АДАМ НӘСІЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

АДАМ НӘСІЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ

Нәсіл белгілерінің құрамы мен маңызы

Нәсіл (француз тілінен race, итальян тілінде razza - «туыс», «тек», «тайпа») - шығу тегі бір болуымен байланысты, яғни жалпы ата тегінен, негізінен, сыртқы (дене бітімі) белгілерімен сипатталатын тарихи қалыптасқан адамдар тобы.

Нәсілдер, біріншіден, биологиялық категориялар бойынша барлық әлеуметтік ортақтықтан сапалы түрде этностық, тілдік, діни және т. с. с. белгілермен ерекшеленеді; екіншіден, нәсілдер түрдің жиынтығы емес, ол популяциялар жиынтығы, яғни адамдар аумақтық орта ішінде жиі некеге тұрады (топтық және тұлғалық белгілер өзгергіштіктері сәйкес келмесе де) .

Мәдениет, өркениет дамуымен қатар, әртүрлі халықтар арасындағы биологиялық өзара әрекеттесудің дамуы нәсіл ареалының шекарасын біртіндеп тарылтып, нәтижесінде бүкіл адамзаттың нәсіл белгілері үйлескен жаңа орындар пайда болуда.

Нәсілдік ерекшеліктер әдетте бір - бірінен алыс орналасқан адамдар тобында жақсы байқалса, жақын орналасқан адамдарда аса байқалмайды. Нәсілдердің араласуы мыңдаған жылдар бойы созылады және де үздіксіз, сонымен қатар жылдамдатылған үрдісті қалыптастырады. Жер шарындағы халықтардың үштен бір бөлігін аралас және аралық нәсілдер топтарының үлесі құрайды.

Қазіргі кезде адамдар тобын «ақ», «сары» және «қара» нәсілдерге бөлу туралы түсініктер кең таралған. Тері түсінің айырмашылықтары теріге түс беретін меланин затының мөлшеріне байланысты, яғни ол - физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты барлық нәсіл өкілдерінде бірдей. Бірақта тері түсі нәсілдерге бөлудің жалғыз белгісі емес, ал кейбір жағдайда ол нәсілдерді шектеудің де негізгі белгісі болып табылмайды.

Антропологтар осылай бөлу үшін шектеу жиынтығын қолданады, ең алдымен көбінесе сыртқы белгілеріне қарайды, бірақ мұнымен ғана шектелмейді. Негізгі нәсілдік белгілерге мыналар жатады: тері түсі, шаш жабындысының сипаты, бет бөлігінің құрылысы, дене бітімі пропорциясындағы айырмашылықтар, алақан мен табандағы ерекше сызықтар (әжімдер немесе терең сызықтар), саусақтағы шеңберлер және т. с. с. Әрі қарай ағзадағы кейбір физиологиялық ерекшеліктер ескеріледі, «көрінбейтің» белгілері бойынша: қан құрамы, ұлпадағы микроэлементтердің құрамы, ақуыз сығындылары, түс ажырату түрлері, тіс құрылысы және т. с. с.

Кез келген нәсілдік бөліну қандайда бір жағдайда шартты. Тіпті айтар болсақ, барлық адамдар бір-бірінен алыс болса да, тікелей алғанда қан жағынан туыстас болып келеді. Адам арасындағы дене бітімі бойынша айырмашылықтар - шындық, олар ескеруді, зерттеуді және жіктеуді қажет етеді. Бірақ мұның барлығы көп ретті дәлелденген шындықты жоя алмайды, яғни ең бастысы және айтарлықтай болып өмір үшін маңызды болып табылатындар - сезім мен ойлау, қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі нәсілдегі адамдардың барлығы тең және бірдей. Ең көрнекті дәлелдердің бірі - аралас некеден туған ұрпақ өмірге қабілетті және өсімтал болып келеді. Француз Александр Дюманың («Үш ноян», «Граф Монте - Кристо» және т. б. романдардың авторы) әжесі негр нәсілінен болған, Ұлы орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкин - атақты және атақты емес орыс тегінен шығып қана қоймай, сонымен қатар «Ұлы Петр арабының» - қара түсті Ганнибалдың (Абрам Петрович, 1697-1781жж., эфиопиялық князьдың ұлы) ұрпағы.

  1. Үлкен және кіші адам нәсілдері

Үлкен Еуропеоидтық нәсіл. Еуропеоидтер ашық немесе қоңырқай тері түсімен; әртүрлі түстегі толқынды немесе тік жұқа шаштармен, үшінші ретті шаш жабындыларының қатты дамуымен (ерлердегі сақал), көз түстерінің алуантүрлілігімен (қоңыр көзден ақшыл сұр және көк көзге дейін), биік жіңішке қыр мұрынмен, қалыңдығы жұқа немесе орташа болып келетін еріндерімен ерекшеленеді. Кез келген қытайлық үшін үлкен мұрын - еуропалықтың белгісі. «Үлкен мұрынды жын-пері» деп бұрынғы кездері Қытайда христиан дінін таратушы еуропалық миссионерлерді атаған. Еуропеоидтарды іріктеу әрекетіне терісі, көзі мен шаштарының ашық түс болуы негіз болса, яғни мұндай мутациялар анықтаушы белгілер ретінде Солтүстік және Орта Европада тіршілік етуі мен таралуы бойынша ең үлкен мүмкіншілікке ие болды, мұнда орта палеолит кезінде айтарлықтай деңгейде бұлттылық пен күн төмен салқын, әрі ылғалды климат басым болды.

Үлкен еуропеоидтық нәсілдер үш топқа бөлінеді (дақтың қарқындылығы бойынша) : солтүстік - ашық тері, сары және ашық күлгін түсті шашты, сұр және көкшіл көзді ие адамдар үлесі басым; оңтүстік топқа - қоңырқай түсті тері, шаштары мен көздері қою түстес; аралық топқа орташа дақтану тән.

Дақтану ерекшеліктері және топтағы «бас көрсетуі» бойынша кіші нәсілдерді немесе екінші және үшінші ретті нәсілдерді бөліп көрсетеді. Бас көрсеткіші - қаңқадағы ми бөлігінің бітімі, бастың ең үлкен енінің оның ең үлкен ұзындығына қатысты пайыздық қатынасы. Егер бастың ені оның ұзындығына қарағанда 75 % - дан төмен болса, онда адам долихокефалға - ұзын басқа (грек тілінен. dolіchos - «ұзын», kephale - «бас») жатады, егер бастың ені ұзындыққа қарағанда 80 % - ды құраса, брахикефалға - қысқа басқа жатады. Аралық қатынастар мезодолихокефал және мезобрахикефалға жатады.

Тек бөлек мысалдарды қарастырайық. Ашық еуропеоидтардың солтүстік тобы нордиялық (долихокефал) және балтық (брахикефал) кіші нәсілдеріне бөлінеді. Дақтану бойынша аралық топ еуропеоидтарын (көп бөлігі брахикевалдар - қысқа басты) альпілік, ортаевропалық, және шығыс европалық (орыстың көп бөлігі кіреді) топтарға бөледі. Құрамында үндіжерортатеңіздік нәсілдерден тұратын оңтүстік топ мысалы, жерортатеңіздік (долихокефальды) және арменоидтар (брахикефальды) кіші нәсілдерге бөлінеді.

Үлкен Моңғолоидтық нәсіл. Моңғолоидтардың сыртқы сипаты: сарғыш түстес тері; тік, қалың (қатты) қара шаштар; нашар дамыған үшінші ретті шаш жабындысы, қоңыр көзді; жалпақ бетті, жіңішке орташа кең, төмен орналасқан танаумен, эпикантустың - көзді және оның жас тесігін жауып тұратын жоғарғы қабақтың ерекше қатпарының болуы. Соңғысы, көзді қатты желден және құмды дауылдардан сақтау қажеттілігі нәтижесінде температураның тәуліктік және маусымдық тез ауытқуымен сипатталатын құрғақ континенттік климат үшін айтарлықтай тән Орталық Азияның дала және жартылай шөлейттенуінің қалыптасуымен байланысты.

Үлкен моңғолоидтық нәсіл екі негізгі топтан тұрады: азиялық және американдық (үндістер, эскимостар, алеуттер) . Американдық үндістерде жалпы моңғолоидтық бет пішіні тегістеу, эпикантус сирек кездеседі, мұрны әдетте қатты байқалады.

Азия моңғолоиды екі негізгі топқа бөлінеді: континенттік және тынықмұхиттық (кәрістер, солтүстік кәрістер) . Континенттік моңғолоидтар дақтанудың аздығымен ерекшеленеді, қаңқаның үлкен массивтілігімен және ұзын бет пішінімен сипатталады.

Өз кезегінде, континенттік моңғолоидтар арктикалық нәсілге (эскимостар, чукчалар, коряктар), солтүстік азиялықтарға (эвенкілер, эвендер, юкагирлер), орталық азиялықтарға (моңғолдар, буряттар, якуттар), қиыршығыстықтарға (қытайлар, кәрістер) бөлінеді.

Үлкен Негроидтық нәсіл. Сыртқы ерекшеліктері: қарқынды дақтанған қою-қоңырқай тері, бұйра қатты қара шашты, қоңыр көзді, қатты прогнатизм (жақтың шығуы), кең танау, қалың ерінді. Қара тері ағзаны ультракүлгін сәулеленуден қорғаса, бұйра шаштар табиғи тығыз «бас киім» ретінде күюден қорғайды. Танау пішіні мен ерін құрылысы, тері бездері - буландыратын ылғалды аз үшін термореттеуші маңызға ие.

Негроидтық белгілер Африкалық Сахарасының оңтүстік бөлігіне қарай тұратын «негрң атауымен белгілі халықтарда жақсы байқалады.

Үлкен Негроидтық нәсіл үш топтан тұрады: негрлер, негриллдер, бушмендер және готтентоттар.

Тері түсі негізінде зоналылыққа, сонымен қатар Африканың әртүрлі облыстарында басқа да негроидтық белгілер температурадан және күн жұтылуына байланысты байқалады. Экваторлық белдеудегі негроидтарға қарағанда Африканың оңтүстік бөлігінде тұратын бушмендер мен готтентоттар және құрлықтың солтүстік бөлігінде тұратын тұрғындары айтарлықтай ашық дақтанумен сипатталады.

Сонымен қатар бой мен дене ұзындығының ерекшеліктері де айтарлықтай - дүниежүзіндегі ең ұзын бойдан - судандықтар, нилоттар, ең қысқа бойға дейін - Руанда, Бурунди, Конгодағы пигмейнегрилли нәсілі, бойының ұзындығы бір жарым метрге жуық. Антропологтардың есептеуінше, кішкентай бой - көпғасырлық тамақ жетіспеушілігіне байланысты бейімделу реакциясының әсерінен. Бойдың өспеуіне сонымен қатар, көмірсуға бай, ақуызға кедей тамақтарды (әсіресе жануарлар ақуызымен қоректенгенде) қолдануымен түсіндіріледі. Африканың оңтүстік-батыс шөлінде тұратын бушмендер мен готтентоттардың бойы аласа (150-160 см), жалпақ бет және эпикантус, оларды моңғолоидтарға жақындастырады. Бушмен әйелдерінде стеатопигия - бөксеге көп мөлшерде май жиналуының салдарынан бөксенің қатты шығуы байқалады.

Үлкен Асвтралоидтық нәсіл ұзақ уақытқа дейін үлкен нәсілдер тобына кірмей келді, олар негроидтармен бірігіп, үлкен негроидты-австралоидты немесе экваториалды нәсілді құрады. Австралоидтардың басым бөлігі қара түстес тері, кең танау, қалың ерінді, негрлерге ұқсас болып келеді. Бірақ Австралияның аборигендері дақтану бойынша африкандық негроидтарға жақын болғанымен, шашының құрылысы және үшінші шаш жабындысының дамуы бойынша еуропеоидтарға жақын.

Үлкен Австралоидтық нәсіл келесі тармақтардан тұрады: австралиялық аборигендер, папуастар және меланезиялықтар, веддоидтар, айналар, негритостар. Папуастар пен меланизиялықтарда айтарлықтай австралоидтық белгілер тән, ал шаштары негроидтар сияқты бұйра. Папуастардың меланезиялықтардан ерекшелігі мұрнының пішінінде - олардың мұрны дөңес. Негритостар меланезиялықтар еске түсіреді, бірақ бойы аласа. Веддоидтар бойы аласа, сирек сақалды, ойық қасты, прогнатизм басым. Генетикалық тұрғы да басқа австралоидтармен байланысқан, бірақ айналардың жалпы бет пішіні бойынша өте қатты ерекшеленеді. Оларға үлкен нәсілдегі жеке ерекшеліктер тән: еуропеоидтар - ашық түстес тері және күшті дамыған үшінші шаш жабындысы; австралоидтар - кең танау және дөңес бет; моңғолоидтар - жалпақ бет және эпикантустың болуы.

3. 3 Дүниежүзі аймақтары бойынша халықтардың нәсілдік құрамы

Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамы бойынша халықтың сандық параметрлері әдетте ғалым-мамандардың бағалауы бойынша беріледі, себебі нәсілдік есеп жүргізу көптеген елдерде жүргізілмейді. 5 - кестедегі талдау көрсеткендей, ең алдымен аралас және ауыспалы типтер үлесі өте көп ( 1/3) . Әлемде тұтас алғанда, халықтың жартысын еуропеоидтар құрайды.

7 - кесте Адам нәсілдерінің саны мен географиясы (XX ғасырдың соңы), % есебімен

Үлкен нәсілдер:

Үлкен нәсілдер

Дүниежүзін тұтас алғанда:

Дүние

жүзін тұтас алғанда

Бұрынғы КСРО:

Бұрынғы КСРО

Шетелдік Европа:

Шетелдік Европа

Шетелдік Азия:

Шетелдік Азия

Африка:

Африка

Америка:

Америка

Австралия және Мұхиттық аралдар:

Австралия және Мұхиттық аралдар

Үлкен нәсілдер: Халықтың барлығы
Дүниежүзін тұтас алғанда: 100, 0
Бұрынғы КСРО: 100, 0
Шетелдік Европа: 100, 0
Шетелдік Азия: 100, 0
Африка: 100, 0
Америка: 100, 0
Австралия және Мұхиттық аралдар: 100, 0
Үлкен нәсілдер: Еуропеоидтық-тар (Евразиялық)
Дүниежүзін тұтас алғанда: 42, 3
Бұрынғы КСРО: 86, 3
Шетелдік Европа: 99, 3
Шетелдік Азия: 29, 2
Африка: 27, 0
Америка: 52, 0
Австралия және Мұхиттық аралдар: 75, 4
Үлкен нәсілдер: Моңғолоидтық-тар (Азиялық-Американдық)
Дүниежүзін тұтас алғанда: 20, 0
Бұрынғы КСРО: 0, 6
Шетелдік Европа: 0, 1
Шетелдік Азия: 32, 2
Африка: -
Америка: 6, 0
Австралия және Мұхиттық аралдар: 0, 4
Үлкен нәсілдер: Негроидтық (Африкандық)
Дүниежүзін тұтас алғанда: 7, 0
Бұрынғы КСРО: -
Шетелдік Европа: 0, 2
Шетелдік Азия: 0, 1
Африка: 54, 0
Америка: 7, 0
Австралия және Мұхиттық аралдар: -
Үлкен нәсілдер: Австралоидтық (Мұх иттық)
Дүниежүзін тұтас алғанда: 0, 3
Бұрынғы КСРО: -
Шетелдік Европа: -
Шетелдік Азия: 0, 3
Африка: -
Америка: -
Австралия және Мұхиттық аралдар: 18, 1

Бұрынғы КСРО. Ол барлық үш тармақтан тұратын, ауыспалы немесе аралық формаларының үлесі айтарлықтай болатын халықтың абсолюттік бөлігі еуропеоидтық нәсілге жатады. Солтүстік тармаққа орыстардың солтүстік-батыс топтары (және Балтық маңы халықтары) жатса, оңтүстікке - Кавказ халқының көп бөлігі (және Орта Азия) кіреді.

Ауыспалы және аралық формалары: Қиыр Шығысқа дейінгі орыстар (сонымен қатар украиндер мен белорустар) . Еуропаның оңтүстік-шығысы, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан және Орта Азия далалары - еуропеоидтар мен моңғолоидтар арасындағы ежелгі байланыс зонасы. Бұл аудандардың еуропеоидтары моңғолоидтық белгілері анық көрінетін аралас оралдық және оңтүстіксібірлік (қазақтар, қырғыздар), сонымен қатар, орта азиялық (түркімендер, жартылай өзбектер мен тәжіктер) топтарға кіреді. Моңғолоидтық нәсіл белгілері аз көрінетін тұрғындар Коль түбегінде, Поволжье және Оралдағы фин-тілдік саами, мордвалар, марийліктер, удмурттар және түркітілдес чуваштар, башқұрт және татарларды - халықтардың осы нәсілдік типун лапоноидты немесе суборалдық деп атау қабылданған (құрамында еуропеоидтық нәсілдер) .

Шығыс Сібір және Қиыр Шығыстың байырғы халықтары моңғолоидтардың континенттік тармақтарына - орталық-азиялық, солтүстіказиялық және үлкен моңғолоидтық нәсілдің арктикалық кіші нәсіліне жатады.

Шетелдік Еуропа. Солтүстіктегі саами, сонымен қатар Африкадан, Оңтүстік Азиядан, Вест-Үндістаннан таяуда келген иммигранттарды қоспағанда Шетелдік Еуропаның халқы еуропеоидтық нәсілге толығымен жатады.

Нәсілдік ерекшеліктері бойынша айтарлықтай, мысалы, бойы биік, ашық түсті шашымен және ашық түстес көздерімен норвегтер (еуропеоидтардың солтүстік тобы) және аса биік емес, қара шашымен және қою көзімен итальяндар (оңтүстік топ) ерекшеленеді. Сонымен қоса, Еуропада нәсілдік белгілердің ауысуы өте баяу болғандықтан, кіші нәсілдер арасында нақты шекара жүргізу мүмкін емес.

Скандинавияда, Исландияда, Ұлыбританияда, Ирландияда, Нидерландыда және Германияның солтүстігінде еуропеоидтардың солтүстік тармағы - балтық нәсілі (солтүстік еуропеоидтар Еуропа халқының шамамен 17 %-ын құрайды) таралғанын шартты түрде есептеу қабылданған.

Пиреней түбегі, Францияның оңтүстік-шығысы, Италияның оңтүстік және орталық бөлігі, Грекияның оңтүстігін оңтүстік еуропеоидтардың өкілдері - жерорта теңіздік нәсілдер қоныстанған (оңтүстік еуропеоидтарды еуропалықтардың 32 % - ға жуығы құрайды) .

Еуропа халқының қалған бөлігі (50 % - ға жуығы) әртүрлі, нәсілдерді бөлуге қиын соғатын, «ауыспалы және аралас еуропеоидтар формаларың толық түсінігін бермейтін біріктірілген топты құрайды.

Саами - еуропеоидтық элементімен қатар, оралдың ортақтық элементтерімен бірге түзетін лапоноидтық нәсіл. Еуропа оңтүстік бөлігінің кейбір бөліктерінде негроидтық қоспалар байқалады.

Шетелдік Азия. Азия антропологиялық қатынаста ең қиын болып табылады, яғни мұнда, адамның барлық төрт ірі нәсілдерінің әртүрлі топтары таралған.

Еуропеоидтар (1/3 бөлігі) оңтүстік тармақтың әртүрлі нәсілдері - Оңтүстік-батыс Азия және Солтүстік Үндістанда таралған жерортатеңіздік, алдыңғыазиялық, үндіауғандық, памирферғаналық болып табылады.

Азиялық моңғолоидтар (әлі 1/3 бөлігі) жоғарыда ескерткендей, континенттік (моңғолдар, тұңғыс халықтары) және тынықмұхиттық (кәрістер, солтүстік қытайлықтар) болып екіге бөлінеді.

Моңғолоидтар мен австралоидтардың аралас формалары: оңтүстік моңғолоидтар, оңтүстік қытайлықтар, индонезиялықтар, филиппиндіктер, Үндіқытай халықтары, құрамында айна элементтері байқалатын жапондық тип.

Австралоидтар веддоидты нәсілдер (Шри-Ланка), папуас-меланезиялық (Индонезия), негритос (Филиппин, Малайзия және Таиланд) және т. с. с типтерімен көрініс береді.

Еуропеоидтардың оңтүстік тармағы мен австралоид нәсіліне жататын веддоидтар арасындағы ежелгі байланыс зонасында оңтүстікүндістандық типі - Үндістанның оңтүстік халықтары қалыптасты.

Негроидтық сипаттар Аравия түбегінде орналасқан халықтың бөлігінде, әсіресе жағалау маңы ауданында байқалады.

Африка. Халықтың жартысынан астамын Үлкен Негроидтық нәсілдер құрайды, оның өкілдері Сахараның оңтүстік аудандарында басым. Әртүрлі облыстағы негрлер, жоғарыда атап өткендей, тері түсі, бет пішіні, дене бітімі бойынша қатты ерекшеленеді.

Оңтүстік Еуропеоидтар (жерортатеңіздік нәсілдер) Африканың солтүстігінен Сахараға дейін толықтай арабтар мен берберлер қоныстанған. Еуропеоидтар мен негроидтар шекарасында аралас типтер пайда болған. Мысалы, Африкандық рогтағы эфиоптар.

Африканың оңтүстігінде 5 млн-ға жуық батыс Еуропадан шыққан еуропеоидтар (басымы Нидерландыдан) және олардың ұрпақтары құрайды. Бурлардың (еуропеоидтар) готтентот әйелдерімен және басқа да африкандық әйелдермен некеден тыс байланыстары «түстің деп аталатын ұғымның пайда болуына әкелді.

Америка. Америка халқының нәсілдік құрамы әртүрлі болуы, адамзаттың үш үлкен нәсілдері өкілдерінің қатысуымен түсіндіріледі.

Аборигендік моңғолоидтық халықтар - үндістер, эскимостар және алеуттер тек бөлек аудандарда сақталған: Мексика қыратында, Андыда, Оңтүстік Американың түпкі облыстарында және арктикалық аудандарда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік нәсілдер құрамы
Органикалың дүние
Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға иммунитет
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Қазақтардың 1 Дүниежүзілік құрылтайы
Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар туралы ақпарат
Адам - биоәлеуметтік жан
Адамның био-әлеуметтік табиғаты
Гибрид құстар және шошқалар Тұқымды сынаудың әдістемесін зерттеу
Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz