Студиялық сабақ №1: Қос бояу (One Stroke) техникасының теориясы, әдістемесі және практикалық тапсырмалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Студиялық сабақ №1«Қос бояу» техникасы немесе one stroke

Жұмыстың мақсаты: «Қос бояу» техникасы немесе one stroke техникасының жаңа бағыттарын үйрену. Жазықтық бетінде элементтердің орналасу композициясын меңгеру. Композициялық құрлымының тұтастығын, көлемін үйлестіре білу. Түстік шешімін келістіре білу.

(One Stroke) «Қос бояу» техникасында кескіндеме. Бұл кескіндеме өте тиімді және жоғары көркем дайындықты қажет етпейді. Бұл техникада бір уақытта тегіс қылқалам басына екі түсті бояу жағылады. Бояу қажетті бағыты бойынша үзіліссіз қозғалыспен жүргізіледі. Нәтижесінде гүлдің немесе жапырақтың көлемді күлтесі шығады.

Бұл техникаға үш жүз жылдай, бірақ соңғы жылдары оның танымалдылығы американ суретшісі Донна Дьюберридің арқасында арта түсті. Бұл жазу стилін қолдана отырып түрлі түсті гүлдер композициясын, натюрморттар және пейзаждар, кескіндемелер орындауға болады. Қазіргі таңда көбінесе акрил бояларын көбірек қолданады. Славян халқының арасында бұл техника хохлома, гжель және петрикивка атымен танымал. «Қос бояу» техникасы қазіргі кезде жаңа бастап келе жатқан шығармашылық адамдар мен кәсіпқой маман арасында кең қолданысқа ие. Бұл техникада салынған жұмыс өте нәзік және сәнді көрінеді. Уақытты тиімді қолдану нәтижесінде кәсіпқой маманға бұл техникада жұмысты орындау көп уақыт қажет етпейді. «Қос бояу» техникасын зейін қойып орындаса меңгеру оңай, тек шығармашылық процесті жақсы көру және шыдамдылықты талап етеді.

Өзінің үлкен танымалдылығын «Қос бояу» техникасы керемет сәндік қасиеті мен кең қолданылуына міндетті. Қанық түсті, мерекелік гүлдер мен жапырақтар және басқа табиғи элементтер бірігіп керемет ою-өрнектер жолағы немесе дербес әсемдеу бөлшектері болып табылады. Заманауи шеберлер әртүрлі бұйымдарды безендіреді: тұрмыс заттарын, жиһаздар, телефондар, кітаптарды, киімдер мен аяқ киімдерді, түпнұсқалық аксессуарларды.

Негізінде бұл техникаға темперлі бояулар жақсы келеді. Орындалуы бойынша бұл техника кескіндемеден гөрі каллиграфикаға жақын. Жаңа бастап келе жатқан суретшіліер гуашь бояуынан бастаса болады. Бірінші орта өлшемді басы тегіс қылқаламды қолданған жөн. #artpaintingtools #simpleacrylicpain ... - Acrylic art - Carolina Blog #artpaintingtools #simpleacrylicpain ... - Acrylic art - Carolina Blog

Қос бояу техникасында қолданылатын қылқалам түрлері

Бояудың қоюлығы болашақ нәтижесіне әсер етеді. Сондықтан суретші жұмыс барысында бояудың мінсіз қоюлығын таңдап үйренеді. One Stroke техникасында бояудың жақсы нәтижесі шығу үшін бір бірімен араластырмай екі түсті бояуды жақын жағу қажет. Мұқият қылқаламды екі жағына бояуды жағып, бояуды бұйымның бетіне түсіруге болады. Гүлді немесе жапырақты салу кезінде қылқаламның бұрылысы мен еңкіштігі маңызды болып есептеледі.

Шындыққа негізделген гүлді орындау үшін көп жапырақшалар арасынан ішкі жағынан, яғни, гүл күлтешесінен бастап орындалады. Біртіндеп гүл күлтешесінің жан жағынан жапырақша салу арқылы гүлдің қанық түсті және әдемі түйнегі пайда болады. Қылқаламның қиғашталған басының арқасында жапырақтардың өткір ұштарын жасауға болады. Бұл элементтердің сыр келбеті қытай кескіндемесіне ұқсас болып келеді. Кейбір тәсілдерді тарихи үлгілермен танысу арқылы, мысалы гжель немесе хохлама техникалары шеберлерінің жұмыстарын қарай отырып қайталауға болады. Түстерді, композиция формаларын: квадрат, шеңбер, тік төртбұрыш және материалдарды сәйкестендіру эксперименттері шағармашылық шабыт және жаңа өзіндік идеялар туындатады.

One Stroke Flowers. | Flores pintadas, Pintura en tela, Pintura en tela flores

Flowers Rose One Stroke Painting Stock Photo, Picture And Royalty Free Image. Image 45294733.

«Қос бояу» техникасы немесе one stroke техникасында орындалған жұмыс үлгілері

Тапсырма: «Қос бояу» техникасы немесе one stroke техникасында шығармашылық жұмыс орындау.

Құралдар мен саймандар : тегіс синтетикалық қылқаламдар, қатты қағаз, акрил бояулары.

Әдістемелік нұсқаулар:

Жоғарыда көрсетілген жұмыс реттілігін сақтап орындаңыз

6 әдебиет (5-7бет)

10 әдебиет (31-39бет)

Бақылау сұрақтары:

  1. «Қос бояу» техникасы немесе one stroke техникасының авторы
  2. «Қос бояу» техникасының негізгі ерекшеліктері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектепке арналған Жаңартылған тілдік білім негіздері пәнінің практикалық сабақ тапсырмалары
Поэма жанрын оқытудың әдістемесі: теориясы, әдіс-тәсілдері және практикалық сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарда етістікті оқыту әдістемесі мен практикалық тапсырмалары
Фигураның ауданын оқыту әдістемесі: теориялық негіздері мен практикалық сабақ жоспарлары
Ортадан тепкіш сорғыны жинақтауға арналған практикалық сабақ өткізу әдістемесі
Мектеп математикасындағы пайыз тақырыбын оқыту әдістемесі мен практикалық сабақ жоспары
Фармация мамандығы үшін коммуникация және коммуникативті үрдіс: практикалық сабақ әдістемесі
Ойын кезіндегі баскетбол техникасы мен тактикасын оқыту әдістемесі және практикалық сабақ жоспарлары
Бастауыш сыныптарға арналған дүниетануды оқыту әдістемесі: стандарттар, мазмұн және практикалық сабақ үлгілері
Практикалық жұмыс №1. Тағам өндірісіндегі тоңазыту техникасының негіздері: микроағзалардың температуралық жіктелуі, өмірлік фазалары және төмен температуралардың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz