Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация

Орындаған: Білісбек Д.
Қабылдаған: Ляпбаева Н.

Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация
Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада -- бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар -- әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым" ұғымы "әлеуметтік жүйе" ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым" түсінігі "әлеуметтік жүйе" түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады -- әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам" - бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент - осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым" ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан - мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін зерттеді. Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды.
Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды.
Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі -- билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие және билікке ие емес деп бөлумен алмастыруды ұсынады.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады.
П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт -- қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
Ал, "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере бермейді.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл - элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар табылады.
Қандай да болмасын құрылым немен сипатталады?
Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.
Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?
Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы
Әлеуметтік стратификация туралы
Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
Қоғамның әлеуметтік жіктелуі
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеу
Қоғамның әлеуметтік стратификациясы
Теңсіздік қоғамның әлеуметтік стратификация негізі
Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні
Пәндер