Kahoot платформасының мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Kahoot платформасының мүмкіндіктері

Мұхит Карина

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, студенті

Kahoot - бұл білім беру үрдісінде мектеп пен жоғары оқу орындарында пайдаланылатын ойынға негізделген онлайн оқыту платформасы. Бұл платформа 2013 жылдың тамызында Норвегияда іске қосылды.

Kahoot платформасы Mobitroll мен Норвегияның Технология және Ғылым университетімен бірлескен жоба ретінде Йохан Бренд, Джейми Брукер, Филлип Морган и Мортен Версик секілді ғалымдар тарапынан жасап шығарылған.

Kahoot платформасы бес негізгі және бір көмекші сайт негізінде жұмыс жасайды:

  • create. kahoot. it - пайдаланушы (мұғалім) жасау үшін жасалған сайт.
  • play. kahoot. it - пайдаланушының (оқытушының) кейіптесін іске қосу үшін қызмет ететін сайт.
  • kahoot. it - әртүрлі құрылғылар (компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер, смартфондар) арқылы пайдаланушыларды (оқушыларға) қосылуға қызмет ететін сайт.
  • test. kahoot. it - интернет-байланысыңызды тексеруге және Kahoot қызметімен жұмыс істеу сапасының деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін сайт!
  • media. kahoot. it - қызметтің медиа мазмұнымен жұмыс істеу үшін арналған сайт.
  • getkahoot. com - көмек көрсетуге арналған қолдау торабы.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде кең масштабты модернизация үрдісі жүзеге асырылуда: оқытудың жаңа мазмұны мен формасы ізделуде, интерактивтілік принциптерінің орындалуын қамтамасыз ететін жаңа білім беру технологияларын құруда, жеке басқа бағдарланған әдістерді кеңінен қолдануда - қашықтықтан оқыту, жобаларды және жағдайларды талдау әдістері, тестілеу жүйесі және білімді рейтингтік бақылау. Аталған жаңа енгізулердің ішіндегі қазіргі кезде ерекше аталатыны тестілеу жүйесі - бұл оқыту үрдісіндегі жаңа сапалы деңгей. Осыған орай онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі- Kahoot қосымшасы болып табылады. Бұл бағдарлама қазіргі кезде жиі қолданысқа енгізілуде. Kahoot қосымшасы арқылы оқушылардың, студенттердің білім деңгейін оператив тексеруге болады. Бұл интернет желісі арқылы жүзеге асады.

Kahoot келесі браузерлердің соңғы екі нұсқасында толығымен тексерілген:

  • Chrome.
  • Firefox.
  • Internet Explorer.
  • Safari.
  • Edge.

Kahoot қосымшасының мүмкіндіктері

  • оқу жылындағы барлық материалдарды толық қамтып, білімді меңгертуге арналған тест сұрақтарын құруға;
  • оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға;
  • жаңа материалды тереңдетіп түсінуге кең көлемде мүмкіндіктер береді;
  • шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділікті жетілдіріп, қызығушылығын арттырады.

Kahoot класста немесе аудиторияда қолдануға негізделген, яғни оқытушы тестті негізгі экран бетіне шығару арқылы, ал оқушылар сұрақтарды талқылап, жауаптарын смартфон, компьютер немесе планшет (қалта телефондары) арқылы жолдай алады. Ол үшін виртуальды класс бөлмесіне кіру үшін оқушылар оқытушы айтқан арнайы құпия санды енгізулері қажет. Бұл сервис әрбір оқушының сұраққа қалай жауап беріп отырғанын, сондай ақ барлық ұжымының үлгерім диаграммасын, жеке оқушының өз нәтижесін арнайы кестеден бақылауына мүмкіндік береді. Kahoot қосымшасы арқылы тіркелуші интернет желісі қосулы болған жағдайда шексіз жұмыс жасай алады. Сонымен қатар Kahoot - қа шексіз көлеміде сұрақ енгізуге болады. Сыныптағы оқушылардың білім, білік деңгейіне және қызығушылығына қарай, өзіңіз онлайн тест құрастыра аласыз. Бұл тест құру жүйесінің өзіндік ұсынылатын желілік жылдамдығы бар (1-кесте)

Қатысушылар саны
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps)
Қатысушылар саны: 10
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 1
Қатысушылар саны: 20
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 2
Қатысушылар саны: 50
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 3
Қатысушылар саны: 100
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 5
Қатысушылар саны: 200
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 10
Қатысушылар саны: 500
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 23
Қатысушылар саны: 1000
Ұсынылатын жылдамдық Мбит/с (Mbps): 45

1-кесте. Желінің өткізу қабілеттілігі

Кешен барлық мобильді құрылғылармен үйлесімді жұмыс істейді (iPad, iPhone және т. б. ) . Kahoot оқушылардың білімдерін талдау, форматты бағалау үшін немесе дәстүрлі сабақтардан тыс уақытта қолданылуы мүмкін. Kahoot платформасы қарапайым ойындардан тұрады.

Kahoot әлеуметтік оқуға арналған, оқушылар интерактивті тақта, проектор немесе монитор секілді жалпы экранға жиналып платформамен жұмыс жасай алады. Сондай-ақ, сайтты Skype немесе Google Hangouts секілді конференциялық байланыстар арқылы да пайдалануға болады. Kahoot платформасын әртүрлі веб-браузерлер мен мобильді құрылғылар арқылы да қолдануға болады. Kahoot тапсырмаларында құрастыруда фотосуреттер мен тіпті бейне клиптерді де қосуға болады.

Kahoot онлайн платформасының артықшылықтары:

  • өзін-өзі қадағалауға мүмкіндік беретін фукнцияларды қамтиды;
  • ағылшын тілінің оқытылу әдістемесін айтарлықтай жетілдіріп, дамытуға мүмкіндік береді;
  • танымдық белсенділікті арттырады ;
  • шығармашылықпен еңбек етулеріне жағдайлар жасайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері
Сабақта АКТ пайдалану жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Синхронды және асинхронды оқытудың айырмашылықтары
Авиациялық индустрия
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz