Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау қабілеті, зейін және ойлауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау қабілеті, зейін және ойлауы.
Сөйлеуі бұылған балалардың зейіндері, бірқатар өзіндік ерекшеліктермен сипатталады: олардың зейіндері тұрақсыз, ырықты зейіндері төмен, іс-әрекеттерін жоспарлай алмайды. Мақсатты әрекеттерде, оның ішінде, шешім қабылдауда зейіндерін шоғырландыра алмайды.
Модальдық тітіркендіргіштердің түріне қарай (есту немесе көру), олардың зейіндерін шоғырландыру, әртүрлі: айталық, көріп қабылдағаннан гөрі, естіп қабылдаған нұсқауды орындау, анағұрлым қиынырақ. Бірінші жағдайда жіберілетін қателердің саны анағұрлым көп, себебі, түс, форма, фигуралардың орналасуы бойынша, саралау жасау бұзылған.

Жалпы тіл дамуы жетілмеген балалардағы іс-әрекет қарқыны, жұмыс өдерісінің соңына қарай төмендейді. Сөйлеу мен тәжірибелік іс-әрекет арасындағы зейіннің таралуы өте қиын, тіпті мҥлдем шешілмейтін мәселе болуы мүмкін.

Жалпы тіл дамуы жетілмеген балалардағы, зейін кемшілігінен болатын қателер, іс-әрекет барысында сақталады, олар мұны дер кезінде байқап түзете алмайды. Қателердің сипаты мен таралу уақыты, сапалық жағынан, қалыпты балалардан өзгеше екендігі белгілі.

Іс-әрекетті бақылаудың барлық тҥрлерінің (алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау) қалыптаспауы, жиі ұшырасады, немесе айтарлықтай бұзылады, оның ішінде ең көп зардап шегетіні, тапсырманың шартымен байланысты болатын алдын-ала бақылау тҥрі және тапсырманы орындау ҥдерісерімен байланысты, ағымдық бақылау тҥрі. Алынған нәтижемен байланысты болатын, қорытынды бақылау тҥрі мен оның жеке элементтері, негізінен педагогтың көмегімен жүзеге асады: нұсқау қайталанады, үлгі қайтадан көрсетіледі, нақты нұсқаулар беріледі т.б. Ырықты зейін ерекшеліктері, бұл балаларда көңілдерінің бөлінуімен анықталады. Егер тілдік дамуы қалыпты балаларға, іс-әрекет барысында, экспериментаторға көңілі бөліну үрдісі тән болса, (балалар эспериментаторға қарап, оның орындалып жатқан тапсырмаға реакциясын білгісі келеді, яғни дұрыс-бұрыстығы), ал тілдік патологиясы бар балалардың, көңілдерінің бөлінуіне, келесі жайлар себеп болады: жан-жағына немесе терезеге қарау, тапсырмаға қатысы жоқ әрекетпен шұғылдану т.б. Ырықты зейіннің төмен деңгейі, олардың іс-әрекет құрылымының қалыптаспауына немесе бұзылуына себеп болады.

Сөйлеудің бұзылуы мен психикалық дамудың басқа жақтарының арасындағы тығыз байланыс, балалардың ойлау қабілетінде өзіндік ерекшеліктердің пайда болуына ықпал етеді.

Сөйлеуі бұзылған балалардың көрнекі-бейнелік ойлау қабілеттерінің ерешеліктерін, Дж. Равеннің түрлі-түсті прогрессивтік матрицасының, балаларға арналған нұсқасының көмегімен зерттеу (М. А. Фотекова), тапсырманы сәтті орындаған, бастауыш сынып оқушыларының құрамы бірыңғай емес, жоғарыдағы әр топтан жиналғаны анықталды. Көрнекі тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша, ең көп жетістіктерге жеткен, топтағы балалардың тілдік патологиясы тым өрескел емес (дыбыстау кемшіліктері мен грамматикалық құрылысты жеткіліксіз игеру). Жалпы тілі жетілмеген балалардың жартысына жуығы, көрнекі есептерді шығаруда, төмен деңгейді көрсетті. Оқушылардың тек бірқатарының танымдық іс-әрекеті, қалыпты дамудағы оқушылардың көрсеткіштеріне жақын екендігі белгілі болды.

В. А. Ковшиков пен Ю. А. Элькин, моторлы алалиясы бар балалардың ойлау қабілеттерін қарастыра отырып, кейбір ұғымдардың шекарасын ажыратып көрсетеді: білім дегеніміз - ойлау операцияларының материалы ретінде қызмет ететін, нақты заттар мен құбылыстарды тану негізінде жинақталған тәжірибелердің жиынтығы (бейнелер, мағлұматтар, ұғымдар,

түсініктер); психикалық іс-әрекетте рдің өз бетімен ұйымдастырылуы - психиканың танымдық әрекетке тұтас бағытталуы мен басқарылуы, бҧл ойлау үдерісінің жүруіне, проблемалық ситуацияларды шешуге қажет жағдай тудырады. Ал, ойлау, осы проблемалық ситуацияны шешуге арналған негізгі үдеріс.

Сөйтіп, жҥргізілген зерттеулер, келесі нәтижелерді көрсетті: бұл балалардың ойлау үдерісі мен оның нәтижесіне, білімнің аздығы мен психикалық әрекетін ұйымдастырудағы кемшіліктер әсер етеді. Олардың қоршаған орта туралы білім шеңбері өте аз, заттардың қызметтері мен қасиеттері, құбылыстардың себепті-салдарлы байланысы т.б. туралы мағлұматтары шектеулі. Психикалық іс-әрекеттердің ҧйымдастырылуының бұзылуы,эмоционалды-ерікті саласының, ынта-түрткі саласының кемшілігімен түсіндіріледі. Тапсырманы орындауға кіріскеннен кейін, қызығушылықтары тез жоғалады, аяқтамай қоя салады, тіпті дұрыс орындап келе жатса да, аяғына дейін орындаудан бас тартады. Көп жағдайда балалар проблемалық ситуацияларды шешуге бірден кірісе алмайды. Бірақ проблемалық ситуацияны тым ҥстірт бағалайды. Мұнда сөйлеуі бұзылған балалардың ойлау операциялары қалыпты деңгейде сақталатындығын ұмытпаған жөн. Олардың психикалық іс-әрекеттері дҧрыс ұйымдастырылса, олардың білім қоры анағұрлым тез молаяды.

Ойлау операцияларының дамуы үшін, қажетті дағдыларды меңгере отырып, балалар кейде көрнекі-бейнелік ойлау түрін толық меңгере алмайды. Яғни, егер арнайы үйретпесе, олар талдау, топтау, салыстыру, классификация жасау, артық ұғымды бөліп алу, аналог бойынша тұжырым жасау сияқты дағдыларды меңгере алмайды. Көрнекі-бейнелік ойлау кемістіктері, ми қыртысының төбе-шҥйде аймақтарының зақымдануынан салдарынан пайда болады. Көрнекі-бейнелік ойлау тҥрінің қалыптаспауы, көп жағдайда, тіл кемістігінің ауырлық дәрежесімен байланысты. Сондай-ақ, жалпы тілі дамымаған балаларға, ойлаудың ригидтілігі, яғни ебедейсіздігі тән.

СРСП 10
Есту қабілеті бұзылған балалардағы сөйлеу бұзылыстарының сипаттамасы: дыбыстың бұзылуының сипаттамасы және олардың ерекшеліктері; сөйлеудің лексикалық және құрылым бұзылуы.
Есту қабілеті бұзылған балалар, сөйлеуді тек арнайы оқытудың көмегімен меңгереді. Мұнда олар, сөздік қимыл-қозғалыс түйсіктерімен толықтырылған, көру арқылы қабылдау қабілетіне сүйенеді. Олардың сөйлеудегі екпінді, әуезділікті қабылдау мүмкіндіктері жоқ, егер мүмкіндіктері болса, қалыпты балалар сияқты, сөйлеушіге еліктеуге тырысар еді. Ж. И. Шиф, саңырау балалардың сөйлеуінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтайтын, 4 тҥрлі психологиялық шартты ажыратып көрсетеді:
Бірінші шарт - саңырау балаларда, алғашқы сөз бейнелерінің сенсорлық қалыптасу негіздерінің, қалыпты балалардан өзгешелігін көрсетеді. Еститін балаларда, сөздің алғашқы бейнесі, есту арқылы қабылданса, саңырау балаларда, көру арқылы қимыл сезімдерімен қатар қабылданады (сөздің
жазылған бейнесі, дактильмен бейнеленген сөз, артикуляциямен бейнеленген сөз). Көру арқылы түс, фактура, пішін, әріптер қабылданады, олар қимылдармен сәйкестендіріледі. Сөйтіп, балалар сигналдық карточкаларды, қимылдарды белгі ретінде қабылдауға үйренеді. Саңырау балалар ҥшін, сөзді көру арқылы қабылдау, тілмен танысудың алғашқы кезеңі болып табылады.

Екінші шарты - еститін балаларға қарағанда, саңырау балалардың тілдік материалды өзгеше ретпен талдайтындығы. Еститін балалар, сөйлеуді меңгергеннен кейін, бірден сөздің фонетикалық бейнесін қабылдайды, буындарға бөліп, әліппелік дыбыстарға ажырата алады. Саңырау балалардың, сөздер ағынынан жеке бір сөзді, дыбысты ажыратып алу мҥмкіндігі, сӛйлеу дағдысынан анағұрлым кейін пайда болады. Сөз қҧрамына нақты дискреттік талдау жасау қабілетіне, одан да кеш, яғни сауат ашу кезеңінде қол жеткізуге болады. Сӛздердің дискреттілігі, қҧлақтан гөрі, көзбен жеңіл қабылданады. Саңырау балалар, сөзбен көру жолымен танысады. Ауызша сөйлеуді, үйрету барысында көріп қабылдайды, тек ауызша сөйлеуді үйренген соң, буындарға бөле бастайды. Мҧнда сөздің бҧрынғы әріптік талдауында, қайта қҧрылу жүзеге асады: сөйлеуде қозғалысқа тҥсетін компоненттер мен көру арқылы қабылдаудың қатынастары өзгереді (қалыпты есту қабілетінде, мҧндай өзгеріс болмайды). Осылайша, сөзді әріптер күйінде қабылдайтын, саңырау баланың көру арқылы қабылдауы, сөйлеуге қатысатын қозғалыс компоненттерінің ықпалына бағынуы керек. Бұл сияқты қайта құрылу, өте баяу жүретін үдеріс. Себебі, саңырау балалардың сенсорлық сөйлеу тәжірибесінде, сөздің бейнелік кескіні ұзақ уақытқа дейін, бұл кезде баяу дамып келе жатқан, сөздің қозғалыс кескінінен гөрі басым болады.

Үшінші шарты - еститін балалармен салыстырғанда, грамматикалық қҧрылымның өзгеше жасалуы. Оның себебі, сөйлеуді басқаша сенсорлық жолмен меңгеру болып табылады. Айтылатын сөзді қалыпты балалар тҧтас бірлік ретінде қабылдайды, ал сөз түрленетін болса, ол басқаша естіледі. Саңыраулар болса, сөзді бейне ретінде қабылдағандықтан, ондағы түрленулер сыртқы өзгеріс ретінде қабылданады.
Төртінші шарты - сөйлеуге қатысатын қимылдардың қалыпсыз жағдайда қалыптасуы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Ақыл - ойы бұзылған бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері
АҚЫЛ ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Зият ауытқуларының түрлері
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz