Мектепке келген балаларда кездесетін қиыншылықтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке келген балаларда кездесетін қиыншылықтар.
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.

Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.

Бастауыш мектеп жастағы мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын - оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар. Ол, әсіресе, баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар мектепке үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, бөлек жаңалықтарды күте отырып, қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие. Алдымен, мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мектеп талаптарына бейімделу процесінің бұзылыстары да орын алуы мүмкін. Оларды дезадаптация деп атайды.
Дезадаптацияның формаларының жіктелуі мектептегі бейімделу процесінің бұзылуына орай мынадай түрде көрінеді :
* Оқу әрекеттерінің элементтерінің қалыптаспауы;
* Оқу мотивациясының қалыптаспауы;
* Мінез-құлқын, зейінін, оқу іс-әрекетін ерікті реттеу қабілетсіздігі;
* Мектеп талаптарын меңгерудегі қиыншылықтары.
Мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектептегі адаптациялану деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады:
* Интеллектуалдық даму көрсеткіші - жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен тұрады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетін өзіндік реттеу қабілеті;
* Эмоциялардың даму көрсеткіштері - баланың эмоционалдық - экспрессивтік даму деңгейін, олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;
* Коммуникациялық дағдыларының қалыптасу көркеткіштері (7 жастағы дағдарысқа байланысты психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау);
* Мектеп жасындағы даму кезеңіндегі баланың мектептік сауаттылық деңгейі;

Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Психолог ғалым Г.М.Чуткина өз зерттеулерінде балалардың оқыту процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетті:
I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынаста, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойьп тыңдайды, берілген тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауда үлкен қызығушылық көрсетеді (үнемі барлық сабақтарды орындайды); қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ, балалар мектепке даяр, 7 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясының, мектепке жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді.
II. Бейімделудің орта деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны бақылап отыру қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болады.
III. Бейімделудің төмен деңгейі.
Бірінші сынып оқушысының мектепте құлқы жоқ, денсаулығын себеп етіп сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Солақайлық мәселесі
Б. Эльконин бойынша тұлға дамуы
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық дамуы мен мектепке дейінгі жастағы баланың іс-әрекетінің түрлері
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмек
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Пәндер