Этнография және этногеография негіздері. Этникалық процесстер. Дүниежүзі халықтарының классификация принциптері. Шетелдердің этникалық құрамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

5 - лекция Этнография және этногеография негіздері. Этникалық процесстер. Дүниежүзі халықтарының классификация принциптері. Шетелдердің этникалық құрамы

Мақсаты : Әлем халықтарының негізгі классификациясымен қарастыру.

Міндеті : Этногеография ұғымын зерттеу барысында дүние жүзі халықтарын топтарға жіктеу

Этнография, этнология (гр. etnos - тайпа, халық, grapho - жазу) - қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

Этностарды бүкіл жиынтығында зерттеп, этникалық және әлеуметтік тарихтың байланысына назар аударып, мәдениеттің бүкіл салаларындағы өзгерістерді көрсетіп, этнология жеке елдер мен халықтарды тарихи, археологиялық, экономикалық-географиялық тұрғыдан зерртеу барысына ұлттық-мәдени өзгешіліктерді сипаттауға маңызды мәлімет береді. Бұл жағдайда басқа ғылым өкілдері этнологиялық материалдарды тарихи, экономикалық-географиялық немесе басқа ой-желістерін ашуға көмектесетін қосымша мәлімет ретінде пайдаланады. Сонымен, этнология өзінің дәстүрлі мағынасында көмекші тарихи пән ретінде болып шығады. Ақырында, этнологияға әртүрлі континенттердегі болып жатқан кәзіргі саяси процестердің ең қалың ортасына, әсіресе өзінің коллизиялары мен салдарынан аса шиеленіскен ұлтаралық қатынастар мәселелеріне қатысу тән. Кәзіргі саяси процестердін этнодіни негізінде жандандырылу жағдайында объективті этникалық тарихты, мәдени интеграция мен ассимиляцияның заңдылықтарын, этникалық территориялардың мемлекеттік шекараларға сәйкестігін білудің практикалық маңыздылығы сөссіз.

Әлем халықтарының негізгі класификациясы

1. Географиялық класификация.

2. Антропологиялық класификация.

Оларды антропологиялық жағынан қарау деп атаймыз. Антропологиялық нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарының еуропоидтық, монғолдық және негроидтық деп үш үлкен топқа бөлуге болады. Жер шарындағы халықтарды өзара нәсілге бөлгенде, олардың ерте заманнан бері ата - бабасынан сақталып келген сыртқы көріністерінің ( физикалық, дене және тіс қыртыстарының) ерекшеліктеріне қарайды. Бұл белгілеріне анығырақ тоқталсақ, шаштың сыртқы көрінісі, беттегі тыныс жолдарының даму дәрежесі, шаштардың түсуі (пигмейтация), тері мен көздерінің түстері, бойдың ұзындығы, бас сүйектің құрылыс тұрпаты, әсіресе, жақ сүйектің, жақ еттерінің орналасу нышаны бойынша ажыратылады. Адамдардың мұндай нәсілдік белгілері палеолит (тас) ғасырында пайда болған сияқты.

Дүние жүзі халықтарын діни тұрғыдан да топтауға болады. Бірақ халықтарды дін жағынан топқа бөлу өте жасанды, сондықтан да бұл сала этнографтарға айтарлықтай жәрдем ете алмайды. Себебі дін дүние жүзінде ұлттар немесе мемлекеттер бойынша таралған емес. Жер шарын мекендеушілер негізінен: христиан, будда және ислам атты үш үлкен дінге бөлінеді. Бұл діндерді мойындаушылардың ішінде көптеген рулар, ұлыстар, тайпалар, халықтар және мемлекеттер бар.

3. Лингвистикалық класификация.

Халықтарды топтастырудағы есепке алатын негізгі ерекшеліктердің бірі - тіл. Ол басты этникалық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын - алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Осы сияқты жан - жақты жақындық байланыстарды тосыннан пайда болған құбылыс деуге болмайды. Олар халықтардың ғасырлар бойғы қарым - қатынастарының негізінен келіп шыққан.

Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық принциптеріне негіздеп тіл семьяларына бөледі.

Морфологиялық жолмен жіктегенде дүние жүзіндегі барша халық тілі грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Бірақ морфологиялық жағынан тілді топтау әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде зерттеліп бітпеген іс. Себебі тілдердің грамматикалық құрылыстың ұқсастығын, олардың өзара туыстық қарым - қатынастың қайдан, қалай шыққандығын толық белгілеу мүмкін болмай келеді. Көптеген халықтар туысқандық жағынан бір - бірінен қашық болса да, олардың тілдерінің грамматикалық құрылысы ұқсас келуі әбден мүмкін. Мысалы, Вьетнам тілінің грамматикалық құрылысы, Судан халықтарының тілдерінің грамматикалық құрылысы өте жақын. Сондай жақындықты ағылшын және полинезиялықтар жөнінде де айтуға болады. Морфология бойынша дүние жүзі халықтарының топ - топқа бөлудің осындай қиыншылықтарына қарамастан, кейбір туыстық жағынан жақын халықтарды түбегейлі зерттеп тану үшін, оның керекті жақтары да баршылық.

Генеологиялық (қандас, туысқандық) жағынан тілді топтау бір тіл мен екінші тілдің туысқандық байланыстарын ғана көрсетіп қоймай, бір халық пен екінші халықтың арасындағы тарихи туысқандық жақындығын айқын ашып көрсететін белгілердің бірі. Тілдің генеологиялық жағынан жақындағы халықтардың шығу тегін зерттеуде этнографтарға үнемі көмекші құрал бола алады. Мысалы, орыс пен украин тілдері бір -біріне жақын болса, қазақ пен ноғайлар, қарақалпақтардың тілдері бір - біріне тіпті ұқсас және бұл халықтар бір - бірін еш қиындықсыз түсінісе алады. Ал орыс пен неміс тілдері бір -бірінен өте алшақ жатыр. Олар бір - бірінің сөздерін түсінбейді. Сондықтан да бұл халықтардың арасында генеологиялық байланыстар бар деу қиын.

Тілдердің ұқсастығына қарай, тамырының бір тектілігіне қарай дүние жүзіндегі 2000-нан астам тілдерді бірнеше тіл семьясына бөледі. Ал бір - біріне тамырластығы жақындау тілдерді «тамырлас, туыстас» тілдер деп аталса, бір -біріне тіпті жақын тілдерді кішкене бөліктерге, тармақтарға, тармақшаларға қосып жіктейді. Сөйтіп, дүние жүзіндегі халықтардың тілдері 10 үлкен тіл семьясына бөлінеді:

1. Үнді - еуропалық тіл семьясына Оңтүстік Азиядан Еуропаға дейінгі жерлерді мекендеуші халықтардың тілдері жатады. Кейінгі кездерде, әсіресе, халықаралық қарым - қатынас күшеюімен үнді - Еуропа тілінде сөйлейтін халықтар Америка, Оңтүстік Африка, Австралия мен Океания құрылықтарына көптеп таралған.

2. Семито-хамит тіл семьясында Солтүстік Африканы, Оңтүстік-батыс Азияны мекендеуші халықтар тілдері жатады.

3. Орал-Алтай тіл семьясында сөйлеушілерді угро-фин және алтай - деп екіге бөледі. Угрофин тілінде сөйлеушілер - Еділ өзенінің жоғарғы ағысын мекендеушілер және Венгрия мен Финляндия, Обь өзенінің төменгі жағына дейінгі жерлерді жайлаған халықтар.

Алтай тіл семьясындағы тілде Кіші Азияда Балқан жарты аралында, Якутинға дейінгі жерлерде тұратын халықтар сөйлейді. Анығырақ айтқанда, Орталық Азия, Еділ бойының, Оңтүстік Сібірдің кейбір халықтары осы тілде сөйлейді. Бұл тіл үш топқа бөлінеді: түрік, монғол және тунгус (тунгусманьжур) . Тунгус тілінде сөйлеуші кіші - гірім Азия халықтарына маньжурлар, эвенктер, тунгустар, нанай - гольдтер және басқа ұлт - ұлыстар жатады.

4. Қытай - тибет (сино-тибет) тілінде Шығыс, Оңтүстік - шығыс Азияның тұрғындары сөйлейді. Бұл семьяға қытай тілінен басқа да бірнеше кіші - гірім тан, мяо - яо т. б ұлыстар тілі жатады.

5. Малай -Полинезия тіл семьясында Үнді және Тынық мұхиттарындағы көптеген аралдардың, Мадагаскар мен Пасхи секілді аралдардың тұрғындары сөйлейді. Бұлардың ішіндегі ең ірі тілдің бірі - Индонезия, одан кейін Мальгаш тілдері. Меланезия, Полинезия және Микронезия тілдерінде сөйлейтін адамдар саны жағынан онша көп емес. Олардың тілдері оңтүстік -шығыс Азия халықтарының тіліне ұқсас келеді.

6. Дравид тіл семьясында Оңтүстік Үндістанның, Цейлон аралының бір бөлігінде мекендеушілер сөйлейді. Олар - тел, тамиль, каннар, малаяя және т. б.

7. Мунд тілінде (Орталық Индияны) мекендеушілер сөйлейді. Дравид пен Мунд тілдері алғашқы уақытта осы Индия жерінде пайда болған тілдер болуы тиіс.

8. Банту тіл семьясында Оңтүстік Африканың жарымынан көпшілігінде орналасқан халықтардың тілі жатады. Банту тілі Судан жерінде пайда болып, кейін сол жерден Оңтүстік Африкаға тараған болуы ықтимал.

9. Кавказ тілі Таяу Шығыста, Жерорта теңізінің төңірегіне тараған тілдердің бірі.

10. Мон -кхмер тілінде сөйлеушілер Үндіқытай, Камбудже жерін мекендейді. Кейбір тілшілер мон - кхмер тілін малая - полинезиялық тіл семьясына жатқан деседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Шетел Азиясының халықтары
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Әлем халықтарын классификациялау принциптері
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Н.А.Баскаков классификациясы. В.В.Радлов және түркология туралы
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz