Автоматтандыру жүйелерінің автоматты реттегіштері: принциптері, түрлері және конструктивтік ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Автоматтандыру жүйесінің автоматты реттегіштері

Дәріс жоспары

1. Автоматты реттегішктер.

Автоматты реттегіштер

Автоматты реттегіштер - сигналды реттейтін, түзететін, түрлендіретін автоматтандыру құрылғысы. Ол қажетті шаманы белгілі бір заңдылыққа сай ұстап тұрады.

Автоматты реттегіштерде қолданылатын заңдар - релелік, пропорционалды (П), пропорционалды интегралды (ПИ), пропорционалды-дифференциалды (ПД) және пропорционалды-интегралды-дифференциалды (ПИД) - реттегіштердің негізгі тобын құрайды.

Реттегіштің негізгі функциясы - реттелетін шама мен орнықты шама арасындағы сигналды қалыптастыру және сигналды алгоритмге сай динамикалық түрлендіру. Реттегіштің шығысынан басқаратын сигнал автоматты жүйенің атқарушы құрылғысының кірісіне беріледі.

Алайда қазіргі автоматтық жүйелерге қосымша талаптар қойылуда:

- екпінсіз ауысу ( тізбекте қосымша өтпелі үрдіссіз) қолмен басқарудан автоматты басқаруға және керсінше;

- автоматты басқару режимінде қорек көзінің сыртқы режимінен ішкі режимге екпінсіз өтуі;

- шығыс аналогты сигналдың төменгі және жоғары деңгейі бойынша шектелуі;

- кіріс және шығыс сигналдың гальваникалық бөлінуі;

- УВМ жоғары деңгейімен байланысы;

- адаптивті басқару жүйесін құруға қажетті аналогті және дискретті сигналдарды реттеу.

Автоматты реттегіштер тағайындалуы, әрекет принцпі, конструктивті ерекшелігі, пайдаланылатын энергия түріне т. б. байланысты бөлінеді.

Конструкциясы бойынша: аппаратты, құрылғылы, агрегатты, модульді.

Аппаратты типті реттеуіштер алғашқы өлшегіш түрлендіргіштермен кешенді жұмыс жасайтын құрылғылар. Бұндай типті реттегіштер технологиялық параметрлерді өлшеу құрылғыларынан тәуелсіз жұмыс жысайды.

Құрылғы типті реттегіштер екінші өлшегіш түрлендіргіштермен кешенді жұмыс жасауға арналған. Құрылғы типті реттегіштер алғашқы өлшегіш түрлендіргіштермен тікелей байланысы жоқ.

Агрегатты принцп бойынша тұрғызылған автоматты реттегіштер анықталған функцияларды орындайтын бөлек блоктардан тұрады. Кіріс және шығыс сигналдары бірыңғайланған.

Модульді принцип бойынша тұрғызылған автоматты реттегіштер қарапайым операцияларды орындайтын бөлек модульдерден тұрады. Модульдердің кіріс және шығыс сигналдары бірыңғайланған.

Қолданылатын энергия түріне байланысты реттегіштер электрлік (электромеханикалық, электронды), пневматикалық, гидравликалық және құрамданған (электропневматикалық, электро-гидравликалық және т. б. ) .

Реттегішті пайдаланатын энергия түріне байланысты таңдау реттеу объектісінің сипаты мен автоматты жүйенің ерекшелігімен анықталады.

Пневматикалық автоматты реттегіштер жарылу және от қауіпті аймақтарда қолданады. Реттеу объектісінен басқару пунктісіне дейінгі арақашықтық 400 м . Гидравликалық реттегіштер жұмыс жасауда сенімділігі жоғары.

Пневматикалық және гидравликалық реттегіштердің кемшілігі:

- арнайы қорек көзіне қажеттілік;

- шектелген әрекет радиусы;

- реттегіш пен байланыс желісінің толық герметикалық жабылуы;

- электрлік реттегіштермен салыстырғанда элементтермен байланыс желіснің жоғары инерттілігі.

Электрлік автоматты реттегіштер электр сигналының түріне байланысты аналогты, дискретті, гибридті( аналогты дискретті) . өз кезегінде дискретті реттегіштер импульсті және сандық болып бөлінеді. Аналогты реттегіштерде қпаратты сигнал реттеу сигналының қалыптасу трактысында үзілісссіз. Дискретті реттегіштерде реттегіш сигналдың қалыптасуында бір не бірнеше нүктеде импульсті модуляция амплитуда бойынша(АИМ) ені бойынша(ЕИМ) не импульстің жиілігі бойынша(ЖИМ) ; деңгей бойынша модуляция релелік реттегіштерде, деңгей және амплитуда бойынша сандық реттегіштерде модуляция жүзеге асады. Гибридті реттегіштерде реттелуші сигнал аналогты және дискреттік түрге ие бола алады.

13. 1-суретінде өндірістік алгоритм типтік реттегіштерінің негізгі құрылымдық сүлбесі көрсетілген. Құрылымдық сүбелерде келесі белгіленулер қабылданған: 1 - кіріс шамасын түрлендіргіш х; 2 - күшейткіш құрылғы; 3 - функционалды кері байланыс; 4 - атқарушы механизм, шығысындағы сигнал http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2015/APP/Elektrlik%20apparattar/teory/lec13.files/image001.gif объектіні басқарады.

Түрлендіргіш кіріс синалдарын қосады, реттелетін параметрге сай тоқ не кернеу сигналдарын реттейді. Алгоритмді қалыптастыратын құрылымдарда түзеткіш кері байланыс болады.

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2015/APP/Elektrlik%20apparattar/teory/lec13.files/image003.jpg

13. 1 - сурет - Өндірістік реттегіштердің типтік құрылымдық сүлбесі

13. 1, а-суретінде функционалды кері байланыс атқарушы құрылғыны қамтымайды, сондықтан бұл құрылымды атқарушы құрылымға қатысты кері байланыссыз 3 құрылым деп атайда. Осы тектес 4 құрылғыларда реттегіш құрылғы бұрылу бұрышын түрлендіретін интегралды двигатель ретінде жасалады.

13. 1, б-суретінде атқарушы құрылғы кері байланыспен қамталады. Құрылымдық түрлендірудің ережелеріне сай 3. 54, а, б-суретіндегі сүлбелер біріктелуге болады, бірақ техникалық жүзеге асыру қиын.

13. 1, в-суретінде атқарушы құрылғы қатаң кері байланыспен қамтылып, позиционер деп аталады, себебі шығыс шама - реттегіш әсері http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2015/APP/Elektrlik%20apparattar/teory/lec13.files/image005.jpg - кіріс шамаға пропорционалды. Реттеу заңы 2 және 3 блоктармен жүзеге асады.

Өндірістік реттегіштерде реттеу заңы жеке құрамдардың 2 i (1) , 2 i (2) , . . . , 2 i (n) сур. 3. 61, г қосындысы ретінде анықталады. Қарапайым өндірістік реттегіштерде бір ғана күшейткіш звено 2 болады, кері байланыс болмайды 3.

Бақылау сұрақтары

1. Автоматты реттегіштерде қолданылатын заңдар?

2. Реттегіштің негізгі функциясы?

3. Қолданылатын энергия түріне байланысты қалай бөлінеді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматты басқару жүйелерінің принциптері, алгоритмдері және есептеуіш компоненттері
Газ қысымының реттегіштері: түрлері, жұмыс принциптері және конструкциялық элементтері
Долотаны механикаландыру және автоматтандыру: беріліс реттегіштері мен салмақты тұрақтандырғыштар
Жылдамдық реттегіштері, тежегіш құрылғылар және тыныштандырушылар: түрлері мен жұмыс принциптері
Автоматты басқарудың принциптері мен құралдары
Автоматты басқару жүйелерінің теориясы мен құру принциптері: құрылымы, жіктелуі, өтпелі процестері және сапа критерийлері
Өндірісті автоматтандыру: принциптері, түрлері және басқару жүйелері
Интернет іздеу жүйелерінің құрылымы, сканерлеу ерекшеліктері және метаіздеу принциптері
Автоматтандыру мен басқару жүйелерінің тұжырымдамасы және жіктелуі
Ғимараттардың конструктивтік схемалары және құрылыс жүйелерінің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz