Ереуілтөбе – ұрпақтар тағдыры тоғысқан өңір


Кіріспе
Ереуілтөбе - Кеген ауданы Қарқара жайлауындағы тарихи орын. 19-ғасыр аяғы, 20 ғасырдың басында атақты Қарқара жөрмеңкесі өтіп жүрген жайлаудың кіндік тұсындағы төбе. 1916 жылы 11-шілдеде осы төбеде бас қосқан Албан руының игі жақсылары патша өкіметінің ескерге адам алу туралы жарлығына қарсы шығын, көтеріліс жасауға пөтуаласады. Жетісу облыс жандарм басқармасының архив құжаттарында осы үлкен жиынға Пржевальск (Қарақол), Верный, Қапал уездерінің өкілдері және ұйғырлардың Кетпен, Ақсу-Шарын болыстарынан адамдар қатысқаны ерекше атап көрсетілген (ОМА, Жандарм басқармасының қоры, 6-іс, 78-81-6. ) . Осы жиында ортаға тасталған: "Берсек - бала өледі, бермесек - шал өледі. Бала өлгенше, шал өлсін" деген бір ауыз сөз Қарқара (Албан) ұлт-азаттық көтерілісінің ұранына айналған.
1926 жылы күзінде мемлекеттік қайраткерлері О. Жандосов, Ы. Көшкінов, Ә. Жүнісов, т. б. ұйымдастыруымен Қарқара (Албан) көтерілісінің 10 жылдығы аталып өтіп, бұрын Көктөбе, Айттөбе делініп келген төбені Ереуілтөбе деп атау туралы ұсыныс қабылданды. Жиналған қалың жұртшылық төбе басына тас үйіп, қазақ театрының негізін қалаушы Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков, С. Қожамқұловтың өнерін тамашалаған. Ә. Қашаубаев пен И. Байзақов өн мен жыр төгілткен. 1986 жылы Ереуілтөбеде көтерілістің 70 жылдығы аталын өтіп, көрнекті ескерткіш белгі өрнатынды, төбе қасына арнайы музей салынды.
Негізгі бөлім.
Қарқара. Аспантаудың «басы - қыс, етегі - жаз» осы атырабы туралы айтқанда бірден ғұлама ғалым, жиһанкез-саяхатшы Шоқан Уәлиханов ойға оралады. Кезінде мұнда бір емес, бірнеше рет болған ұлы ғалымның осында өшпес рухы мен өлмес белгілері жатыр. Ежелгі Қарқара елінің тұрмыс-тіршілігі, сұлу табиғаты Шоқан жазған еңбектер мен салған суреттерде жақсы бейнеленген. Мұндағы Мыңжылқы тауының бір асуын бүгінге дейін осындағы жұрт «Шоқан асқан» деп атап жүр. Бұл тарихи өлкеге Шоқан алғаш Ұлы жүз қазақтары мен Алатау округінің приставы, полковник М. Хоментовский ұйымдастырған Ыстықкөл экспедициясының құрамында 1856 жылы келген. Саяхатшы-ғалым осында өзен мен бастау-бұлақтардың молдығын, жайылымдық жерлердің шұрайлылығын, аң мен құстың жыртылып-айырылатынын сүйсіне суреттейді. Қарқара өңірі ежелден-ақ төрт түлік малға толы. «Аясы аз ғана Қарқара жазығы иін тірескен малдан бет-жүзін көрсетпейді. Қаптап басқан тұяқтан қабырғасы қайысып тұншыққандай», - деп жазады осы өңірді 1927 жылы көзімен көрген заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Қилы заман» повесінде. Тоғыз жолдың торабы болған сұлу өлкеге Ресейдің Еділ мен Ертіс бойындағы қалаларынан, Орта Азиядағы Хиуа, Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Құлжа, Қашқариядан келген саудагерлердің таңғалмағаны жоқ шығар.
Қарқара жазығы - албан руының құт-берекелі жайлауы, кешегі бабаларымыздың азаттық жолындағы қаны тамған жер. Бүгін де қуат-күшін жоймай, құлпырып, өткеннен сыр бермей тұр. Қарқара жазығында не көп, төбелер көп. Тау етегіндегі мидай жазыққа осы тақиядай дөңгелек обалардың өз бетімен пайда болмағандығы, адам қолымен жасалғандығы айдай ақиқат. Ел аузында олар туралы әртүрлі әңгімелер мен аңыздар бар. Жаугершілік заманда қазақтар жауына қарсы шабар алдында әр әскерге бірден тас алғызып, үйгізіп, сол тас үйіктің көлеміне қарай қолының санын білген. Жорықтан оралғанда соның қатарына қайта тас үйгізіп, шығынын анықтап, өлгендерге бағыштап құран оқыған деседі. Қарауыл қарайтын төбе мақсатында да тас жинаған деп айтады. Бүгінде олардың үстіне шөп шығып, шым басып кеткен. Қарқарада болғандар осы төбелерге бір шықпай кетпейді. Обалардың үстінен атақты жайлау тым әсем болып көрінеді. Батыр бабаларымыздың жиналып бас қосқан жері сол төбелердің біреуі екені белгілі. Бірақ, оның дәл қайсысы екенін кезінде ешкім дәл тауып бере алмады.
Елдік пен ерліктің белгісі - Ереуілтөбе. Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір батырлар бастаған қазақтар 1916 жылы патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы көтерілген; осы көтерілісті басамыз деп патша әскері қазақтарды сай-сайдан қуалап жүріп атқан; атарға оғын аяп асқан, екі қабат әйелдің қарнын жарып, ішіндегі баласын алып шапқан; топтап апарып киіз үйге қамап қойып сыртынан өртеген; сол қырғыннан Қарқараның қызғалдағы қан сасыған, бүлдіргені қан татыған …
Осы көтерілісте шейіт болған батыр аталарымызға және нақақтан қырылған балалар мен аналарға арнап 1926 жылы Ораз Жандосов, Ыдырыс Көшкінов, Әубәкір Жүнісовтер бастап, Қазақ драма театрының іргетасын қалаған Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Қанабек Байсейітов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Күләш Байсейітова, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов қоштап, жәрмеңкеге жиналған бүкіл елді ұйымдастырып, қазақтардың шешім шығарар, ант қабылдар төрі, кешегі көтерілістің ордасы болған Айттөбеге шығыс жағындағы Желқарқара арнасынан тас тасып үйіп, оны намысты көтерілістің құрметіне, басқаша айтқанда, азаттық үшін айқастың қадірі мен қасиетіне арнап Ереуілтөбе деп атаған.
Осы Ереуілтөбе содан кейін басқарушы және атқарушы орындар тарапынан елеусіз қалған. Олай болуының басты себебі, қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты еді: 1929-1931 жылдардағы колхоздастыру және кәмпеске; 1932-1934 жылдардағы аштық; 1937-1938 жылдардағы сталиндік-голощекиндік қуғын-сүргін; 1941-45 жылдардағы Отан соғысы; 1945-54 жылдардағы соғыс зардаптарын жою науқаны; 1954 жылғы жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру ісі; 1955 жылдан 1962 жылға дейін кешегі қуғын-сүргіндерден шетелге босқандардың Отанына қайта оралғандарын орналастыру, қайта қоныстандыру шаралары; 1974 жылы тың игерудің 20 жылдығын атап өту және соған байланысты тағы да тың жерлерді жырту науқаны ел басындағыларға ес жидыртпағаны анық.
Кең жазықтың төрінде жатқан төбенің айналасы әу баста айналдыра орылған. Шығысында ортасына қарай кіретін жол қалдырылған. Төбенің үсті ой, шығысқа қарай жырылған. («Әу баста төбесінен кіретін тесік болған, соны қазып ішіндегі заттарын тонаған» дегенді айтушылар әлі күнге өз айтқандарына сенеді) Төбенің бетінде, бөктерінде, етегінде Желқарқара аңғарынан әкелінген тастар жыпырлап жатыр. Ең басына шығып айналаңа қарасаң, бүкіл Қарқара алабы алақаныңдағыдай көрінеді. Мұндай биік төбелер Иірсу алабында да, Шалкөде жайлауында да (Қатартөбелер), Кеген жазығында да бар. Мұның ерекшелігі солардан да биікте орналасқандығында.
Зерттеушілердің біразы мұны «сақ қорғаны», кейбірі «ғұндардан қалған бейіт», кейінгілер Үйсінтөбе дап атайды. Осы Үйсінтөбені кейін Қарқара қазақтары Айттөбе дап атап кеткен. Бұлай аталуын ауызша тарих әртүрлі жорамалдайды. Біріншісінде: «бұл төбеде және оның айналасында Айт» деген ру басы және оның елі отырғандықтан» дейді. Екіншісінде: «осы төбеде Айт деген арғы бабамыз және оның ең жақын туыстары жерленгендіктен» делінеді. Үшіншісінде: Қарқара алабын жайлаған қазақтар елдік мұрат, ұрпақ мүддесіне қатысты келелі жиын, алқалы мәжілісін осы төбеде ғана жасаған. Әркім айтатын ойын осы төбенің басына шығып айтатын болған. Сондықтан да «Айттөбе» аталған дейді. Төртіншісінде: «Айт деген сөздің мағынасы той, мереке, мейрам дегенді де білдіреді. Бабаларымыз ондай думандарын осы төбеде, соның айналасында өткізетін болған. Сондықтан ол төбе «Айттөбе» аталған дейді.
Қарқара көтерілісі - үш жүз жылға ұласқан патшалық империяның отарлау бұғауын тас-талқан еткен, жазықсыз жандарды, бейбіт тұрғындарды қырып-жою шараларын үздіксіз жүргізген патшалық Ресей әрекетінің саяси астарын ашып берген, қазақ халқына патшалық Ресей тарапынан жүргізілген геноцидті айғақтаған ұлы оқиға. Ол осындай мәнімен де бағалы. Сонымен бірге, Қарқара көтерілісі - қазақ халқының ұлт ұрпағының келешегі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ынтымағын паш еткен саналы әрекеттер нәтижесі, азаттыққа ұмтылған ата-бабаларымыздың ұлы ерлігінің куәсі, Ереуілтөбе осындай қасиетті де киелі істерге қойылған, тарихи тағылымы бар ескерткіш.
Археолог ғалымдар келіп зерттеу жұмыстарын жүргізгенде бұл төбеде біздің заманымыздан бұрынғы VI-VII ғасырға тән белгілер де және біздің заманымыздың II-V ғасырларына тән нышандар да бар көрінеді.
1926 жылы қазақтардың ескерткіш қалдыру әдісін еске ала тұрып, сонау көне замандардан жалғасқан ұлы сабақтастық болған екен. Байырғы бабаларымыз төбенің үстіне тас үйген екен. Кешегі ХХ ғасыр басындағы аталарымыз да төбенің үстіне тас үйген. Жәрмеңкеге келген қазақтың кәрі-жасы қалмай, бәрі жабыла жақын жердегі өзен аңғарынан жаяулап та, атпен де, арбамен де, дорбамен де тас тасып әкеліп үйген. Бұл - қадірлі орынға тас үю дәстүрі халықтың тарихи жадында ежелден сақталғандығының айғағы. Ондай дәстүр санадан санаға, яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған. Демек, Қарқара алабындағы қазіргі тұрғындар ежелгі тұрғындардың тұқымы үзілмеген ұрпағы деп айтуға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz