Әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму кезеңдері

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Кезеңдер
Кезеңдер: 1-ші кезең
: Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдардың басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тқжырымдарын іздестіре бастады. Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
Кезеңдер: 2-ші кезең
: Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.
Кезеңдер: 3-ші кезең
: ХХ ғасырдың 60-90 қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірге қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
Кезеңдер: 4-ші кезең
: Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж. ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Р/с
Кезеңдері
Р/с: 1
Кезеңдері: Теологиялық кезең
: Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады. Адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Р/с: 2
Кезеңдері: Метафизикалық кезең
: Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді. Адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.
Р/с: 3
Кезеңдері: Позитивистік кезең
:

Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезең деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм - дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады.

Позитивизм - пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм - бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.

Позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері
Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтанудың әдісі
Әлеуметтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz