Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Білім берудің мазмұны туралы ұғым.Білімнің мемлекеттік стандарты
1. Білім беру мазмұны
2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар
3. Білімнің мемлекеттік стандарты

Білім беру мазмұны - оңушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево- ориентированное) оқу атамасын алған.
Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады. Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру - жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді.
Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно- ориентированное) оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс. Оқу-тəрбие барысында ең алдымен шəкірттерде құндылықты- мəнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы лəзім.
Болашақ қоғам мүшесі - тұлға педагогикалық процесс аймағында өз əрекет - қылықтарына, қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, əділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс.
Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген əлеуметтік тəжірибе күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс береді: - нəтижелік формасы - білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-əрекет əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық ептіліктер мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске асыра білу; - проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері формасындағы - шығармашыл іс-əрекет, қызмет; - тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға жəне т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу. Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты жəне өзара шарттасқан.
Əлеуметтік тəжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен əрекет істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дəрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.
2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі. Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді.
Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді. Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты - оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді.
Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?). Білім мазмұнының формальдық теориясын қалаушылар (дидактикалық формализм идеяшылдары) оқуды шəкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады.
Олар түсінімінде, білім көзі - ақыл. Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін жəне қабілетін дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм тараптарлары математика жəне классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пəндерді басшылыққа алды. (Дж. Локк, И.Г.Петалоцци, Н.Гербарг жəне т.б.).
Қазіргі дəуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тəрбиеміндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты- адамның ақыл-ес (интеллектуал) күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету.
Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тəрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды. (К.Д.Ушинский). XIX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын іріктеудің дидактикалық прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны қолдаушылардың (Дж.Дьюи, Г. Кершенштейнер) пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол оқушының қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Қазіргі кездегі білім берудің мазмұны
Оқу бағдарламалары
Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер
Білім берудің мазмұны
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі білім
Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Пәндер