Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы

Орындаған: Білісбек Д.
Қабылдаған: Адасканова Ж.

Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Педагогика тарихы ғылымының мақсаты, міндеттері, мазмұны, зерттеу әдістері мен құралдары.
Педагогика тарихы - тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.
Педагогика тарихы ғылым ретінде - тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары - әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда. Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады.
Пәннің мақсаты - жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын жетілдіруге, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т.б. игерту.
Педагогика тарихы пәнінің дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен таныстырудағы басты міндеттері:
* дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму белгілерін, жағдайлары мен алғышарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты байланысын, сонымен қатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және өткен дәуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика тарихының ұғымдарын қалыптастыру;
* әртүрлі тілді, мәдениетті халықтардың әрбір тарихи дәуірлердегі білімінің мән-жайы, мүмкіндіктері мен ауқымы, оны жүзеге асырудың жолдары мен құралдары, дәрежесі мен жағдайы, педагогикалық идеялардың өзгешеліктері мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындап, тәрбие мен оқыту мәселелерін шешудің шаралары жайлы түсініктерді нақтылап, оны толықтыруға обьективті жағдайлар жасау;
* білім берудің мақсатын, міндеттерін белгілеу мен ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана білуге және оны нақты педагогикалық дәстүрлермен ұштастырып, "адам-қоғам-табиғат" жүйесінің байланысын рухани-адамгершілік, эстетикалық, т.б. тұрғыдан түсінуге, жүйелі тарихи-педагогикалық білім, әдістемелік дағды мен іскерлікті қалыптастыру.
Тарихи-педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу әдiсi кейде дәстүрлi педагогикалық әдiс деп аталады. Бұл әдiстердi кезiнде Платон, М.Ф.Квинтилиан, Я.А.Коменский, И.Песталоцци де қолданған, қазiргi ғылымда да пайдаланылады. Педагогикалық тәжiрибелердi зерделеу, бақылау, әңгiмелесу, сауалнама жүргiзу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп құжаттарын талдау, т.б. зерттеу әдiс-тәсiлдерi iзденiс жұмыстарында қолданылады.
Байқау - жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдерiндегi мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардын араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үрдiсiндегi кемшiлiктер мен жетiстiктерiн саралап дәлелдейдi. Байқау тәсiлi өте қарапайым ұйымдастырылады. Бiрақ, оның кемшiлiгi, зерттеушiнiң тұлғалық ерекшелiгiне, көзқарасына, ынтасына, психикалық күйiне орай субъективтiк қорытынды жасалуы мүмкiн.
Әңгiмелесу - қосымша ақпараттар алуда педагог ғалымдармен, ағарту саласына еңбегi сiңген адамдармен алдын-ала күрделi мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу арқылы тиiстi жауаптар алынып, жүйеленедi. Әңгiмелесуде жауап берушiнiң ақпараттары тiкелей жазылмай, сырласу жағдайында күдiк туғызбайтындай түрде жүргiзiледi, зерттеушi материалдарды есте сақтауға тырысады.
Сұхбат - бұл зерттеудiң дербестiк және қосымша әдiсi, байқаудың жетiспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Бұл тәсiл - әлеуметтану ғылымынан педагогикаға енгiзiлген әдiс. Зерттеушi алдын-ала беретiн сұрақтарын дайындап алып, сұхбаттасқан адамға бiр жүйемен сұрақтар берiп, оның жауаптарын көзбе-көз жазып алады. Мысалы, ағарту саласымен шұғылданатын тарихшы ғалыммен педагогика тарихы жайлы мәселелер төңiрегiнде сұхбаттасқанда, сұхбатты қолма-қол қағазға түсiредi.
Сауалнама жүргiзу - материал жинауда көпшiлiкке сауалнама сұрақтары таратылып, дiттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алады. Әңгiмелесу мен сұхбат бетпе-бет ұйымдастырылса, сауалнама - сырттай берiлген сұрақтарға жазбаша жауап алатындықтан оларды математикалық әдiспен талдап қорытынды шығаруға болады.
Байқау, әңгiмелесу, сұхбаттасу, сауалнама жүргiзудiң нәтижесi берiлетiн сұрақтардың мазмұндары мен құрылымдарына байланысты болады.
Байқау объектiсiн белгiлеу мен сұрақтарды құру төмендегiдей кезеңдерден тұрады:
- байқау мен сұрақтардың мақсат және мiндеттерiн белгiлеу, сұрау объектiсiн және пәнiн, жағдайын, мүмкiндiктерiн таңдау;
- алынатын ақпараттардың бағдарын анықтау және қойылатын сұрақтардың бiрнешеуiн алдын-ала құрастыру;
- алдын-ала жасалған сұрақтарды тексерiстен өткiзу, қажеттiк туғанда оларға түзетулер енгiзу.
2. Педагогика тарихының басқа ғылым салаларымен байланысы.
Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымының мынандай салалары бар: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік - техникалық білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үрдеріс теориясы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогика ғылымының қызметтері
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Құндылық жүйе
Дидактика. Жоғары оқу орындарының және педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу құралы
Пәндер