Сатира сипаты және белгілері
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
ОМӨЖ №6
ХАЛЫҚ САТИРАСЫНДАҒЫ ПОЭТИКАНЫҢ КӨРІНУ ТӘСІЛІ
Орындаған: А.Қ.Зиноллаева Филология мамандығының 2-курс магистранты
Тексерген: PhD, доцент А.С.Кушкимбаева
Ақтөбе, 2020
Жоспары:
І Әдебиет пен сатира
0.1 Мол міннен туған сатира. Сатира - әдебиеттің бір тегі
ІІ Зерттеуші ғалымдар және сатиралық шығармалар
2.1 Ғалым Т.Қожакеевтің зерттеулері. Сатираның даму кезеңдері
2.2 Сатира сипаты және белгілері
2.3 Халық поэтикасындағы сатираның көрінуі
2.4 Ғалым Р.Нұрғали тұжырымы
ІІІ Қорытынды
Сатира да - әдебиеттің өзге жанрлары секілді өмірді, құбылысты танудың, сұлулық пен әсемдікті, жақсылық пен жамандықты бағалаудың ең көне үлгісі. Өйткені адам санасы жетілгенде, оның қоршаған ортаға, әр алуан адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белгілі дәрежеде сыни көзқарасының, қатысының орнығуы заңдылық. Дүниеде не жақсы, не жаман, жақсылықтың, жамандықтың негізі неде деген әр алуан мәнді сұрақтар ықылым заманнан бері адамзатты ойлантқаны белгілі. Мұның небір ғажап мысалдарын алысқа бармай-ақ қай елдің болмасын ауыз әдебиеті үлгілерінен көруге болады.
Әлемдік әдебиет дәстүрімен белгілі жағдайда ортақ белгілері бар ұлттық сөз өнерінде де сатира әр алуан жанрлық, түрлік сипаттарымен, көркем шығарманың өн бойында кездесетін әдіс-тәсілдік көріністерімен қалыптасып дамыды. Сондықтан да ұлттық сын-сықақ өнерінің әлемдік сатира арнасымен ортақ бірліктері, заңдылықтары болумен қатар, даралық-ерекшеліктері, ең алдымен, сол халықтың наным-сенімімен, дәстүр-салтымен, шаруашылық жайымен, географиялық ортасымен, бір сөзбен айтқанда, ұлттық таным-мінезімен, психологиясымен тығыз байланысты.
Әдебиет өмір шындықтарын көркем бейнелеуге негізделсе, сатира да өнер ретінде барлық шындық-бастауы өмірден, қоғамдық жағдайдан нәр алады. Сондықтан әр кезеңде, қоғамдық қатынаста көрінетін басты мәселелер сатирада да өз көрінісін, бейнесін тауып жатады. Бірақ байқалатын бір ерекшелік - адамдық құндылықтар қай кезде де маңызды. Сондықтан да қоғамдық жағдайдың көрінісімен әдіптелгенмен, адамдық құндылықтарға кереғар келетін, зиянын тигізетін барлық залалды жайлар қай заманда болмасын сатираның ескірмейтін объектісі болып табылады. Ойымызды бір ғана мысалмен дәлелдейік: жалқаулық, берекесіздік, масылдық, сараңдық, ойсыздық т.б. - бұл қай қоғамда да болмасын сатираның тұрақты нысанасы.
М.Әуезовтің: Сатира әсте өмір шындығынан тыс тұрған жағдайдан тумайды. Қайта өмірдегі мол міннен, сан сорақыдан, көп көргенсіздіктен туады. Соларды жиып топтайды да, сатира обобщение жасайды [1,68],- деген пікірінің маңыздылығы осында.
Қазақ әдебиеттану ғылымында сатираны, оның негіздері мен дамуын, жанрлық ерекшеліктері мен жүйесін жан-жақты зерттеген ғалым ретінде бірінші кезекте филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев сынды үлкен зерттеушіні атап өту әділдік болар еді. Оның Сатира негіздері монографиясы - көп жылдық зерттеудің жемісі. Қазақ сатирасы мен юморының теориялық негіздері мен қалыптасу кезеңдерін саралауда, әлемдік әдеби дәстүрмен сабақтас көкейкесті мәселелері мен жеке авторлар шығармашылықтарындағы көркемдік ізденістерін айқындауда, бүгінгі таңдағы көкейкесті жайларын анықтауда ғалым жүйелі еңбектенді, маңызды ғылыми тұжырымдар жасады. Сондықтан да Т.Қожакеев еңбегі басшылыққа алынуға тиісті фундаментальды зерттеу деп есептеп, еңбекті негізге ала отырып, кейбір ой-пікірлерімізді білдіреміз.
Ғалым сатира туралы әдебиеттанушылардың ой-толғамдары мен тұжырымдарының бір арнаға түспегенін, бірақ бірін-бірі жоққа шығармай, қайта толықтырып тиянақтайтындығын атап көрсетеді. Бірі - сатираны әдебиеттің тегі, екіншісі - өмірдің жеке құбылыстарын суреттеудің әдіс-тәсілі, үшіншісі - әшкерелеуші уытты әдеби шығарма, төртіншісі - көркем әдебиеттің өзіндік түрі деп қорытынды жасаса, бұлардың қай-қайсысы да шындықтан алшақ емес. Зерттеушілер пікірлерінің тоғысатын тұстары - сатира, қалай болғанда да, қоғамдағы жағымсыз болмыс-құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылықты, әдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келеке ету мақсатымен, Абайша айтқанда, ызалы жүрекпен жазылады. Сатираның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі кең, болмыс-құбылыстарға араласу, суреттеу дәрежесі автордың шеберлігіне орай әр түрлі.
Тұтастай алғанда, Т.Қожакеевтің пайымдауынша, сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Авторлардың бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық уытпен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. Мұнда әдебиеттің өзге жанрларына қарағанда өмірді зерттеп білудің, суреттеудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-амалдары жетекші орын алады. Болмыс-құбылыстарды бағалаудың, танудың ерекше түрлері қолданылады. Қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге негізделеді. Шарж, карикатура, гротеск, сарказм, ирония алдыңғы кезекке шығады.
Сын-сықақ туындыларының осындай ортақ белгілерін теориялық тұрғыдан қорыта келіп, Т.Қожакеев сатираның сипатына баға береді: Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңдау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп, сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды [2,7],- дейді.
Сатираның эпостан ерекшелігі сыналып отырған фактіге автордың қатысы, көзқарасы біршама айқын байқалатын болса, лирикалық шығармалардағыдай кейіпкердің жан дүниесі, ішкі сезімі сатирада барынша ақтарыла ашылмайтыны, тек реніші, кейісі ғана көрінетіні тағы бар. Бүл ретте сатира драмалық шығармаға да ұқсамайды. Сондықтан да сатира - болмысқа эстетикалық қатысының өзіндік ерекшеліктері бар, өмір құбылыстарын зерттеу, бағалау, көрсетуде өзіндік әдіс-құралдары, өзіне тән табиғаты, сыр-сипаты бар дербес әдебиет тегі деп қарастырсақ та қателеспейміз деп қорытады Т.Қожакеев.
Сатира - жеке бір іс-құбылысты зерттеп танып-білудің әдіс-тәсілі. Мұнда ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түрлерінде автордың идеялық мақсатына орай қолданыла береді. І.Жансүгіровтің Жолдастар, М.Әуезовтің Абай жолы, Ғ.Мүсіреповтің Оянған өлке шығармаларында өмірдің келеңсіз жайлары, жағымсыз мінезді адамдардың оспадарсыз қылықтары қажетті жерінде сын-сықақпен, түрлі әдіс-тәсілдермен бейнеленіп жатады. Бірақ бұл көріністер шығарманың тұтас табиғатын айқындамайды. Сондықтан да сатира бұл тұста көркемдік әдіс-тәсіл сипатында көрініс береді.
Астарында комизм, күлкілі іс-әрекет жататын сатира мен юмордың ара жігін ажырату қажеттігін ғалым нақты тұжырымдармен таратып, дәлелдеп, жіктеп береді. Өмірдегі жағымды объектілер мен болмыстың жеке бір мінін, кемшілігін, әлсіз-жөнсіз жағын жеңіл күлкі, әзіл-оспақпен, көңілді симпатиямен тәлкек етудің, бағалаудың түрін зерттеуші юмор деп атайды. Осы ретте сатира мен юмор салыстырыла айтылып, сатираның сипаттары нақтыланады. Сатираның өзіндік басты қандай белгілері бар?
Бірінші - сатира өз объектісін негізінен түгелдей жоққа шығарады;
Екінші - ащы тіл, кекесінді стиль, әжуа-сықақ - сатираның басты қаруы; Ол - жай сынау емес, мазақтай, келемеждей сынау; Ол - буырқанып ыза-кекпен, өшпенділікпен әшкерелеу;
Үшінші - жағымсыз болмыс, адамға, қоғамға зиянды құбылыс - сатира нысанасы; Сатира ұнамды фактіге құрылмайды;
Төртінші - сатира идеал, арман-мұратпен болмыстың арасындағы қайшылықтың негізінен туындайды. Ізгі мақсатқа, адамдық қасиетке үйлеспейтін ұнамсыздықтың зияндылығын, оған еш төзуге болмайтындығын көрсетуде сатира өзгеше әдіс-тәсілдерге - фантазияға, гротескіге, әсірелеуге, деформациялауға батыл барады. Шыншылдық сатирада да болуы қажетті. Ол да өнердің реалистік заңдылықтарына бағынуға тиісті.
Бесінші - сатира күні өткен ескілікке, зиянды құбылыстарға қарсы күресетіндіктен, трагедиялық та, комедиялық та, драмалық та мотивтер кеңінен кездеседі, жоғарыда айтқандай, шындықты бейнелеудің өзіне тән әдіс-тәсілдерін молынан пайдаланады.
Әлемдік әдебиеттанушы ғалымдардың пікірін қорыта түйіндеген Т.Қожакеев тұжырымы сатираны жан-жақты сипаттағанмен, ұлттық әдебиеттану ғылымында өзге де пікірлердің кездесетіндігін айту ләзім. Мәселен, академик Р.Нұрғали қазақ драматургиясының жанрлық жүйесін зерттеген үлкен еңбегінде сатираға қатысты ой-толғамын ашық білдіреді және ол тұжырымның Т.Қожакеев пікірімен тікелей қабыспайтынын байқаймыз.
Сатираны жанрға әлде стильге жатқызу керек пе деген ғылыми проблема әдебиеттануда толық шешімін таба қойған жоқ. Біздің ойымызша, сатира өз алдына жеке жанр емес. Себебі әр түрлі жанрдағы шығармаларда (романда, повесте, әңгімеде, драмада, комедияда) сатиралық сипат болуы мүмкін. Сатира әдебиет пен өнердің бар саласында қолданылатын тәсіл, яки бәрінде де кездесетін рух, пафос. Сондықтан да сатираны өз алдына жеке жанр ретінде қарау дұрыс болар ма екен? Ф.Рабленің Гаргантюа мен Пантагрюэль, Дж. Свифттің Гуливердің саяхаты, Сервантестің Дон Кихот шығармаларына роман деп жанрлық анықтама бере отырып, екінші жанрлық анықтама деп сатираны көрсете алмаймыз ғой.
Сондықтан кейбір зерттеушілердің сатираны жеке жанр деп қарауына қосыла алмаймыз. Шығарма пафосы жөнінен сатиралық болуы мүмкін, бірақ ол белгілі жанрға жатпақ. Сатира ұғымы жанр ұғымынан кеңірек екенін кейбір зерттеушілер дұрыс көрсетеді. Әдебиеттің барлық жанрлары мен тектерінде кездесетін сатираны өмірді бейнелеудің ерекше идеялық-көркемдік принципі, әрі пафостың бір түрі ретінде қарауға болады.
Өз алдына дара сатира жоқ. Мысалы, комедия, драма яки повесть секілді сатира жеке болмақ емес. Сатира осы жанрлар арқылы ғана жасай алады. Яғни сатира көркемдік тәсіл, ол шығармаға белгілі сипат, ерекше пафос береді [3,268-269].
Р.Нұрғалидың бұл пікірінде де шындық бар. Әйтсе де, Т.Қожакеев тұжырымының да негізділігі байқалады. Өйткені, бастан-аяқ сатираға құрылған шығармаларды, ондағы қолданылған өзіндік суреттеу тәсілдерін, ортақ ерекшеліктерін де жоққа шығара алмаймыз. Зерттеуші мәселен Сатираның поэзиялық шағын жанрлары деп мысал, пародия, эпиграмма, шарж, сықақ өлең түрлерін, Сатираның көркем-публицистикалық жанрлары деп фельетон, памфлет түрлерін, Сатираның көркем-прозалық жанрлары деп сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман түрлерін келтіреді және қазақ сатирасындағы үлгісі болып көрінетін шығармаларға кеңінен талдау жасайды, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін, сипатын ашады. Р.Нұрғали тұжырымының тағы бір жанды тұсы - сатира жанры деген сөз ғылыми айналыста көп қолданылғанмен, шындап келгенде, әдебиет теориясынан үш жанрды - эпика, лирика, драманы ғана даралаймыз. Бұл ретте жанр сөзінің кең, әр алуан ұғымда пайдаланатынымызды ескеру қажет. Проза жанры, поэзия жанры деген атаулар да бұған дәлел.
Сатира жоғарыда атап өткеніміздей - бастау-нәрін өмір шындығынан алады. Қоғам, заман әдебиеттің алдына тың міндеттері мен басты мұраттарын қоятынындай сатираның да идеялық-тақырыптық мазмұны, келелі, өткір жайларды қозғауы әлеуметтік шындықтармен байланысты. Жанрдың тарихилық сипаты тәрізді сатираға да қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың әсер-ықпалы мол. Осыған орай сатираның даму кезеңдерін Т.Қожакеев былай жіктейді:
1. Халықтық сатира және қоғамдық-таптық тенденция.
2. Абай дәуіріне дейінгі қазақ сатирасы және қоғамдық жағдай.
3. Абай дәуіріндегі қоғамдық өзгерістер және қазақ сатирасы.
4. ХХ ғасыр басындағы революциялық қозғалыстар және қазақ сатирасы.
5. Қазақ кеңес сатирасы мен юморы.
Жіктеуді, әрине, бүгінгі қоғамдық өзгеріске байланысты - Тәуелсіздік әдебиеті кезеңіндегі сатира деп толықтыра түсуге болады. Сатиралық туындылар қазіргі уақытта да молынан жазылуда. Тақырып ауқымы кеңейіп, мазмұндық-жанрлық тұрғыдан тереңдей түсуде. Тәуелсіздік кезеңі әдебиеті тәрізді бүгінгі сатирада да серпіліс бар. Бұл өз алдына кең әңгіме.
Біздің зерттеу объектіміз - ХІХ ғасырдағы қазақ сатираның дамуы. Қоғамның халықтың алдына қойған өткір проблемаларына байланысты бұл кезеңдегі сатираның да өзіндік даму ерекшелігі, бағыты, дәстүр жалғастығы мен жаңашылдығы, жанрлық дамуы, типологиясы, көркемдік ізденістері болды. Жеке тұлғалардың шығармашылығын зерттеуде ақынның сатирасы қамтылып, ғылыми қорытындылар жасалғанмен, сатираның ХІХ ғасырдағы тұтас келбеті, ортақ мәселелері, жанрлық жаңғыруы әлі жүйелі айтылған жоқ деп есептейміз.
ХІХ ғасыр сатирсының дамуында әлемдік әдеби дәстүрдің ықпалы, тәжірибесі мол болды. Мұның бір ғана көрінісі - Абай сатирасының көркемдік әлемі. Ұлы ақын сатирасы өзіне дейінгі әдеби дәстүрді жалғастырғанмен, халықтық сипатымен, заманның өткір жайларын қозғауымен, орыс әдебиетінің классикалық үлгісімен нәрленуімен, ақынның биік таным-білігімен жаңа сатыға көтерілді. Біздің пайымдауымызша, Абай - данышпан ақын болуымен қатар ұлы сатирик те. Оның мұндай ұлы сатирик ақынға айналуы - халқын шын сүйген, оның бойындағы мінді көріп, болашағына алаңдаған зор халықтық-қайраткерлік тұлғасымен байланысты. Абай сатирасының объектісі де өз заманының шындығынан туындады. Өз кезеңінің өткір мәселелерін қозғады. Ұлы ақынның сатиралық туындылары туралы ғалым Т.Кәкішев Абай сатирасында саяси сарыннан гөрі, моралистік сарын басым болды [4,85] десе, академик Қ.Жұмалиев ақын сатирасының объектісіне былай деп сипаттама береді: Ақын ең алдымен өз дәуіріндегі және өзінен бұрынғы мәдениетсіздікті, жалқаулықты, ру тартысын, пәлеқорлық сықылды оңбағандықты көрді. Қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдің қатырына жетуі үшін бұл әдеттердің бәрі де тұсау болатын, бөгет болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Оларға қаламы арқылы күрес ашты. Оларды қатты шенеп, мысқылдарға айналдырды. Ол әділетсіздік атаулының бәрімен де жалғыз жауласты, ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор мінездерді әшкереледі. Күншілдік, шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік, өсек, кербездік, жалқаулық сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі болған. Әсіресе ұлыққа арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асады [5,76].
Қорыта айтқанда, сатира - халқын сүйген, оның болашағына алаңдаған әлеуметшіл ақынның жамандықпен, жағымсыздықпен күрес құралы, өткір қаруы. Сатираға мінез керек. Сондықтан барлық дарынды ақындардың шығармашылығынан сатира іздеу, талап ету орынды болмас. Ақын ызалы жүрек, долы қолмен сатираға әдейі бетбұрыс жасайды, оған қажеттілік себеп болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан жазушыларының ІІІ съезі, 1956, 68-б.
2. Қожакеев Т. Сатира негіздері. Оқулық.- Алматы, Санат, 1996.- 464 б.
3. Нұрғали Р. Арқау: Екі томдық шығармалар.- Алматы: Жазушы.- 1991.- 576 б.
4. Кәкішев Т. Абайдың сатирасы. Кіт. Абай тағылымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1986.- 432 б.
5. Жұмалиев Қ. Кектеніп надан зұлымға... Кіт. Абай тағылымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1986.- 432 б.
- Қазақ сатирасының бар-жоғын түгендегенде, памфлет, эпиграмма, фе - льетон сынды жауынгер жанрлар саптан шығып қалғандай әсер қал - дырады. Мұның себебі неде? Әлде олар - ға қажеттілік жоқ па?
Мыңбай РӘШ:
- Оның басты себебі, меніңше, көңілге келеді-ау деп сынауға дәті бармай селқостық таныту, яғни тек жүрсең, тоқ жүресің дегенге саяды. Сондықтан да қазір эпиграмма, фельетон жазатындар жоқтың қасы. Оспанхан жазушы еді, ол кетті. Үмбетбай жазушы еді, ол кетті. Өз басым реті келсе, кей-кейде жазамын.
1956 жылы Ғабит Мүсірепов ашқан Ара-Шмель журналында қызмет еттім. Сонда біз фельетонмен сынаған министр орнынан ұшып түсетін. Оның ісі партия бюросында қаралып, үлкен дау болатын. Сынға көзқарас мықты еді. Қазір ешкім газет-журнал оқымайды. Осы селқостықтың салдарынан сатириктер де үнсіз.
Nur Otan халықтық партия ғой, ха - лықтың партиясы осы қағілез әрі сергек жанрларды өз қанатының астына алатын болса, бұл жанрлар жаңаша мазмұнда жетіліп, қоғамдағы кем-кетікті түзеуде партияның көмекшісіне айналар еді.
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ:
- Себебі қазіргі қоғамымыздың бұларды керек етпеуінде. Тәуелсіздік дегеніміз - Кеңес дәуірін жамандау, деп білетін шикі сезімділер ол кезеңдегі Сын түзелмей, мін түзелмейді деген ресми ұстанымды жоққа шығарды. Сын семсерінің - фельетонның атын өшірді. Кеңестік баспасөздің бұл құралы заңмен қорғалатын. Мысалы, Ара-Шмель журналында Бас редактор болған жылдарымда біздің фелье - тон - дарымыздың азуын - айға біле - ген кейіпкерлері партияның Орталық ко - ми - тетіне үстімізден арыз айтып, сон - шама кінәлі еместіктерін айтып ша - ғынатын. Қайсысының болсын арызы жергілікті халықтық, партиялық бақылау комитеттеріне тексеруге жібе - рілетін. Олар шындықты шамалай ал - маса, редакция Орталық комитет құ - зы - - рындағы партиялық комиссияның тө - ре - лігіне жүгінетін. Сөйтіп ақиқатты мойын - дағысы жоқ суқиттер қатаң жазаланып жатты. Тақтарынан айырылған мықтылардың арасында ұжымшар-кеңшар, аудан, облыс басшылары да, министрлер де болды.
Заман өзгерді. Ақиқатты жақтаушы деректі фельетон ескі жүйемен бірге кете барды. Қоғамға бірден-бір пайдалы ашық сынды қолдаушы комитеттер мен комиссиялардың орындарын әкімдер мен министрлер басты. Бұрынғы екпінімен фельетон жазған үш сатирик (Алматы, Маңғыстау, Шымкент облыс - тарында) әкімдердің диірмендеріне түсе жаздап, дос-жолдастарының арашалауымен әрең-әрең бас сауғалады. Соны көрген, естіген фельетоншыларымыз: Сен тимесең, мен тимен, бадырақкөз, деп тынды.
Көпен ӘМІРБЕК:
- Қаламгерлер қауымының шығар - малары бау-бақшаға ұқсаса, сыншы-сы - қақшылар бағбан сияқты. Бағбанның атқаратын жұмысы не? Арам шөбін жұлады, тазалайды, бірлі-жарым қисық өскен бұтақтарды қырқып отырады, уақтылы суарады, түбін қопсытып, баптайды. Құрт-құмырсқа өрмелеп шы - ғып жемістерін жеп қоймас үшін сол ағаштың діңгегін көктемде әктеп қояды. Мұның бәрі сырт көзге ұсақ-түйек көрінгенімен, қыруар жұмыс. Кешегі Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкіров, Сейіт Кенжеахметұлы, Қажытай Ілиясұлының кезінде барлық сықақшы бағбан сияқты әдебиеттің бау-бақшасынан шықпайтын. Артық-тыртықтарын жұлып тастап отыратын. Мысалы, бір ғана Шона Смаханұлын тілге тиек етейікші. Сол замандағы атақты жазушы Хамза Есенжанов Ақ Жайық атты үш томдық кітап жазды. Сол шығарманың санынан гөрі сапасынан күдіктенген Шона ағамыз мынадай эпиграмма арнады. Бірінші кітап - Ақ Жайық. Екінші кітап - Ақ Жайық. Үшінші кітап - Ақ Жайық. Жайыққа Жайық қосылып, Суға кетіп қалмайық немесе вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың атақ-даңқы шарықтап шыға бастағанда жанашырлықпен екі ауыз эпиграмма арнады. Өмірде екі Шәмші бар. Бірі - нен жақсы ән шығар. Бірі арақты қамшылар. Одан қандай мән шығар? Ешкім ренжіген жоқ. Неге ренжісін, шындық қой. Бетіне айтқанның айыбы жоқ. Қазақ әдебиетінде эпиграмма жазудың ең соңғы тұяғы Жарасқан Әбдірашұлы болды. Ширек ғасырдай жазған пародия, эпиграммаларымды жинақтап, Па, шіркін, пародия деген бір томдық шығардым да, мен де тоқтадым. Неге? Сынға құлақ асып жат - қан кім бар? Түзелейін, түзетейін демейді. Ал памфлеттің көрін қазып, оны баяғыда жерлеп қойғанбыз. Әлемде болып жатқан адам шошитын оқиғалар дайын памфлет қой. Солардан алып сойып салып памфлет жазса, бүгінгі жастарға тәлім-тәрбиесі күшті болар еді. Жат елдің жат қылықтарынан жирен - діретін сатиралық жанрдың озық түрі осы памфлет. Бүгінгі нарық заманында эпиграмма, пародия, фельетон сияқты жанрларды жандандыру үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі газеттерде байқау өткізіп тұруы керек. Сонда ғана оның маңдайы жарқырайды әрі қоғамда қозғалыс туғызады.
Толымбек ӘЛІМБЕК:
- Иә, ол рас. Қазақ сатирасында қа - зір памфлет, эпиграмма, фельетон жоқ. Бұрын астарлап, осы жанрға салып, памфлет жазатын. Бүгінде астарлау дегеніңіз ұмыт қалған соң, ол жанр да жоғалды. Ол саяси жанрға ешкімнің де бара бергісі келмейді. Ол жанрдың мін - детін бүгінде журналистиканың бас - қа жанрлары атқарып жүр. Осы күні астарлау, меңзеу дегендер ұмытылған. Осы бағыттағы басқа жанрлар сол пам - флеттердің міндетін атқарып жатыр. Ара деген журнал шығатын. Он - да фельетондар жарияланатын, оны тексеретін облыстық партия комитеті, атқару комитеттері мен министрліктер жауап беретін. Ара да жабылды, бәрі ұмытылды. Қалтай Мұхамеджановтың Ара жабылғаны - қазақтың қара жамылғаны деген қанатты сөзі бар еді. Сол сөз бүгінге дәл келіп тұр.
Мұхтар ШЕРІМ:
- Жиырмасыншы ғасырда сатира жанрларына жан бітіп, керек десеңіз ғасыр аяғында түрленіп, шарықтау ше - гіне жетті. Әсіресе фельетон. Егемен Қазақ - станда белгілі фельетоншы Нури Муфтах осы жанрды ерттеп мініп алды. Ол жазған фельетондардың тақырыбы да сұмдық еді, обком хатшыларының өзін сілкілеп, тәубесіне келтіріп қоя - тын. Өзім де Оңтүстіқ Қазақстан газе - тінің сын-сықақ бөлімі Қақпанды қа - қыраттым. Әр жұма сайын фельетондарым бұрқырап шығып жататын. Аудан хатшылары Қақпаннан именіп, иіліп жатушы еді. Ол кезде сынға ұшыраған мекеме басшылары қызметтерімен қимай қоштасып, керек десеңіз сотталып та кететін. Сондай бір заман еді. Газеттердің пәрмені күшті болатын. Алақаным қыши береді секілді фельетондарым үшін сотқа да шақырылғанмын. Қазір ше? Қазір сатира жанрларының пәрмені құрдымға кетті. - Бастықтың былығын сынасаң, ол өсіп кетеді, ол аздай Астанаға көшіп кетеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz