Қорқыт Ата өмір баяны


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент (Иеникент) қаласында ( VIII-IX ғ. ғ. ) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін “Жер ұйығын” іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Ата - ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны “Су аяғы - Ер қорқыт” деп те атаған.

Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қазіргі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В. М. Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжағыш ақылгөй болған.

Оғыз-қыпшақ қоғамның ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік қызметін атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл-Еркі, Тұман хан және Қаңлықожа. Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар Қорқыттың ақылды кеңесінен асаалмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан.

Әр түрлі аңыз-әңгілелерде Қорқыттың туған жыл мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде - 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал “Деде Қорқыт кітабында” Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың заманына жақындатады. “Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты”, - дейді ол кітапта.

Қазақтың аңыз-ертегілерінде Қорқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады. Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтыңакадемик ғалымы Ә. Х. Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тоғыз күн ұдайы қатты толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады. Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық “Қараспан” деп аталған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен қорыққан халық жаңа туған балаға “Қорқыт” деп ат қойған. Мағынасы “Қорқыт, қорқытты” деген ұғым береді.

Махмуд Қашқаридың айтуынша, халық өлеңдерінде, “Оғызнама” жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. Х. Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық (Қаратау) немесе “Қараспан” деп аталған.

Қорқыттың нақыл сөздері

Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарның бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой…

Ол алдымен оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт Атаның сөзін халық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

Қорқыт Ата сөйлейді:

Алла, Алла дейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас, Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.

Күл - төбе болмас, күйеу бала- ұл болмас. Қара есек - басына жүген кигізсең де тұлпар болмас. Күңге қамқатон жапсаң да ханым болмас. Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс - біз болмас. Ежелгі дұшпан - дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. . Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М. Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е. Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі - әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды.

Жарық орта мектебі.

Мұғалімі:Әсем Өріспаевна.

Орындаған: Диханбай Алмас.

2011-2012 оқу жылы.

Қорқыт Ата [1] - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт АтаСырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин“Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә. Диваев, т. б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә. ол 7 - 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата- ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден - күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә. Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С. Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е. Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В. Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап - қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш - “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”) . Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе - адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейілкеліп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері - Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе - уақыт пен кеңістік мәселесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі жайлы тың деректер
ОҒЫЗНАМЕ ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Оғыз қаған тарихи жұрт
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Қорқыт атаның даналық сөздері
Қорқыт ата кітабының жырлары
Қорқыт Ата туралы ақпарат
Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің тағылымы және тәрбиелік идеялары
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz