Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдіс-тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдіс-тәсілдері

Кайрбекова Бақыт СДВО-21

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары-педагокикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілігін сынап жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалык хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесе бір оқу тоқсанына жоспарланадыдеп көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушылырына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн. Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай,тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерге жоспарды бекітуді директор оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушыға тапыруы мүмкін. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активн тартады. Жоспар қандай болуы керек, оған қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрменді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагокикалық талаптарға жауап беруі керек. Жоспардын белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі оның мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынын мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды омірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің қолданады. Бұл тәрбиеге жұмысын эмоциялдың және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең кең өріс алуда. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуді мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы жәек көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы-оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек. Жоспардың нақтылығы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың колемі оқушылар коллективтінің сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шаралады белгілеменен жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн. Жопарды жасамастан бұрын мектептің жомпарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескерту керек. Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ынғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине , ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибеде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құралып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа басталған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірбиелі педагог қысқаша тұжырымдауды мүмкін. Қандай жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын,сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады: Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер. Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс ұжымы тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагокикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарына қойылатын психологиялық талаптар
Сынып жетекшісінің қызметтері
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz