Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері
2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп дайындаған қазақ тілінің жаңа емлесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Алғы сөз
Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сəйкес бекітілген жаңа əліпби бойынша əзірленді.
Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) - латын графикасындағы қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мəдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:
- тілдің жалғамалылығы;
- тілдің ықшамдалуы;
- тіл дыбыстарының үндестігі;
- дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне жəне кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дəстүрлі жəне фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.
Ережеде:
- латыннегізді əліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мəнін білдіретін əріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;
- сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сəйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;
- қосар дыбыстарды (ұуүу, ыйій) дара əріппен (у, и əріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;
- қазақтың əдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;
- латыннегізді жаңа əліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ əріптерінің жазылу баламасы берілді;
- бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тəртібі көрсетілді;
- шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;
- біріккен, кіріккен, тіркесті жəне қос сөздердің емлесі, сондай-ақ бас əріппен жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тəртібі көрсетілді.
Ереже түзуде ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сəйкес болуы, дəстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы, техникалық жақтан қолдануға оңтайлы, жинақы болуы, халық тілінің дыбыстық қор əлеуетінің кеңірек қамтылуы, жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталуы ерекше назарға алынды. Сонымен бірге бұған дейінгі жазу тəжірибесі, тұрақталған нормалары, латыннегізді əліпбиді қолданған жəне қолдана бастаған түркітектес халықтардың емле тəжірибелері ескерілді.
Аталмыш Ереженің бастапқы нұсқасын түзу жұмысы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында (Институт) атқарылды.
Институт əзірлеген Ереже жобасы Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жəне Əдістемелік жұмыс топтарының бірлескен ғылыми-практикалық семинар-кеңестерінде бірнеше мəрте қаралып, талқылаудан өткізілді. Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы еліміздің бірқатар өңірлерінде ересектер, оқушылар, сондай-ақ оқытушы-филологтар арасында сынама-сауалнама арқылы тексеруден, республикадағы ЖОО-ның оқытушылары мен тілтанушы мамандарының тəуелсіз сараптамасынан өткізіп, Ережеге соңғы редакциялау жұмыстарын жасап, көпшілік назарына ұсынып отыр.
Қазақ емлесіндегі тың өзгерістер, жаңа қағидалар жəне олардың ғылыми негіздемесі ортологиялық құралдарда жан-жақты қамтылады. Ереже латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық қазақ əліпбиі бойынша Орфографиялық, Орфоэпиялық, Шеттілдік сөздер сөздіктері, Емлесі қиын сөздер сөздігі, Анықтағыштар мен Нұсқаулықтар, басқа да əдістемелік құралдар түзу мен жасауда, мамандар даярлауда ғылыми-нормативтік тірек ретінде алынатын басты құжат болып саналады.
ТІРЕК ҰҒЫМДАР
Анықтауыштық қатынас - зат пен құбылыстың атауы болатын есім сөз тіркестері сыңарларының арасындағы алдыңғысы анықтайтын, соңғысы анықталатын қатынас.
Атауыштық тіркес - сыңарлар арасындағы байланысы тұрақты, зат пен құбылысты тура мағынада атайтын, бөлек жазылатын күрделі сөз.
Ашық дауысты - жақтың кең ашылуы арқылы, тек үннің қатысымен жасалатын дыбыс.
Əріп - дыбыстың əліпбидегі графикалық таңбасы.
Біріккен сөз - бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, бірге жазылатын күрделі сөз.
Дыбыс - айтылымдағы ең кіші тілдік бірлік.
Емле - жазу нормаларын қалыптандыратын ережелер жиынтығы, орфография.
Идиомалық тіркес - дайын күйінде қолданылып, бір ұғымды білдіретін, тұтас мағынасы құрамындағы бірліктердің əрқайсысының мағынасына сəйкеспейтін тұрақты тіркестің түрі.
Көмекші есімдер - зат есімдерге тіркесіп, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын білдіретін сөздер.
Күрделi сөз - сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынас жойылып, тұтасқан бірлік ретінде бір мағынаны білдіретін, бір ғана морфологиялық, синтаксистiк қызмет атқаратын, біріккен, кіріккен, қос сөз жəне атауыштық тіркес түріндегі сөздер.
Күрделі етістік - екі немесе одан да көп сөздерден жасалып, күрделі қимыл-əрекетті атайтын, бөлек жазылатын сөздер.
Кірме сөз - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша игеріліп жазылатын өзге тілден енген сөз.
Кіріккен сөз - екі не одан да көп сөзден бірігіп, сыңар жігіндегі дыбыстар үндесіп, үйлесе өзгеріске ұшыраған, құрамы сіңісіп кеткен сөздер.
Қос сөз - бір сөздің қайталануынан не сөздердің қосарлануынан жасалған, дефиспен жазылатын күрделі сөз.
Қосымша - сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын грамматикалық бірлік.
Қысқарған сөз - күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.
Лексикаланған тіркес - фразеологиялық мағынасынан қол үзген, синтаксистік қатынас көмескіленген, жеке сөз орнына жүретін лексикалық бірлік.
Морфологиялық принцип - жеке сөздің жəне күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылатын емле ұстанымы.
Тəуелдік жалғау - бір заттың басқа затқа немесе біреуге тəуелді, меншікті екенін білдіретін қосымша.
Түбір сөз - сөздің əрі қарай бөлшектеуге келмейтін, мағыналы негізгі бөлігі.
Тіл үндестігі - қазақ тіліндегі бірінші буынның үндесіміне қарай сөздердің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатын негізгі дыбыстық заңдылығы.
Фонема - сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына жəне форма жағынан ажырататын тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.
Фонематикалық принцип - фонеманың негізгі реңкі сақталып жазылатын емле ұстанымы.
Шеттілдік сөз - жазба тұрпаты түпнұсқасынан үлкен айырмасы болмайтын өзге тілден енген сөз.

ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
І тарау
ӘРІПТЕР ЕМЛЕСІ
Дауысты дыбыс əріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын əріптер: a, á , о, о́ , у, і, u, ú , е.
§1. а, е, у, і əріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shaǵ ala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kó rkem; yqpal, yrys, mysal, jań ǵ yrý , baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.
§2. а́, о, о́, u, ú əріптері төл сөздің басында жазылады: á dis, á lem, sá n, dá n, má denıet, bá ıterek; ozyq, oń taıly, qoǵ am, torsyq; ó ris, ó mirsheń , kó sem, bó rik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; ú rdis, ú kimet, jú ıe, tú begeıli. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да жазылады: sirá , kiná , ký á , iń ká r, kú má n, shú bá , zá mzá m, dú dá mal; bulbul, maǵ lumat, samuryq, má jbú r, dú ldú l, dá stú r, manó vr, montó r, parashú t, absalú t, festıvá l, kоbá lt, banknot, alkogó l, vestıbúl.
j, sh мен ı əріптерінің ортасында келген а дыбысы жіңішке айтылғанымен, а əрпі жазылады: jaı, jaılaý , jaıly, shaı, shaılyq.

Дауыссыз дыбыс əріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын əріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.
§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch жəне ı, ý (§6-ны қараңыз) əріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kó belek, arab; gú l, kó gal, pedagog; dá ý let, baǵ dar, asteroıd; fılosofıa, mú ftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje, muqtaj; kú mis, shekpen, berik; lebiz, alash, tá ý ekel; má ń gilik, qaımaq, ǵ alym; namys, kó ne, dastarqan; parasat, kó pir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; ras, ertegi, ó mir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵ at, qatal, sá ý let; vırý s, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shań yraq, bú rshik, qylysh; chempιon, kaý chý k, senvıch; ıá , qaıyń, saı; ý aqyt, á leý met, taý . Ashshy, tushshy, keshshe сөздерінде екі sh əрпі қатар жазылады.
§4. ǵ əрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.
§5. ń əрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mó rtań ba, eń bek, tań erteń , meń , zań .
ı, ý əріптерінің емлесі
§6. ı, ý əріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, ú ı, oıshyl, ıaǵ nı, qoıan, saıa, ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý , sá ý kele, demeý shi, qaý yn, aıý an, keıý ana.
§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı əрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtý t, kıno, granıt.
Е с к е р т у. Қосар уı (ый) əріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý ; tуıym, tуıylý , tуıý .
ıy, ıi əріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағы жалғанғанда, екі ı əрпі қатар жазылады: baıy - baııdy, keıi - keııdi.
§8. uý (ұу), ú ý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý əрпімен жазылады: ý yldyryq, ý yz, ý ildeý ; tý ys, qý yrshaq, gý il, tintý ir; oqý , sý , jazý , kelý , barý .
§9. ю əрпі ıý əріп тіркесі түрінде жазылады: aıý , baıý , oıý , jaıý , sú ıý .
Е с к е р т у. ı əрпінен кейін тұрған ю əрпінің орнына ý жазылады: qıý , jıý .
§10. я əрпі ıa əріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵ nı, saıa.
Е с к е р т у. и (ı) əрпінен кейін тұрған я əрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa.

ІІ тарау
ТҮБІР СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ.
ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

Түбір сөздер емлесі
Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.
§11. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵ a, turmys; á sem, memleket, izet, ú mit, só ılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵ alim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taý qіmet, qazіret.
§12. Сөздердің жəне күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), jú zim (jú zú m емес), kó ılek (kó ıló k емес), jú rek (jú ró k емес), oryndyq (orunduq емес), kó k oramal (kó g oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.

Қосымшалардың жалғануы
§13. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń , qart-tar-dyń , baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teń iz-shi-ler; kitap-tyń , qudiret-ke, muǵ alim-niń ; kó gal-ǵ a, kó goraı-ǵ a.
§14. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kó lik-pen; tá j-ge, qaryz-ǵ a, juldyz-dar; tań -ǵ a, pá n-der, tal-dyń , kó l-ge, bala-ǵ a, bala-lar, á je-ge, á je-niń .
§15. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i əріптері тəуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aý yl - aý ly, daý ys - daý sy, erin - erni, halyq - halqy, oryn - orny, ǵ uryp - ǵ urpy, qyryq - qyrqy (қырқын беру), kó rik - kó rki (бет-ажар), á rip - á rpi, naryq - narqy (бағасы), paryq - parqy, qulyq - qulqy, oıyn - oıyny.
Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq - qulyǵ y; kó rik - kó rigi (ұстаның құралы); qalyp - qalyby (нанның қалыбы); qyryq - qyryǵ y (сандық мағына); naryq - naryǵ y (термин).
§16. Соңғы буынында á əрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады: kúnásinа, kúnásinаn, kýásinа, kýásinаn, kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný , kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný .
§17. s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (só ssiz емес), aýyzsha (aýyshsha емес), tájsiz (táshsiz емес).
§18. n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, ǵ , m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).
§19. Сөз соңындағы k, q, p əріптері тəуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ , b ( ý) болып жазылады: júrek - júregi, súıek - súegi, kúrek - kúregi; qazaq - qazaǵy, baıraq - baıraǵy, taraq - taraǵy; kitap - kitaby, aspap - aspaby, lep - lebi; ek - egedi, tók - tógedi; taq - taǵady, baq - baǵady; kep - kebedi, keýip, jap - jabady, jaýyp, tap - tabady, taýyp. Бірақ sap - sapy, sapynda, tarap - tarapy тəрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.
§20. Екінші сыңары basy, asy, aǵ asy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тəуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, otbasyna, otbasyn, otbasylar, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasylar, otaǵ asyna, otaǵ asyn, otaǵ asylar, myńbasyn, myńbasyna, myńbasylar. Тəуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.
§21. Түбір сөзге -hana, nama, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тəрізді араб, парсы тілінен енген жəне -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тəрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, ádisnama, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qaıratker; sezimtal, uǵ ymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakú nem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.

ІІІ тарау
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

§22. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, bota kóz, qara shaı, at qora, maqta maıy, quraq kórpe.
§23. Күрделі сан есімдердің əрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, jú z on jeti, eki jú z jetpis tó rt, bir myń toǵ yz jú z elý ú sh, tó rt mıllıard, jıyrma ú sh bú tin onnan bir.
§24. Күрделі сын есімдердің əрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary, qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.
§25. Күрделі етістіктердің, есім жəне еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің əрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý , mán berý , qol shapalaqtaý ; shap etý , dý ete túsý , baj etý , lap qoıý .
§26. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, ǵ oı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de; halyq ta, úkimet te; Bar ma eken? Kele me eken? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?
§27. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: bar da kel, aıt ta qoı, qara da tur, kir de shyq. Бірақ urda-jyq, asta-tók, ýda-shý тəрізді лексикаланған тіркестер бірге əрі дефис арқылы жазылады.
§28. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, ústeldiń ústi, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.
Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naý qan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.
§29. Идиомалық, фразалық тіркестердегі əрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, shynjyr balaq, shubar tós, shıki ókpe, qara ter, ıek artty, bas tartty, bet burdy, ıin tires. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý , atsalysý , aqkóńil (§38-ді қараңыз).

IV тарау
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

§30. Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: kókónis, shekara, jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).
§31. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық, əлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін əдетғұрып, кəде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵ ysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман жəне техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵ y (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.
§32. Ásire, bir, kóp, jalpy, беі жəне avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ınfra, kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, ú ltra, foto, elektr сияқты сөзалды сыңарларымен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birqalypty, birmándi; kópmándi, kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; beıkúná, beıhabar; avansahna; avıamektep; avtojol; agrokeshen; antıdene; aeroshana; gıdrobeket; gıperbelsendi; еýrosport; ızosyzyq; ınfraqurylym; kınoqondyrǵy; megajoba; mınıjoba; radıobaılanys; telearna; transshekara; últradybys; fotosýret; elektrsúzgi.
§33. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný , tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты сөздермен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ анықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.
§34. Esh, ár, keı, bir, qaı, qaısy, álde сөздерімен келген есімдік, сын есім, үстеулер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады: eshkim; árkim; ártúrli; keıbir; birdeńe; qaıbir; qaısybireýler; áldeqalaı.
Е с к е р т у. Ár, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
Ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген жаңалықтарын саралау
А. БАЙТҰРСЫНОВ АНА ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ
Латын жазуының тарихы
Қазақ фонетикасының құрылымы
Латын әліпбиінің ағылшын тілін оқуға тигізетін үлесі
ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының әліпби айтысы
Пәндер