көлемі.
Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу
мен экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық
валюта – теңгенің рөлі айтарлықтай.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100
тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100
теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5,
10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200
теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы
1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996
жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы
1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998
жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999
жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны
өзгертілген).
2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік
банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100
теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі
5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000
теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны
ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкноттар.
1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа
рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең
соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес
пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты.
Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні деп
саналады.
Егер де бүгінгі таңдағы қаржылық жүйеге , біздің валютаға келетін
болсақ, қазіргі кезеңде теңге нығайтылды деп айту әлі ерте. Оның
бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын
жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда
емес. 1996-1998 жылдар барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет
теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды. [6]
Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық
валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ
рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген
елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан.
Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын
бейнелейді. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының
тарихы – Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады.
Алайда сол күнге дейін теңгенің сыртқы сипатын жасау бойынша ұзақ
жылдар мен айлар бойы қатарлы еңбек пен табанды жұмыс жүргізілген
болатын. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай
номиналдардан тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге. Бір теңге құны
1,2,5,10, 20 және 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот
жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы
құрылды. Оған М.Әлин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте
жауапты жұмыс жүктелді. Банкноттың дизайны көркемдік жағынан алғанда
эстетикаға сай әрі алдағы уақытта оларды көптеп шығаруға, яғни
полиграфиялық басылым тұрғысынан алғанда барынша ыңғайлы болуы
керек. Біріншіден, банкноттар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда
шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден,
оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру
керек-тін.
Металл ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі
күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі
ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық
сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленді.
1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20; және
50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасының аумағында "нейзильбер" қоспасынан жасалған 1993 жылдың
үлгісіндегі құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі
"нбрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және
"нейзильбер" қоспасынан жасалған 20, 50 теңгелік металл ақшалар айналыста
жүрді. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды
айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп
шығаруға, металды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл
ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.
1999 жылы біздің өсуімізге жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі ашыла
бастады. Осыған байланысты теңгенің экономикалық өсімге тікелей
қызмет етуін қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырай
бара жатса Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша
жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның
жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін
жүзеге жіберу керек болды.. Елдегі инфляция қазір соңғы үш жылда 5-
6 пайыздан асқан жоқ.
Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала
отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы
мемлекетте бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге үш жылдан кейін
барлық экономикалық кеңістіктерде АҚШ-тың доллары сияқты еркін
айырбасталатын валютаға айналмақ.Мұндай жағдайда теңге өзінің
өміршеңдігіне негіз қалайтын болады. Дей тұрғанмен болашақта
құрылатын біртұтас экономикалық кеңістікте ортақ валютаның болуы қиял
емес. Теңге халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы қол жеткізе алмай
келе жатқан асқаралы армандарының бірі болатын. [4,3 бет ]
Қорғау элементтері, пайдаланатын техникалық тәсілдер, орындалу
күрделігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген
валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және
оның дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және
компьютерлік технологиялардың дамуына әрі ақшаны жаңа тұрғыдан қорғау
мен оған мәшине ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық
банктің жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы
банкноттарды енгізді.
Ұлттық валюта- теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру
құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге
жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның
тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет
пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды,
оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын
шектеу кіреді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық
режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша
жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007
жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске
асырылуда. [14]
Есеп айырысу баламасына деген сұраныс б.э. дейінгі VIII ғасырда
белгілі салмақ пен құрамдағы стандартты құймалардың пайда болуына
негіз қалады.
Қазақстанның Конститутциялық Кеңесі Қазақстанның біртілді я
екітілді мемлекет екендігін ашып айтып бере алмаған күйі үнсіз.
Демек, елдегі солқылдақ ұлттық саясаттың салдарынан біз әлі де
мемлекеттік тілдің статусын айқындай алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз
қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате кетті.
Елдің елдігін, мемлекеттігін паш ететін 5 түрлі символы болады,
олардың бастысы әрі бірегейі – тілі мен территориясы, шекарасы мен
ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы ретінде ғана қарауға болмайды
екен. Ол төлем құралы бола тұрып, елдің тарихи жадында паш етуі
тиіс [12].
Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір
комиссиялық алымдар ұ сталмай бірге –бір есебінде жүзеге асырылады.
Алдағы уақытта болатын акция ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың
республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Әр
түрлі дизайндағы банкноталар шыққан жылына қарамастан номиналы бойынша
төлем құралы ретінде қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде
қандайда бір заңды тұлға ескі және жаңа дизайндағы банкноталарды
номиналына қарамастан қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс-
әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында
көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады.
Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік
және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін
пайдалану тарихы тұрғыда қалыптасқан. Біздің заңдарымыз , Конституциядан
бастап бұл екі тілдің қандай да бір жағдайларға қарамастан тең
дәрежеде, бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің
қолданылуы және барлық заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға
сәйкес келтірілуі - ұлттық валюта банкноталарында екі тілдегі жазулардың
пайда болуына себепші болды. Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі
банкноталардың жоғары номиналдарының сырт жағында мемлекеттік және
орыс тілдерінде жазылған тек екі жазу ғана бар. Бұл номиналдың
әріптік таңбалануы және қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы
ескертетін жазу. Осы жоғары номиналдарды енгізгенде орыс тіліндегі
жазулардың пайда болуы , шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы
банкноталарда пайдаланылған біріңғай бейнелермен байланысты болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193
Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен
монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен
монеталардағы жазулардың мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде болуға
тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік тілде
жазумен қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",
Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі
тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып ежелгі мекенімізбен қазіргі
Қазақстанның , оның болашақтағы нышандарын сабақтастырушы буын болып
табылады.
Жаңа үлгідегі банкноталарды енгізуге дайындықтың бастапқы сатысында
ескі үлгідегі банкноталар жаңаны енгізгенге дейін жеткілікті
болуының ықтимал нұсқалары зерделенеді. Енгізудің жарияланған күні-
2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы дизайндағы теңгенің жеткілікті болуының
соңғы мерзімі.
Банкнота екі парақпен жасалынады, оның біреуінде ішкі жағында сутамғы
белгісін және қорғаныш жібін алдамшы түрде басып шығарады. [9]

1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың
алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-
У.Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам
байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың
бүлінуіне қарсы шықты.Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын
мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда
болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің
келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм
теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек
етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес,
асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың
орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен
қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.
Германияда 19ғ. Екінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың
енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді.Бұл оның 1-ші
метаморфозасы болды, неміс экономистері (К.Книс) ақша деп тек асыл
металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.
2-ші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның
өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін
мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және
алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.
Ақшаның металл теориясының 3-ші метаморфозасы екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін болды.Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М.Дебре,Р.Харрод) халықаралық
айналымғаалтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.
Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда ХХғ-дың 70 жылдарының басында алтын
стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды.АҚШ-та 1981
жылы осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты
енгізуге пайдасыз болады деп есептеді.
17-18 ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж.
Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады.Бұл тоерия ақша айналымында
құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасқан.Бұл ғалымдар ақшаны
мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша
болып табылатын баға масштабымен анықталады дап есептеген.Олар ақщаны тек
техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын
толық теріске шығарады.
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары:
-ақша тамаша есептеу бірлігі, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны
анықталады;
-бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте
ешқандай ішкі құн болмайды.
Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол
жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы –оның қорғау
объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында (Ақшаның мемлекттік теориясы)
басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:
-ақша –мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
-ақша –бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен
иемденген белгілер;
-ақшаның негізгі қызметі-төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің
материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп
жазды.
1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын
стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет
алды.
Мемлекттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисы Дж.
Кейнс өзінің Ақша туралы трактатында қағаз ақша алтынға қарағанда
айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар
қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді- деп жазды. Қағаз ақша алтынды
айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл
осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.
Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты
жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық
процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.
Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем
теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон
ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. Экономика шығармасында
ол: Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша
ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік
шарт деп жазды.
Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда
болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша- металды қатынастардың
белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны,
бағалы металдарды өңдеу өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде пайда
болды.Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі- мінсіз
қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.
Сонымен, номиналмзм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда
болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен
теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылыды.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің
валюталық бағамды реттеу шаралары

Қазақстанның ұлттық валюта жүйесi қазiргi кезде өзiнiң қалыптасуы және
даму дәуiрiн бастан кешiрiп отыр. Дегенмен оның негiзгi тенденциялары мен
қағидалары жеткiлiктi түрде анықталды деп айтуға толық болады. Бiздiң
мемлекет дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың
15 шiлдесiнде Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше болып кiрдi.
Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық
принциптерiне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазiргi
валюталық жүйесi мен оның негiзгi элементтерiн мұқият қарастырып көруге
мүмкiндiктер жеткiлiктi деп есептеймiз.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша
бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12
қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.
Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның
халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын
талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге
құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға
айырбастауды мейлiнше ырықтандыру. Мұның өзi бiр жағынан балансталған,
екiншi жағынан шетелдiк тауарлар мен валюталар үшiн ашық ұлттық рыноктың
болуын талап етедi. Теңгенiң еркiн ауысатын валюталармен салыстырғандағы
бағамының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшiн дүниежүзiлiк рынокқа
шығудың тиiмдi жолы.
Нарыққа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси
дамуы кезеңiнде валюталық саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында
шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық
шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн
бiрге шешу мiндеттерi тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше
болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта
жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес
қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың
14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы
қабылданды.[3] Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында
болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында
болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне
сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта
қатынастарына тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24
желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң
қабылданды. Ол заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман
талаптарына сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады.
Жоғарыда аталған заңға қоса, “Қазақстан республикасының ақша
жүйесi туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан
Республикасының ұлттық банкi туралы” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң
“Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды
мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң, сонымен
қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк
басқалырымен нормативтiк актiлерi жатады.
Қазақстан Республикасында 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының
енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында
анықтайтынын білдіреді. Яғни, еркін құбылатын айырбас бағамның енуі
валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге
тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның
бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген валюталық
реформаларға сәйкес ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік валютаға
қарағанда ( АҚШ доллары) соңғы уақыттарда құнының артуы байқалады. Әрине
бұл үлкен жетістік деп те айтсақ артық болмас.
Валюталық бағамның деңгейін төлем балансының тұрақты міндетіне сәйкес
деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайға жеткізу қажет
болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты
көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде
тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы бағамға өткеннен бастап
Ұлттық шетел валютасын белсенді сатып алушыға айналды.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және
елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық
операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік
валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның
төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылыма байланысты Қазақстан
экспортының едәуір үлесі шикізатқа, түсті металдарға, отынға, астыққа және
мұнай өнімдеріне байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттық
экономиканың тиімді және тұрақты экономикалық дамуына кері әсер етеді.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім-ақша
мен шығындардың ара салмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім ақша Ұлттық
банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның
құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті
және ғылымды көп қажет ететін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық
экономиканы дамытудың қолайлы факторы болып табылады. Сонымен қатар
экспорттың жоғары болуы елдің төлем балансының оң айырмасын тудырады. Жалпы
валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты
қаржыландырылады.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды,
аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып
кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi.
Валюталық қатынастардың субъектiлерi болып “резиденттер” және
“резидент еместер” саналады. Резидентке жататындар:
• Қ.Р-да тұратын жеке кәсiпкерлер, оның iшiнде уақытша шетелдерде
мемлекеттiк қызметте жүргендер;
• Қ.Р-ның заңдары бойынша құралған заңды тұлғалар, сондай-ақ
олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс
жердегi өкiлеттерi.
• Қ.Р-нан тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және басқа ресми
өкiлдiктер, сондай-ақ шаруашылық несие коммерциялық iспен
шұғылданбайтын өкiлдiктер.
o Қ.Р-дағы “резидент еместерге” жоғарыда республика
резиденттерi түсiнiгiнде көрсетiлген заңды және жеке
тұлғалар жатады.
o Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары
және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау
органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қызметiн
жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi
банктер жүргiзедi.
• Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге
құқылы;
1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар
жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және
қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық
клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар
бередi;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау
жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ
қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең
төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында
мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1. Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы
бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел
валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның
iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де
енгiзiледi;
2. Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында
валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан
Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу
тәртiбiн айқындайды;
4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық
операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті
лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау,
айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау
пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата
тұрады;
5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми
бағамын белгiлейдi;
6. Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
7. Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес
Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға
мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң
тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
8. Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және
валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және
валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
9. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы -
валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
10. Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық
ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
11. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк
валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
12. Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды
орындауға құқылы.
Валюталық бақылау негiзiнен мына бақылауда жүргiзiледi:
• Жүргiзiлетiн валюталық операциялардың заңға сәйкестiгiн
анықтау жiне оған қажеттi лицензиялар мен рұқсаттың
болуы .
• Резиденттердiң мемлекет алдындағы шетел валютасымен
мiндеттемелерiн орындауын тексеру; сондай-ақ Қ.Р-сы
валюта нарығында шетел валютасын сату
мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру; шетел валютасымен
жүргiзiлген төлемдердiң фиелдiгi, валюта операциялары
бойынша есеп пен есептесудiң толықтығы және
обьективтiлiгiн тексерiп сонымен бiрге резиденттер
еместердiң теңгелермен жүргiзген операциялары бойынша
бақылау жүргiзiледi.
Сөйтiп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және
мәдени қатынастарға қызмет етiп, ол мемлекеттiң төлем балансында
төлем табады.
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминiнiң
мәнiне тоқталайық. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта
деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi
немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат
жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда
жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма
–қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ
шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Осы заңға “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:
1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға
ауысуына байланысты операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел
валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмдемелер;
2) валюталық құндылықтарды кез-келген тәсiлмен Қазақстан
Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
әкету және жөнелту;
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1. Шетел валютасы;
2. Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем
құралдары;
3. Тазартылған құйма алтын;
4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен
операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы
қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы
металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин,
изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.[4]
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал
қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.

• Ағымдық операцияларға жататындар:
• тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-
импорт мәмілелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күнен аспайтын несиелер беру және алу;
• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар
бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және
аудару;
• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар,
мұрагерлiк сомманы, жалақыны, зейнетақыны, элименттердi және басқа
соммаларды аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын
барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
• инвестицияларды жүзеге асыру;
• интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi
көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған
аударымдар;
• мүлiктiк құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлiк құқығына төлеуге
аударымдар;
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-
импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
• өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша банк операцияларын
жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық
ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
• зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша
халықаралық аударымдар,
• жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша
халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде шетел валютасымен банктiк
операциялар жүргiзуде ҚР Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi
банктер ғана орындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
1922 жылғы ақша реформасы
Ақша реформасы
Ақша реформасы жайлы мәлімет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Ақша реформасы және ақшаның табиғы ерекшеліктері
1961 жылғы ақша реформасы
Ақша және ақша реформасы
Ақша реформасының маңыздылығы
Пәндер