Қазақстанның жаһандану саясаты


М. Әуезоватындағы Оңтүстік Қазақстан университеті .
Мақала
Тақырыбы : Қазақстанның жаһандану саясаты.
Орындаған:Төребек Айда
Тобы:Эф-20-5К2
Қабылдаған:Мергенбаева Азиза
2020-2021 оқу жылы
Қазақстанның жаһандану саясаты.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Нұрсұлтан Назарбаев.
Мен осы мақаланы жазудағы мақсатым:Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған идеялар мен ұсыныстарды нақты іске асыру.
Рухани жаңғырудың негізі - халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы - ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты. Осыған орай бағдарламаның негізгі бағыттарына қол жеткізу жолында алты арнаулы жоба іске қосылды. Олар: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Қазақ тілін біртіндеп латын тіліне көшіру», «Қазақстанның қазіргі мәдениеті жаһанданған әлемде».
Қазіргі кезде әлем жаҺандану және жаңару кезеңін бастан өткеріп келеді. ЖаҺандану үдерісі әлемнің барлық саласы бойынша ортақ жүйеге бейімделуін білдіреді . Ал, қазіргі кезде жаһандану процесі өте кеңінен қолданылады. Жаһандану- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени бағыттардың барлығын қамтитын және әлемдегі бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған ұғым.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жаҺандану-әлемдік дамуды айқындайтын тенденцияға айналып отыр.
Қазіргі замандағы мәдени байланыстардың кеңейтілуі, араласу мен таным халықтардың бірігуіне ықпал етеді. Алайда аса белсенді кірістіру мәдени өзгешеліктің жоғалтуына алып келеді. Жас ұрпақ бір-бірін сән, мінез-құлық, қызығушылықтары арқылы қабылдайды, соның нәтижесінде олар ұқсас болады. Бұл ретте мәдени ерекшеліктің жоғалтылуы мен мәдени ерітілуі толық және жарым -жартылай бола алады.
Қазақстан ұлттық құрамы жағынан тек қана полиэтникалы ғана емес, сонымен бірге, менталитеті жағынан да əр сапалы. Онда жалпылама тұрғыдан айтқанда параллельдік бағытта дамып отырған шығыстық жəне батыстық менталитет қалыптасқан. Осындай параллельдік сипаттағы менталитетке қарамастан, ұлтаралық татулық, өзара сыйластық, комплиментарлық негізде өзара диалог орныққан. Қазақстанның басқа мемлекеттермен салыстырғандағы басты ерекшелігі де осында. Ал оның тарихи негізі тереңде, ол ғасырлар бойы бірге өмір сүрудің, тағдырдың ащысы мен тұщысын бірге көрудің нəтижесі. Соның арқасында «қазақстандық менталитет» қалыптасуда. Десекте, оған ерекшелік тəн болғанмен, жалпылық тəн емес.
Қандай да болмасын ерекшеліктің тамыры, тегі болатыны белгілі. Тамыр, тек сапалық қасиеттер арқылы өлшенетінін ескерсек, қазақстандық менталитеттің өлшемі, межесі қазақ халқының құндылықтары болып табылады. Қазақстандық менталитеттің құрылымдық сипатының ішкі өлшемі, қозғаушы күші, жүзеге асуы да қазақ халқының құндылықтарына тікелей байланысты. Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деуі де сондықтан. Демек ұлттық ерекшелікті елемей, ескермей, «азаматтық ұлт» туралы тұжырым жасау сыңаржақтылық. Өкініштісі, кейбір ғалымдар мен саясаткерлер «азаматтық ұлтты» қазақ халқынсыз, оның тілінсіз жəне менталитетінсіз көз алдына елестеткісі келеді. Елестету былай тұрсын, тіпті армандайтындар да көбеюде. Тіпті ұлт туралы айтпаңдар, ол кешегі заманның феномені, бүгін ел туралы айту қажет дегенді алға тартады. Бұл бос əурешілік, ұлтсызданудың талайын басынан кешірген, «мың өліп, мың тірілген» қазақ, енді оған жол бермейтініне сенімдіміз. Өйткені заман өзгерді, ұлттық сана өсті, қазақ оңы мен солын, жақсысы мен жаманын ажыратар деңгейге жетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өз мүддесін қорғауға да шамасы келді. Бұны ескермеу, қазақ халқымен санаспау ақиқатқа жасаған қиянат болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz