Философияның пайда болуы және дамуы. Философияның басқа ғылым салаларымен байланысы


1-тақырып . Философия пәні мақсаты және қызметтері .
1. Философияның пайда болуы және дамуы.
Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия - мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.
Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды және олар осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды.
«Философия» ұғымы (грекше «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»-даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. «Философия» атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды.
- Ей, дана (софист) ! - дегендерге:
- Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын (философистпін) . Нағыз даналық Құдайға ғана тән! - деп жауап берген екен Пифагор.
2. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым - қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі.
Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз.
Дүниетаным - құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі - білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім - керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірімен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс табуға шамасы жете бермейді.
Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы іс - әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда өзіне - өзінің терең сенімі болуы - оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін көрсетеді. Наным - адамның қиялдағы шындықтың болатынына сенім білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы.
Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт - адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт - белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де бар. Ол - адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі.
Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.
Дүниетаным дегеніміз - дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым - қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры.
Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты.
Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік - саяси, аспект - бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым - қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар.
Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.
Мифологоиялық дүниетанымның негізі - қиял, ойдан шығару. Г. Гегель миф дегеніміз - адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан - жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.
Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды.
Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың «балалық» дәуірінің дүниетанымы болып табылады, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді - бейнелеу көзқарасын білдіреді.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы білімдерінің жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек қана танылмаған құбылыстар бар. Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер антикалық дәуірде пайда болған, алайда жүйелі ғылым XVII ғасырдан бастап қана қалыптаса бастады, ол адамзаттың (ойлау) даму тарихына ерекше әсер етті.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым - қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
Дүниетаным мен философияның өзара қарым - қатынасы қалай өрбіп отырады?
Біріншіден, дүниетаным аясына адамның айналадағы қоршаған ортаға танымдық қарым - қатынасының барлық тәжірибесі кіреді. Ал философия дүние құрылымының жалпы принциптері мен маңызды белгілерін зерттейді. Ол танымдық маңызы бар барлық сұрақтарға жауап іздейді. Өзінің мүмкіндігіне сүйеніп, тек жалпы дүниетанымдық маңызы бар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Осындай сұрақтың қатарына «әлем дегеніміз не?», «адам дегеніміз не?» деген сұрақтар жатады. Ал «жарықтың жылдамдығы қандай?», «судың құрылымы қандай?» деген жеке сұрақтарға физика, химия сияқты ғылымдар жауап береді.
Екіншіден, философияның ықпалымен дүниетаным ретке келіп, жинақталу мен теориялықтың жоғары сатысына көтеріледі. Сонымен қатар, ғылым тарихында болған ірі жетістіктер әлем туралы философиялық көзқарастардың өзгеріске ұшырауына әкеледі. Н. Коперниктің, Ч. Дарвиннің, А. Эйнштейннің ғылыми жаңалықтары әлемнің философиялық үлгісіне әсер еткен жетістіктер болып табылады.
Үшіншіден, өзінің мағынасы жағынан терең, ауқымды дүниетаным философиялық көзқарастардың пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Төртіншіден, философия дүниетанымның сипаты мен бағытын анықтайды. Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінің философиясы антропоцентристік болды, өйткені бұл ғасырларда адам мәселесі алдыңғы қатарға шықты.
Бесіншіден, дүниетаным мен философияны адам мәселесін әртүрлі тұрғыдан шешу қажеттігі және оның табиғаты мен болмысы туралы әртүрлі білімдерді біріктіреді, олар әртүрлі таным көздерінен алынады.
Философия жалпы және абстрактілі білім. Ол шындық қалай зерттеліп жатқандығына ерекше мән береді, оны барлық ғылымдардың негізі немесе ғылымның өзіндік санасы деуге болады. Көптеген өмірлік мәні бар сұрақтарға философия жауап береді.
3. Философияның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ - бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері : Бұл мәселенің маңыздылығы - оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта, адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.
Материя мен сана -болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ - бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы : Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу ; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма ?
Онтологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:
- Объективті идеализм
- субъективті идеализм
- материализм
- аналты материализм
- дуализм
- деизм
Гнесеологиялық жақ - ол дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба ?, таным процесінде не бірінші турады ? деген сұрақтарға жауап бере алады.
Гнесеологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:
- Гностицизм
- Агноцтстизм
- Эмпиризм инсуализм
- Рационализм
Енді олардың әрқайсына тоқталып анықтама берсек:
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағы :
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар:
Материализм Демокрит сызығы материя мен сана қатынасында материя бірінші болып табылатындығын көрсеткен философия бағыты .
Негізгі жағдайлары :
Материя нақты бар. Материя санаға тәуелсіз өмір сүреді. Материя өз бетінше субстанция болып табылады. Материя өзінің ішкі заңдылығымен дамиды, өмір сүреді. Сана рух материяның өзін өзі көрсетуінің жоғары деңгейде ұйымдасқан құрамы . Сана тәуелсіз субстанция емес. Сана материямен болымыспен анықталады.
Ерекшеліктері:
Материалистік бағыттарға Демокрит, Фалес, Анаксимандр Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро және басқа да француздық материалистері Герцек, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин . Материяның күшті жақтары ғылымға жүгіну, әсіресе нақты ғылымдарға (физика, математика, химия) Материализмнің әлсіз жағы материалық көз қарасы жағынан түсіндіруге қиын қоршаған ортаның құбылыстарының болуы, сананың мәнін жеткілікті түсіндірмеу. Материализмде ерекше бағыт анаиы материализм айрықшаланады. Оның қайраткерлері (Фохт, Молешотт) материяны физика математика, химия механика жағынан зерттейді. Материализм демократтық Грецияда, XYII Англияда XYII, ХХ СССР да тараған . Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар.
Идеализм (Плотон сызығы ) жақтастары материямен сананың қатынасында, бірінші сана (ой, рух) тұрады деген, философиядағы бағыты. Идиализмдегі жекеше бағыттар. Объективті идеализм (Плотон, Лейбниц, Гегель )
Негізгі жағдайлар :
Ой ғана нақты өмір сүреді. Ой бірінші Барлық қоршаған шындық ой әлемі мен заттар әлеміне бөлінеді. Ой әлемі алғашында әлемдік ақылда болады. Заттар әлемі материалды әлем өз бетінше өмір сүрмейді және заттар әлемінің нәтижесі болып табылады. Әрбір бірлік зат сол заттың ойының іске асуы. Таза ойдың нақты затқа айналуында үлкен рольді кереметтер жасаушы құдай ойнайды Жеке ойлар (ойлар әлемі ) біздің санамыздан бөлек объективті өмір сүреді.
Субъективті идеализм ( Беркли, Юм)
Негізгі жағдайлар барлығымен танушы субъектінің (адамның) санасында болады. Ойлар адамның ақыл есінде өмір сүреді. Материалды заттық образы да сезім арқылы адам есінде тұрады. Адам санасынан бөлек материя да рухта тіршілік етпейді.
Ерекшеліктері:
Идеализмнің әлсіз сипаты таза ойлардың бар екендігін дұрыс түсіндірмеу мен таза ойдың нақты затқа ойнамауын түсіндіре алмауы. Идеализм философиялық бағыт ретінде орта ғасырларда Плотондық Грецияда әрекет етті, қазіргі уақытта АҚШ, Германияда басқа да Батыс Еуропада кең тараған. Дуализм дейзммен қатар философияның компромистік ағымына жатса, материализммен идеализм полярлы бәсекелі басты бағыттар болып табылады. Бұның негізін Декарт қалаған.
Негізгі жағдайлар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz