Кванттық химия


Кванттық химия - химиялық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттері кванттық механика түсініктері мен әдістері тұрғысынан қарастырылатын теориялық химияның бөлімі. Кванттық химия қосылыстардың табиғатын, валенттілікті, молекуланың электрондық құрылысқа тәуелді қасиеттерін ( энергия шығару және сіңіру заңдылықтары, магниттік қасиеттері, кеңістіктегі құрылысы ) және химиялық активтілігін қарастырады. Алғаш рет 1926 жылы В. Вернер Гейзенберг гелий атомын есептеп шығарды; ал неміс ғалымдары В. Гайтлер мен Ф. Лондон ( 1927 ) сутек молекулалары үлгісімен Коваленттік байланыстың кванттық механикалық интерпретациясын ұсынды.
1931 жылы Дж. Слейтер мен Л. Полинг бұл ұсынысты әрі қарай дамытып, оны валенттік байланыс әдісі деп атады. 1928 жылы Ф. Хунд ( Германия ), Р. Малликен ( АҚШ ), Дж. Леннард-Джонс ( Ұлыбритания, 1929 ) және Э. Хюккель ( 1930 ) қазіргі кезде кеңінен таралған молекулалық орбиталдар әдісінің негізін қалады. 1927 жылы Д. Хартридің, ал 1930 жылы В. А. Фоктың өзара келісімді өріс әдісі, сондай-ақ, Дж. Слейтердің (1929 - 30) математикалық негіздегі конфигурациялық өзара әсер әдісі туралы еңбектері жарық көрді. Х. Бете (1929) мен Дж. Ван Флек (1932 - 35) кристалдық өріс теориясын ашты. Кванттық химияның түсініктері мен әдістері жоғары молекулалы қосылыстарды зерттеуде кеңінен қолданылды. Кванттық химия әдістері молекулалық биологияда, материалтануда, органикалық шала өткізгіштер мен композициялық материалдар жасауда қолданылады
Органикалық синтез және көмір химиясы институты Органикалық синтез және көмір химиясы институты - ғылыми-зерттеу мекемесі; химия өнеркәсібінде маңызы бар органикалық заттардың, көмірдің, басқа жанғыш қоспалар химиясы мәселелерімен айналысады. 1983 жылы Қазақстан ҒА-ның Химия металлургия институтының органикалық химия бөлімі негізінде Қарағанды қаласында құрылған. 2001 жылы ЖАҚ, 2003 жылдан ЖШС болып тіркелді. Институтт құрамында 5 лаборатория ( электркатализ және кванттық-химиялық зерттеулер, биологиялық белсенді заттарды синтездеу, көмір химиясы, спектроскопия, полимерлер ), диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: органикалық қосылыстардың құрылысын, түзілу механизмін, реакцияға қабілеттілігін зерттеу; көмірден, сланецтен және ауыр мұнай қалдықтарынан синтетикалық сұйық жанармай алудың жаңа технологиясын жасау, т. б. Институтта мұнай-газ бұрғылау ісінде қолданылатын көмір-сілтілік реагент алу технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді (А. Молдыбаев) . Көмір өндіру, қайта өңдеу және химия өнеркәсіптерінің өнімдерінен және қалдықтарынан жаңа мономерлер мен полимерлер алу негіздері , Орталық Қазақстан көмірі негізінде қозғалтқыш сұйық жанармайын алу технологиялары жасалды.Химия-металлургия институты - ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақсатында 1958 жылы құрылған. Құрамында 13 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Институтты әр жылдары Қазақстан ғылым академиясының академиктері И. Н. Әзірбаев, Е. А. Бөкетов, Ж. Әбішев және В. П. Малышев, Б. С. Фиалков, Б. П. Хасен басқарған.
Институт жұмысының негізгі бағыттары:
- металлургия процестерінің термодинамикасы мен кинетикасы;
- бейорганикалық қосылыстардың физикалық химиясы мен термохимиясы;
- байытудың физика-химиялық негіздерін жасау;
- металлургияның қалдық өнімдерін қайта өңдеу мен одан жаңа материалдар алу жолдары, тағы басқа.
Қазақстандық химик ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп.
Солардың ішінен Е. Н. Әзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б. А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В. Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б. Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш. Шәріпқанов , т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі зор. Қазақ тілінде жоғары оқу орындарына арналған тұңғыш оқулықтар, оқу құралдары және орысша-қазақша сөздіктер жазған химик-ғалымдар: К. Аханбаев, Б. А. Бірімжанов, И. Нұғыманов, Ш. Ш. Шаяхметов, Н. Н. Нұрахметов, Ж. Ө. Шоқыбаев, X. Д. Молдағалиев, С. Т. Омаров , т. б.
Михаил Ильич УсановичҚазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы болған, дүние жүзіне белгілі ғалым. 1938 жылы М. И. Усановичтің ұсынысы қабылданып, «Қышқылдар мен негіздердің теориясы» ғылымға енді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары ерітінділер теориясына арналды.
Батырбек Ахметұлы БірімжановБатырбек Ахметұлы Бірімжанов - тұз түзілу теориясының авторы. Б. А. Бірімжанов - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы болған, табиғи тұздар мен тыңайтқыштардың физикалық химиясы және технологиясын зерттеген ғалым. «Жалпы химия» окулығының авторы.
Михаил Тихонович КозловскийМихаил Тихонович Козловский - аналитикалық химия саласында еңбек еткен әйгілі ғалым, ол аса таза металдар алуда үлкен үлес қоскан химия ғылымдарының докторы, «Амальгама химиясы мен амальгамды металлургия» бойынша ғылыми жаңа бағытта зерттеулер жасап, оның негізін қалады.
Әбікен Бектұрұлы БектұровТолық мақаласы: Әбікен Бектұров
Қазақстанда химия ғылымының негізін салушы, Республика Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, профессор, минералды тыңайткыштар ендіру жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров болды.
Дмитрий Владимирович СокольскийТолық мақаласы: Дмитрий Владимирович Сокольский
Қазақстандағы катализ мектебінің негізін салушы әйгілі химик, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Дмитрий Владимирович Сокольский. Ол катализдік гидрлеу теориясын, өршіткілерді, тотығу процесін зерттеудің электрлік-химиялық әдісін ұсынды: іштен жанатын қозғалтқыштардан шығатын газдардың толық жануына қажетті өршіткілер тапты. Д. В. Сокольскийдің шәкірттері - қазақ қыздары Г. Д. Закүнбаева жәнө Ш. Б. Батталовалар да химия ғылымының докторлары, әйгілі химиктер.
Гауһар ДәуленқызыТолық мақаласы: Гаухар Дәуленқызы Закүнбаева
Закүнбаева қазір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне талғамды ершіткілер алды.
Ал Шарбан Батталқызы Батталова Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды.
Ольга Альфредқызы СонгинаТолық мақаласы: Ольга Альфредовна Сонгина
Ольга Альфредқызы Сонгинаның еңбектері негізінен Қазақстанның түсті және сирек кездесетін элементтерін тазартып жіктеуде электрохимиялық әдістерді қолдануға арналған. Ұзак жылдар бойы ҚазМҰУ-да (1950-1989) шәкірттерге сабак берумен айналысты.
Көрнекті химиктердің бір тобы: Е. Н. Әзірбаев, Н. К. Надиров, Б. А. Жүбанов, С. Р. Рафиков, A. Ш. Шөріпқанов, Т. К. Шомбалов, Е. Е. Ерғожин көмірсутектерді зерттеді.
Ерден Нығыметұлы ӘзірбаевТолық мақаласы: Ерден Нығметұлы Әзірбаев
Ерден Нығыметұлы Әзірбаев - Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, органикалық химия саласында - ацетилен және көміртек оксидінің химиясы, азот, фосфор, күкірт, селен, қалайы және қорғасын қатысатын органикалық қосылыстар синтездеу саласында еңбек еткен ғалым. Ол 500-ге жуықжаңа қосылыстар синтездеген болатын.
Сағид Рауфұлы РафиковТолық мақаласы: Сағид Рауфұлы Рафиков
Сағид Рауфұлы Рафиков - Қазақстанда жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаған академик, химия ғылымдарының докторы, Б. А. Жұбановпен бірге қызмет атқаратын башқұрт ғалымы.
Болат Ахметұлы ЖұбановТолық мақаласы: Жұбанов Болат Ахметұлы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz