Канттың философиядағы таным мәселесі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Канттың философиядағы таным мәселесі

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам қайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ (таза тақта). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.
Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.
Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
Кант таным субъекті және таным объекті деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті -- бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне -- мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: дүние таныла ма? деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: дүние танылады деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - дүние таныла ма? - деген сұраққа: - Жок, танылмайды - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты агностик деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан дүние танылмайды деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.
Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын өзіндік зат деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл біздік зат, бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. Өзіндік зат та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, біздік затқа айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған өзіндік заттар болады.
Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, таным дегеніміз не?, таным қалай жүзеге асады?, танитын кім және танылатын не?, танымның шегі бар ма? деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқаша иммануил кант өміріне шолу
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Канттың философиядағы таным мәселесі
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
Неміс философиясы
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Классикалық неміс философиясы жайында
Философия пәні
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәндер